Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.05.12 № 820 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау барысында, сондай-ақ жалғыз басты немесе жалғыз тұратын зейнеткерлерді, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының мүмкіндіктері шектеулі балаларын және мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" қаулысына ("Рудный Алтай" газетінде 2003 жылы 4 қазанда N 150-151, "Дидар" газетінде 2003 жылы 4 қазанда N 94 жарияланған, 2003 жылғы 26 қыркүйектегі тіркеу N 1403) келесі өзгертулер енгізілсін:
7 тараудың II бөлімінде "10" саны "15" санына ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.А. Байбатчинге жүктелсін.
Өскемен қаласының әкімі