Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 6 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерiнде:
      "Жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерi" деген 2-бөлiмнiң 2.1.1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "жүргізушi куәлiгiнiң талоны;".
      2. Алынып тасталды - 2009.10.26. N 1682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз, 2009.10.30. жарияланды) Қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады