Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 2406 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 9 наурызда N 5-1-29 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.05.12 № 820 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.05.12 № 820 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау барысында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" (тіркеу N 1403, "Рудный Алтай" газетінде 2003 жылғы 4 қазанда N 150-151, "Дидар" газетінде 2003 жылғы 4 қазанда N 94 жарияланған қаулысына, Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 660 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен енгізілген өзгерістермен (тіркеу N 5-1-5, "Рудный Алтай" газетінде 2005 жылғы 11 қазанда N 156, "Дидар" газетінде 2005 жылғы 22 қарашада N 114 жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
       7 тармақ зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ереже келесі редакцияда оқылсын:
      "Тегін жолдама алуға құқылы:
      1) жалғыз басты немесе жалғыз тұратын қала кәсіпорындарымен байланыста жоқ, зейнетақы мөлшері жыл сайын Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленетін айлық есеп көрсеткішінің 15 есе мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер және мүгедектер;
      2) аз қамтылған және көп балалы отбасыларының мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалары ата-анасының біреуінің ертіп жүруімен;
      3) зейнетақы мөлшерінің шектеуінсіз әр баруға 10 адамнан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және тыл еңбеккерлері".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.

      Өскемен қаласының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады