Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 75 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4659 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-134-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Агенттік Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4449 тіркелген, 2006 жылғы
13 желтоқсанда "Юридическая газета" газетінде N 215 (1195) жарияланған) қаулысы өзінің күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға мәлімет үшін жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Г.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен 
қадағалау агенттігі  
Басқармасының     
      2007 жылғы 30 наурыз 
N 75 қаулысымен бекітілген
 

       Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды
бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесі

      1. Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ уәкілетті органның шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент ұйымының немесе осы акционерлік қоғамның бастамасымен немесе базалық активі осы акционерлік қоғамның орналастырылатын акциялары болып табылатын акционерлік қоғамның қатысуымен шығарылатын туынды бағалы қағаздарды шығаруға рұқсат беру талаптары мен тәртібін белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар рыногында базалық активі аталған ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы сатуды жоспарлап отырған тұлға (бұдан әрі - эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысы) тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға еркін нысанда жасалған хабарламаны мыналарды көрсете отырып береді:
      1) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жоспарланып отырған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы;
      2) шығару жоспарланып отырған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары туралы мәліметтер (осындай шешімді қабылдауға уәкілетті Қазақстан Республикасының резидент ұйымы органы белгілеген оның түрлері, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, хабарламаларды берердің алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында осы эмиссиялық бағалы қағаздарға қойылған баға);
      3) базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздарды шығару жоспарланып отырғандығы туралы мәліметтер (мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылымы, валюта шығарылымы, шығарылым андеррайтерлер және шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысы хабарлауы қажет деп есептелетін өзге де қомақты талаптары жоспарланып отырған түрлері, шығарылым мерзімі).

      3. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген хабарламаға мыналар қоса беріледі:
      1) базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымы туралы мәліметтер;
      2) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесінде не номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесі, шығару туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымы үшін жоспарланған базалық актив болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы;
      3) базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымының талаптарын анықтайтын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариатта куәландырылған қосымшасы қоса берілген құжат көшірмесі (егер эмиссиялық бағалы қағаздары депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын  Қазақстан Республикасының резидент ұйымы осының алдында осы құжатты уәкілетті органға бермеген болса).

      4. Уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға осы хабарламаны алған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымы туралы хабарламаларды қарау қорытындысы туралы хат жібереді.

      5. Бағалы қағаздарды ұстаушы осы хабарламаны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымының талаптарын анықтайтын қосылу туралы құжатқа қол қойған күннен бастап уәкілетті органға осы қосылу туралы құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған көшірмесімен қоса береді.
       5-1. Акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активі осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру осы акциялар өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.12.29 N 231 Қаулысымен.
      5-2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдауды өткізгенде, осы банктің бастамасы немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активтері болып осы банктің акциялары табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасы тізімінің «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторына осы акцияларды енгізгенде де мүмкін болады.
      Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2010.03.01 N 18 Қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы болып табылатын акционерлік қоғамның бастамасымен немесе қатысуы арқылы шығарылатын және базалық активі осы акционерлік қоғамның орналастырылатын акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекет аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін тиісті шешім қабылданғаннан кейін қырық бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) акционерлік қоғамның бастамасымен немесе қатысуы арқылы шығарылатын және базалық активі акционерлік қоғамның еркін нысанда жасалған орналастырылатын акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің аумағында орналастыруға рұқсат беру туралы өтінішті;
      2) аумағында орналастыру жүзеге асырылған мемлекетті көрсете отырып, шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы акцияларды орналастыру туралы акционерлік қоғам органы шешімінің көшірмесін, орналастырылған акциялар туралы мәліметтерді (осындай шешімді қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғамның органы белгілеген ұлттық бірегейлендіру нөмірі, тіркеуші орган атауы, жарияланған акциялар шығарылымын тіркеу күні, айы, жылы), туынды бағалы қағаздар туралы мәліметтерді (акционерлік қоғам хабарлауы қажет деп есептелетін орналастыру түрі, кезеңі, шығарылым валютасы, шығарылым андеррайтері және шығарылым мен орналастырудың өзге де мәнді талаптары), сондай-ақ»"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 22-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасының үшінші абзацымен көзделген талапты;
      3) осы Ереженің 5-1-тармағында көзделген талаптың орындалуын растайтын құжатты;
      4) акцияларды орналастыру туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесінде акционерлік қоғам үшін ашылған жек шоттың жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамалығын.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.12.29 N 231 Қаулысымен.

      7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам базалық активі оның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар шығарылымының талаптарын анықтайтын құжатқа қол қойылған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға нотариатта куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аударымын қосып, осы құжаттың көшірмесін береді.

      8. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы акцияларды орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органға оларды орналастыру қорытындысы туралы есепті Заңның 24-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес ұсынады.

      9. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздар шығарылымына рұқсат алу үшін осы ұйым уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес осының алдында шығарған және басқа елдердің қор биржаларының (қор биржасының атауы, листинг санаты) сауда-саттық алаңдарындағы шығарылған туынды бағалы қағаздардың айналысы туралы мәліметтерді көрсетіп, еркін нысанда жасалған туынды бағалы қағаздар шығарылымына рұқсат беру туралы еркін нысандағы өтінішті;
      2) туынды бағалы қағаздарды шығару, шығарылым валютасы, шығарылымның болжалданатын көлемі, туынды бағалы қағаздардың саны және түрі, бағалы қағаздарды ұстаушылардың номиналды құны (бар болса), құқықтары және Қазақстан Республикасының резидент ұйымы хабарлау қажет деп есептейтін шығарылымның басқа да маңызды талаптары заңнамаға сәйкес жоспарланатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының, мемлекеттің толық атауын көрсете отырып, мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздар шығарылымы туралы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының органы шешімінің көшірмесін;
      3) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы осының алдында шығарған эмиссиялық бағалы қағаздарын растайтын Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген құжаттар көшірмесін.

      10. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы бойынша уәкілетті органға орналастыру қорытындысы туралы есепті осы ұйым Заңның 24-бабымен белгіленген талаптарына сәйкес ұсынады.
      Туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есеп Қазақстан Республикасының резидент ұйымының толық атауын,  шығарылған туынды бағалы қағаздардың санын және түрін, шығарылымның көлемі мен валютасын, ол шығарылымды тіркеу туралы, оларды орналастыру талаптары туралы мәліметтерді көрсетіп, еркін нысанда жасалады. Туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепке туынды бағалы қағаздарды орналастыру құқығын растауды жүзеге асыратын есептік ұйымды көрсете отырып, туынды бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімі беріледі.

      11. Осы Ереженің 6 және 9 тармақтарына сәйкес ұсынылатын өтініш пен құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап   он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы тиісті рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент ұйымына осы Ереженің 1,2-қосымшаларының нысандары бойынша рұқсат береді.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент ұйымына Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамалары талаптары орындалмаған жағдайда бас тарту негіздемесін көрсете отырып, рұқсат бермейді.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 170 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы егер осы Ережемен олардың көшірмелерін (көшірмеге бірінші басшы не оның орнындағы адам қолын қояды және мөрдің бедерімен расталады) ұсыну белгіленбеген болса, құжаттардың түпнұсқаларын береді. Құжатта парақтар көп болған жағдайда әрбір парақ не құжат тігіс түйініне ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен тігіледі және бекітіледі. Бірінші басшы не оның орнындағы адамның қойған қолы және мөрдің бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына қойылады.

                                    Депозитарлық қолхаттарды немесе
                               базалық активі Қазақстан Республикасы
                                   резидент ұйымдарының эмиссиялық
                               бағалы қағаздары болып табылатын өзге
                                 де бағалы қағаздарды шығару жөнінде
                              хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды
                                орналастыру қорытындылары жөніндегі
                                     есепті беру, шет мемлекеттің
                                  заңнамасына сәйкес туынды бағалы
                             қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет
                                 аумағында туынды бағалы қағаздарды
                                      орналастыруға рұқсат беру
                                       ережесінің 1-қосымшасы

    Базалық активі осы акционерлік қоғамның орналастырылатын
        акциялары болып табылатын акционерлік қоғамның
    бастамасымен немесе қатысуымен шығарылатын туынды
           бағалы қағаздарды шет мемлекет аумағында
                  орналастыруға рұқсат беру
____________________________________________________________________
                     (уәкілетті органның атауы)

Қазақстан Республикасының резидент ұйымына
____________________________________________________________________
       (толық атауы, мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің)
                  тұратын жері, күні және нөмірі
базалық активі мыналар болып табылатын:
1) акциялар түрі __________________________________________________;
2) акциялар шығарылымы тіркелді ____________________________________
мынадай ___________________________________________________ аумақта
                     (шет мемлекет атауы)
____________________________________________________________________
                 (туынды бағалы қағаздар атауы)
____________________________________________________________________
        (тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, айы, жылы)
___________________________________________________________________;
3) ___________________________________ ұлттық бірегейлендіру нөмірі

орналастыруға рұқсат береді.

Уәкілетті орган басшысы
(басшының орынбасары)                            (қолы)

                                   Депозитарлық қолхаттарды немесе
                               базалық активі Қазақстан Республикасы
                                   резидент ұйымдарының эмиссиялық
                               бағалы қағаздары болып табылатын өзге
                                де бағалы қағаздарды шығару жөнінде
                              хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды
                                орналастыру қорытындылары жөніндегі
                                    есепті беру, шет мемлекеттің
                                  заңнамасына сәйкес туынды бағалы
                             қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет
                                аумағында туынды бағалы қағаздарды
                                     орналастыруға рұқсат беру
                                       ережесінің 2-қосымшасы

       Қазақстан Республикасы резидент ұйымына шет мемлекеттің
         заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға
                              рұқсат беру
____________________________________________________________________
                   (уәкілетті органның атауы)

Қазақстан Республикасының резидент ұйымына
____________________________________________________________________
    (толық атауы, мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің)
               тұратын жері, күні және нөмірі
________________________________________________ заңнамасына сәйкес
                   (мемлекет атауы)
саны _____________ құны  _________________ (аталған параметрлерді
анықтау мүмкін болған жағдайда көрсетіледі)
______________________________________________________ шығарылымын
              (туынды бағалы қағаздар атауы)
шығаруға рұқсат береді.

Уәкілетті орган басшысы
(басшының орынбасары)                       (қолы)

Об утверждении Правил уведомления о выпуске депозитарных расписок или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги организаций-резидентов Республики Казахстан, представления отчета об итогах размещения производных ценных бумаг, выдачи разрешения на выпуск производных ценных бумаг в соответствии с законодательством иностранного государства или размещение производных ценных бумаг на территории иностранного государства

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 марта 2007 года № 75. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 мая 2007 года № 4659. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 70

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.02.2012 № 70 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого его официального опубликования).

      В соответствии со статьями 22-134 Закона Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила уведомления о выпуске депозитарных расписок или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги организаций-резидентов Республики Казахстан, представления отчета об итогах размещения производных ценных бумаг, выдачи разрешения на выпуск производных ценных бумаг в соответствии с законодательством иностранного государства или размещение производных ценных бумаг на территории иностранного государства.

      2. Со дня введения в действие настоящего постановления признать утратившим силу постановление Правления Агентства от 23 сентября 2006 года N 214 "Об утверждении Правил уведомления о выпуске депозитарных расписок или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги эмитентов-резидентов Республики Казахстан, представления отчета об итогах их размещения, а также выдачи разрешения на выпуск или размещение производных ценных бумаг на территории иностранного государства" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4449, опубликованное 13 декабря 2006 года в газете "Юридическая газета" N 215(1195)).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц в форме ассоциации "Ассоциация финансистов Казахстана", организатора торгов.

      5. Отделу международных отношений и связей с общественностью принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Узбекова Г.Н.

      Председатель

Утверждены                    
постановлением Правления      
Агентства Республики Казахстан
по регулированию и надзору    
финансового рынка             
и финансовых организаций      
от 30 марта 2007 года N 75    

Правила
уведомления о выпуске депозитарных расписок
или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются
эмиссионные ценные бумаги организаций-резидентов
Республики Казахстан, представления отчета
об итогах размещения производных ценных бумаг,
выдачи разрешения на выпуск производных ценных бумаг
в соответствии с законодательством иностранного государства
или размещение производных ценных бумаг на
территории иностранного государства

      1. Настоящие Правила устанавливают порядок уведомления уполномоченного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) о выпуске депозитарных расписок или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги организаций-резидентов Республики Казахстан, представления отчета об итогах размещения производных ценных бумаг, а также условия и порядок выдачи уполномоченным органом разрешения на выпуск организацией-резидентом Республики Казахстан производных ценных бумаг в соответствии с законодательством иностранного государства или размещение организацией-резидентом Республики Казахстан на территории иностранного государства производных ценных бумаг, выпускаемых по инициативе или при участии акционерного общества и базовым активом которых являются размещаемые акции этого акционерного общества.

      2. Лицо, планирующее реализовать на вторичном рынке ценных бумаг ценные бумаги организации-резидента Республики Казахстан посредством выпуска и размещения депозитарных расписок или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги указанной организации, (далее - держатель эмиссионных ценных бумаг) в течение тридцати календарных дней после принятия соответствующего решения представляет в уполномоченный орган уведомление, составленное в произвольной форме с указанием:
      1) наименования организации-резидента Республики Казахстан, эмиссионные ценные бумаги которого являются базовым активом планируемых к выпуску депозитарных расписок или иных ценных бумаг;
      2) сведений об эмиссионных ценных бумагах организации-резидента Республики Казахстан, которые являются базовым активом планируемых к выпуску депозитарных расписок или иных ценных бумаг (вида, национального идентификационного номера, количества, цены, сложившейся на данные эмиссионные ценные бумаги на организованном рынке ценных бумаг по состоянию на конец месяца, предшествующего представлению уведомления);
      3) сведений о планируемых к выпуску депозитарных расписках или иных ценных бумагах, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги организации-резидента Республики Казахстан (вида, сроков выпуска, государства, в соответствии с законодательством которого планируется выпуск, валюты выпуска, андеррайтеров выпуска и иных существенных условий выпуска, которые считает необходимым сообщить держатель эмиссионных ценных бумаг).

      3. К уведомлению, указанному в пункте 2 настоящих Правил, прилагаются:
      1) копия решения органа держателя эмиссионных ценных бумаг о выпуске депозитарных расписок или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги организации-резидента Республики Казахстан;
      2) выписка с лицевого счета держателя эмиссионных ценных бумаг, открытого в системе реестров держателей ценных бумаг либо системе учета номинального держания, о наличии эмиссионных ценных бумаг, которые будут являться базовым активом планируемых к выпуску депозитарных расписок или иных ценных бумаг, по состоянию на дату принятия решения о выпуске;
      3) копия документа, определяющего условия выпуска депозитарных расписок или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги организации-резидента Республики Казахстан, с приложением нотариально засвидетельствованного перевода на государственный и русский языки (если ранее данный документ не был представлен в уполномоченный орган организацией-резидентом Республики Казахстан, эмиссионные ценные бумаги которой являются базовым активом депозитарных расписок или иных ценных бумаг).

      4. Уполномоченный орган направляет держателю эмиссионных ценных бумаг письмо о результатах рассмотрения уведомления о выпуске депозитарных расписок или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги организации-резидента Республики Казахстан, в течение четырнадцати календарных дней с даты получения данного уведомления.

      5. Держатель эмиссионных ценных бумаг в течение пятнадцати календарных дней с даты подписания им документа о присоединении к документу, определяющему условия выпуска депозитарных расписок или иных ценных бумаг, базовым активом которых являются эмиссионные ценные бумаги организации-резидента Республики Казахстан, представляет в уполномоченный орган копию данного документа о присоединении с приложением нотариально засвидетельствованного перевода на государственный и русский языки.
      5-1. Размещение производных ценных бумаг, выпускаемых по инициативе или при участии акционерного общества и базовым активом которых являются акции этого акционерного общества, осуществляется при условии включения данных акций в первую категорию сектора «акции» официального списка фондовой биржи, осуществляющей деятельность на территории Республики Казахстан.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 5-1 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29.12.2009 N 231 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      5-2. При проведении банком реструктуризации в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", размещение производных ценных бумаг, выпускаемых по инициативе или при участии данного банка и базовым активом которых являются акции данного банка, возможно также при включении данных акций в сектор "Нелистинговые ценные бумаги" списка фондовой биржи, осуществляющей деятельность на территории Республики Казахстан.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 5-2 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 01.03.2010 № 18 (порядок введения в действие см. п. 4).

      6. Акционерное общество, являющееся организацией-резидентом Республики Казахстан, для получения разрешения на размещение на территории иностранного государства производных ценных бумаг, выпускаемых по его инициативе или при его участии и базовым активом которых являются размещаемые акции этого акционерного общества, в течение сорока пяти календарных дней после принятия соответствующего решения представляет в уполномоченный орган следующие документы:
      1) заявление о выдаче разрешения на размещение на территории иностранного государства производных ценных бумаг, выпускаемых по инициативе или при участии акционерного общества и базовым активом которых являются размещаемые акции этого акционерного общества, составленное в произвольной форме;
      2) копию решения органа акционерного общества о размещении акций посредством размещения на территории иностранного государства производных ценных бумаг с указанием государства, на территории которого будет осуществлено размещение, сведений о размещаемых акциях (национального идентификационного номера, количества и цены размещения акций, установленной органом акционерного общества, уполномоченным на принятие такого решения, наименования регистрирующего органа, даты, месяца, года регистрации выпуска объявленных акций), сведений о производных ценных бумагах (вида, периода размещения, валюты выпуска, андеррайтеров выпуска и иных существенных условий выпуска и размещения, которые считает необходимым сообщить акционерное общество), а также условия, предусмотренного абзацем третьим подпункта 4) пункта 1 статьи 22-1 Закона Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" (далее - Закон);
      3) документ, подтверждающий выполнение условия, предусмотренного пунктом 5-1 настоящих Правил;
       Сноска. Подпункт 3 в редакции постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29.12.2009 N 231 (порядок введения в действие см. п. 3 ).
      4) справку регистратора о состоянии лицевого счета, открытого акционерному обществу в системе реестров держателей ценных бумаг, по которому осуществляется учет не размещенных эмиссионных ценных бумаг, по состоянию на дату принятия решения о размещении акций.

      7. Акционерное общество, указанное в пункте 6 настоящих Правил, в течение пятнадцати календарных дней с даты подписания документа, определяющего условия выпуска производных ценных бумаг, базовым активом которых являются его акции, представляет в уполномоченный орган копию такого документа с приложением нотариально засвидетельствованного перевода на государственный и русский языки.

      8. При размещении акций посредством размещения производных ценных бумаг на территории иностранного государства организация-резидент Республики Казахстан представляет в уполномоченный орган отчет об итогах их размещения в соответствии с требованиями, установленными статьей 24 Закона.

