N 1322 болып тiркелген "Жүргiзушi куәлiгiнiң және көлiк құралдарын тiркеу туралы құжаттың жаңа үлгiлерiн енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3099. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2014 № 874 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегi N 431  қаулысына сәйкес бұйырамын:
      1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде N 1322 болып тiркелген "Жүргiзушi куәлiгiнiң және көлiк құралдарын тiркеу туралы құжаттың жаңа үлгiлерiн енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644  бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы куәлiктерiн және көлiк құралдарын тiркеу туралы құжаттарды дайындау, беру және есебiн жүргiзу процесiн автоматтандыру, сондай-ақ оларды қолдан жасаудан қорғауды күшейту мақсатында".
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiне (Ө.Т.Түсiмов) жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастан күшiне енедi.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады