Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.02.25 N 24 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына (тіркеу N 2963, 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 39 облыстық "Орал өңірі", "Приуралье" газеттерінің сандарында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
3-тармақ келесідей мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы мемлекеттік мекемесі медициналық комиссиялардың қызметкерлеріне еңбекақы және іссапар шығыстарын төлеуді жүргізсін".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш. Ә. Өтемісовке жүктелсін.
Облыс әкімі