Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда № 9-1-121 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.03.2018 № 233 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімінің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларының" деген сөз "мөлшерлемелерінің" деген сөзбен ауыстырылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 13.08.2015 № 347 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен айына тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Қостанай қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:

      1) "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешім (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-45, 2006 жылғы 19 мамырдағы № 54 "Қостанай" газеті);

      2) "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 321 шешім, (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-62, 2007 жылғы 19 маусымдағы № 48 "Қостанай" газеті);

      3) "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 мамырдағы № 98 шешім, (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-105, 2008 жылғы 24 маусымдағы № 48 "Қостанай" газеті).

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Сессия төрағасы, № 9
сайлау округі бойынша депутаты
С. Семенов
      Қалалық мәслихат хатшысы С. Төкенов

  Мәслихаттың
2009 жылғы 2 ақпандағы
№ 162 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2013 жылғы 15 ақпандағы
№ 112 шешіміне қосымша

Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі
бірлігінен тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 418 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 15.02.2013 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 13.08.2015 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 06.10.2015 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Салық салу объектісінің атауы

Айына тіркелген салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

ойын жолы

25

5

карт

2

6

бильярд үстелі

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады