Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.05.12 № 820 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау барысында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" (тіркеу N 1403, "Рудный Алтай" газетінде 2003 жылғы 4 қазанда N 150-151, "Дидар" газетінде 2003 жылғы 4 қазанда N 94 жарияланған қаулысына, Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 660 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен енгізілген өзгерістермен (тіркеу N 5-1-5, "Рудный Алтай" газетінде 2005 жылғы 11 қазанда N 156, "Дидар" газетінде 2005 жылғы 22 қарашада N 114 жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
7 тармақ зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ереже келесі редакцияда оқылсын:
"Тегін жолдама алуға құқылы:
1) жалғыз басты немесе жалғыз тұратын қала кәсіпорындарымен байланыста жоқ, зейнетақы мөлшері жыл сайын Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленетін айлық есеп көрсеткішінің 15 есе мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер және мүгедектер;
2) аз қамтылған және көп балалы отбасыларының мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалары ата-анасының біреуінің ертіп жүруімен;
3) зейнетақы мөлшерінің шектеуінсіз әр баруға 10 адамнан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және тыл еңбеккерлері".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
Өскемен қаласының әкімі