Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 25 сәуірде № 9-1-45 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.02.02 № 162 (қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес және Қостанай қаласы бойынша салық комитетімен ұсынылған мәліметтері негізінде, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
      2. "Қостанай қаласының рыноктарында біржолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері yшін белгіленген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2002 жылғы 27 ақпандағы № 157 шешімінің (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1262, "Қостанай" газетінде 2002 жылғы 14 наурызда № 20 жарияланды) 3-қосымшасына қатысты бөлігінде 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап кyшіне енеді.

      Сессия төрағасы, № 19 сайлау
      округы бойынша депутаты
      қалалық мәслихат хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ

Мәслихаттың            
2006 жылғы 5 сәуірдегі 
№ 244 шешіміне қосымша 

Қостанай қаласында орналасқан
салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық
салығы ставкаларының көлемі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008.05.22 № 98 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

Тіркелген жиынтық
салық салу объектісі

Бір жылға айлық есептік көрсеткіштері бойынша бір объектіге тіркелген жиынтық салығының ставкасы

1

ойынды бір ойыншымен жүргізуге арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы 

10

2

ойынды бір ойыншыдан көп ойыншының
қатысуымен жүргізуге арналған
ұтысақшасыз ойын автоматы 

15

3

ойынды жүргізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

10

4

ойын жолы

500

5

карт

25

6

бильярд үстелі

120

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады