Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 322 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 24 қазанда N 2974 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.02.25 N 24 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына (тіркеу N 2963, 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 39 облыстық "Орал өңірі", "Приуралье" газеттерінің сандарында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ келесідей мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы мемлекеттік мекемесі медициналық комиссиялардың қызметкерлеріне еңбекақы және іссапар шығыстарын төлеуді жүргізсін".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш. Ә. Өтемісовке жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады