Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 24 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда N 3038 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі N 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.04.04 N 56 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",  "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және мемлекеттік мекемелердің атауларының өзгеруіне, сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 29 наурыздағы N 2963 тіркелген және 2006 жылғы 4 сәуірдегі облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде N 39 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшадағыға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін;
      2) 3-1 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
      "3-1. Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы мемлекеттік мекемесі медициналық комиссиялардың қызметкерлерін оқыту, сондай-ақ медициналық комиссиялар қызметкерлерінің еңбекақылары мен іссапар шығыстарын төлеуді жүргізсін.".
      2. Облыс әкімдігінің 2-қосымшадағыға сәйкес кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс департаменті мемлекеттік мекемесі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шараларды алсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                      Б. Ізмұхамбетов

2010 жылғы 25 ақпандағы
N 24 облыс әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
1-қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының құрамы

      Ғалеев Данияр Жақсылықұлы - Батыс Қазақстан облысы
                                  қорғаныс iстерi жөнiндегi
                                  департаментiнiң бастығы,
                                  комиссия төрағасы

      Церковников Сергей        - Батыс Қазақстан облысы
      Николаевич                  жұмылдыру дайындығы,
                                  азаматтық қорғаныс,
                                  авариялар мен дүлей
                                  апаттардың алдын алуды
                                  және жоюды ұйымдастыру
                                  басқармасының бастығы,
                                  төрағаның орынбасары

      Мерғалиева Маржан         - комиссия хатшысы
      Балжұманқызы

Комиссия мүшелерi:

      Лямов Ғизатолла Темірұлы  - Батыс Қазақстан облысы
                                  денсаулық сақтау басқармасы
                                  бастығының орынбасары

      Байдиев Батырбек          - Батыс Қазақстан облысы
      Идиатұлы                    қорғаныс iстерi жөнiндегi
                                  департаментi бастығының
                                  көмекшiсi (медициналық
                                  комиссияның төрағасы -
                                  дәрiгер)

      Төремұратов Бисен         - Батыс Қазақстан облысы
      Шафхатұлы                   iшкi iстер департаментi
                                  бастығының орынбасары

      Сабыров Нұрлан Меңешұлы   - Батыс Қазақстан облысы
                                  бiлiм басқармасы бастығының
                                  орынбасары

      Есенов Марат Владимирұлы  - Батыс Қазақстан облысы
                                  қорғаныс iстерi жөнiндегi
                                  департаментi бастығының
                                  орынбасары

      Бекарыстанов Тұрарбек     - Батыс Қазақстан облысы
      Жарасбайұлы                 туризм, дене шынықтыру және
                                  спорт басқармасы оқу-спорт
                                  және туризм жұмыстары
                                  жөніндегі бөлiмiнiң бастығы

Комиссияның резервтiк құрамы:

      Комиссия төрағасы         - Батыс Қазақстан облысы
                                  қорғаныс iстерi жөнiндегi
                                  департаментi бастығының
                                  орынбасары

      Төраға орынбасары         - Батыс Қазақстан облысы
                                  жұмылдыру дайындығы,
                                  азаматтық қорғаныс,
                                  авариялар мен дүлей
                                  апаттардың алдын алуды
                                  және жоюды ұйымдастыру
                                  басқармасының бөлiм бастығы

2010 жылғы 25 ақпандағы
N 24 облыс әкімдігінің
қаулысына 2–қосымша

Облыс әкімдігінің күші жойылды деп танылатын
кейбір қаулыларының тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2006 жылғы 13 қазандағы N 322 қаулысы, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2974 тіркелген, 2006 жылғы 28 қазандағы облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде N 134 санында жарияланған;
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 79 қаулысы, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2987 тіркелген, 2007 жылғы 5 мамырдағы облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде N 51 санында жарияланған;
      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 7 сәуірдегі N 105 қаулысы, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3005 тіркелген, 2008 жылғы 22 сәуірдегі облыстық "Орал өңірі" газетінде N 47 санында жарияланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады