"Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 105 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4590 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 46 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.02.11  N 46Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1322 болып тіркелді, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3099 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 08 қыркүйектегі N 521 "N 1322 болып тіркелген "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттың жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы", және нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3934 болып тіркелген, "Ресми газет" газетінде, 2005 жылғы 10 желтоқсанда N 51 (259) жарияланған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 639 "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жүргізуші куәлігі талонының үлгісі (талон) (4 қосымша).
      Талон әкімшілік жазаларды және заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды тіркеу құралы болып табылады деп белгіленсін.
      Талон алып қоюға жатпайды, оның ішінде жүргізуші куәлігін алып қою кезінде, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырған жағдайда да алынбайды.";

      N 1 қосымшадағы интегралдық микросхеманы суреттеу бөлігінің 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес N 4 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Ө.Т.Түсімов):
      1) 2007 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізуші куәлігі талонының қолданысқа енгізілуі және оларды беру тәртібі туралы халықты, сондай-ақ мүдделі министрліктерді, ведомстволарды, кәсіпорындарды, мекемелерді және ұйымдарды кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз етсін;
      2) жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірге 2009 жылғы 1 шілдеден бастап көлік жүргізушілерінде жүргізуші куәлігі талонының міндетті түрде болу талабының енгізілуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне
мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін жіберуді және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.12.13 N 484 , 2008.05.29 N 202 ,  2008.12.09 N 464 Бұйрықтарымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж. Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Ө.Т.Түсімов) жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.12.13. N 484 Бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы 15 наурыздағы
N 105 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2000 жылғы 27 қарашадағы
N 644 бұйрығына N 4 қосымша

Жүргізуші куәлігі талонның үлгісі

(Үлгіні қағаз мәтіннен қараңыз)

      Жүргізуші куәлігі талоны мынадай визуалдық элементтерден турады:
      1. иесінің қолы;
      2. талонның нөмірі;
      3. талонның қосымша функциялары үшін символдар мен ақпаратты
орналастыруға арналған орындары;
      4. магнитті жолақ;
      5. мынадай деректерден тұратын интегралдық микросхема:
      1) жүргізуші куәлігі туралы:
      сериясы және нөмірі;
      берілген күні;
      алынып қойылған күні;
      2) жүргізуші туралы:
      тегі, аты, әкесінің аты;
      туған жері және күні;
      жынысы;
      тұрғылықты жері;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      жеке басын растайтын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және берілген күні;
      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
      3) әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы:
      тәртіп бұзушылықтың түрі/коды/бабы, күні және уақыты;
      әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы хаттаманың сериясы және нөмірі;
      әкімшілік жазаның түрі;
      айыппұл мөлшері;
      әкімшілік айыппұл салған инспектордың картасының жеке сәйкестендіру нөмірі;
      айыппұл төлегені туралы нышан/белгі.
      4) көлік иесінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы (міндетті түрде сақтандыру шартының бар екенін растайтын соңғы құжаттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі);
      5) көліктің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы (міндетті техникалық байқаудан өткенін растайтын соңғы құжаттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі);
      6) жүргізуші куәлігі талоны үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған қосымша функцияларды пайдалануға
мүмкіндік беретін деректер.

О внесении дополнений и изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года № 644 "О введении новых образцов водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 марта 2007 года № 105. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 марта 2007 года № 4590. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 февраля 2009 года № 46

       Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 11.02.2009 № 46.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 января 2007 года N 6 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1997 года N 1650", ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Внести в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года N 644 "О введении новых образцов водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1322, с изменениями, внесенными приказами Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 сентября 2004 года N 521 "О внесении изменения в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года N 644 "О введении новых образцов водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства", зарегистрированный за N 1322", зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3099 и от 17 ноября 2005 года N 639 "О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года  N 644 "О введении новых образцов водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства", зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3934, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 23 декабря 2005 г. N 240-241), следующие дополнения и изменение:
      пункт 1 дополнить подпунктом 3) следующего содержания:
      "3) образец талона к водительскому удостоверению (талон) (приложение N 4).
      Установить, что талон является средством фиксации административных взысканий и иных функций в соответствии с законодательством.
      Талон не подлежит изъятию, в том числе и при изъятии водительского удостоверения, а также в случаях лишения права управления транспортным средством.";
      подпункт 4) описательной части интегральной микросхемы приложении N 1 исключить;
      дополнить приложением N 4 согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Тусумов О.Т.):
      1) обеспечить широкое информирование населения, а также заинтересованных министерств, ведомств, предприятий, учреждений и организаций о введении в действие талонов к водительскому удостоверению и порядок их выдачи с 1 августа 2007 года.
      2) провести разъяснительную работу с сотрудниками подразделений органов внутренних дел, осуществляющих надзор за дорожным движением, о введении требований обязательного наличия у водителей транспортных средств талона к водительскому удостоверению с 1 июля 2009 года.
      3) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан и обеспечить его официальное опубликование после государственной регистрации.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными приказами Министра внутренних дел РК от 13.12.2007 N 484 ; от 29.05.2008 N 202 (порядок введения в действие см. п. 4 ); от 09.12.2008 № 464 (порядок введения в действие см. п. 4 ).

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра внутренних дел генерал-майора полиции Шпекбаева А.Ж. и Комитет дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Тусумов О.Т.).
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом Министра внутренних дел РК от 13.12.2007 N 484 (порядок введения в действие см. п. 4 ).

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр

Приложение к приказу       
Министра внутренних дел    
Республики Казахстан       
от 15 марта 2007 года N 105

Приложение N 4 к приказу   
Министра внутренних дел    
Республики Казахстан       
от 27 ноября 2000 года N 644

                          Талон к водительскому удостоверению состоит из следующих
      визуальных элементов:
      1. подпись владельца;
      2. номер талона;
      3. места для размещения символов и информации для
      дополнительных функций талонов;
      4. магнитная полоса;
      5. интегральная микросхема, содержащая следующие данные:
      1) о водительском удостоверении:
      серия и номер;
      дата выдачи;
      дата изъятия;
      2) о водителе:
      фамилия, имя, отчество;
      дата и место рождения;
      пол;
      место жительства;
      регистрационный номер налогоплательщика (РНН);
      тип, серия, номер и дата выдачи документа, удостоверяющего
      личность;
      индивидуальный идентификационный номер (ИИН);
      3) об административных правонарушениях:
      вид/код/статья, дата и время совершения нарушения;
      серия и номер протокола об административном правонарушении;
      вид административного взыскания;
      сумма штрафа;
      уникальный идентификационный номер карты инспектора,
      наложившего административное взыскание/штраф;
      признак/отметка об оплате штрафа;
      4) об обязательном страховании ответственности автовладельца
      (номер, дата и срок действия документа подтверждающего
      наличие договора обязательного страхования);
      5) об обязательном прохождении технического осмотра
      транспортного средства (номер, дата и срок действия
      последнего документа, подтверждающий прохождение технического
      осмотра);
      6) позволяющие использовать другие, не запрещенные
      законодательством Республики Казахстан дополнительные функции
      для талона к водительскому удостоверению.