      9. Для получения разрешения на выпуск организацией-резидентом Республики Казахстан производных ценных бумаг в соответствии с законодательством иностранного государства данная организация представляет в уполномоченный орган следующие документы:
      1) заявление о выдаче разрешения на выпуск производных ценных бумаг в соответствии с законодательством иностранного государства, составленное в произвольной форме, с указанием сведений об обращении ранее выпущенных производных ценных бумаг на торговых площадках фондовых бирж в стране их выпуска и других странах (наименование фондовой биржи, категория листинга);
      2) копию решения органа организации-резидента Республики Казахстан о выпуске производных ценных бумаг в соответствии с законодательством иностранного государства с указанием полного наименования организации-резидента Республики Казахстан, государства, в соответствии с законодательством которого планируется выпуск, валюты выпуска, предполагаемого объема выпуска, количества и вида производных ценных бумаг, номинальной стоимости (при наличии), прав держателей производных ценных бумаг и иных существенных условий выпуска, которые считает необходимым сообщить организация-резидент Республики Казахстан;
      3) копию документа, подтверждающего, что эмиссионные ценные бумаги, ранее выпущенные организацией-резидентом Республики Казахстан, включены в список фондовой биржи, осуществляющей деятельность на территории Республики Казахстан.

      10. По результатам размещения производных ценных бумаг, выпущенных организацией-резидентом Республики Казахстан в соответствии с законодательством иностранного государства, данная организация представляет в уполномоченный орган отчет об итогах их размещения в соответствии с требованиями, установленными статьей 24 Закона.
      Отчет об итогах размещения производных ценных бумаг составляется в произвольной форме с указанием полного наименования организации-резидента Республики Казахстан, количества и вида выпущенных производных ценных бумаг, объема и валюты выпуска, сведений о регистрации их выпуска, условий их размещения. К отчету об итогах размещения производных ценных бумаг представляется список держателей производных ценных бумаг с указанием учетной организации, осуществляющей подтверждение прав на размещенные производные ценные бумаги.

      11. Заявление и документы, представляемые в соответствии с пунктами 6 и 9 настоящих Правил, рассматриваются уполномоченным органом в течение пятнадцати календарных дней с даты их представления. По результатам рассмотрения документов, представленных организацией-резидентом Республики Казахстан для получения соответствующего разрешения, уполномоченный орган выдает организации-резиденту Республики Казахстан разрешение по формам согласно приложениям 1 2 к настоящим Правилам.
      Уполномоченный орган отказывает организации-резиденту Республики Казахстан в выдаче разрешения в случае невыполнения требований законодательства Республики Казахстан об акционерных обществах и рынке ценных бумаг с указанием оснований отказа.
      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 июня 2007 года N 170 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос. регистрации в Министерстве юстиции РК).

      12. Организация-резидент Республики Казахстан представляет оригиналы документов, если настоящими Правилами не установлено представление их копий (копии заверяются подписью первого руководителя либо лица его замещающего и оттиском печати). При множественности листов в документе заверяется каждый лист либо документ прошивается и скрепляется бумажной пломбой, наклеенной на узел прошивки и частично на лист. Подпись первого руководителя либо лица его замещающего и оттиск печати наносятся частично на бумажную пломбу, частично на лист документа.

Приложение 1                           
к Правилам уведомления о выпуске       
депозитарных расписок или иных ценных  
бумаг, базовым активом которых являются
эмиссионные ценные бумаги организаций- 
резидентов Республики Казахстан,       
представления отчета об итогах         
размещения производных ценных бумаг,   
выдачи разрешения на выпуск            
производных ценных бумаг в соответствии
с законодательством иностранного       
государства или размещение производных 
ценных бумаг на территории иностранного
государства                            

Разрешение
на размещение на территории иностранного государства
производных ценных бумаг, выпускаемых по инициативе или
при участии акционерного общества и базовым активом которых
являются размещаемые акции этого акционерного общества

___________________________________________________________________
                (наименование уполномоченного органа)
разрешает организации-резиденту Республики Казахстан
___________________________________________________________________
(полное наименование, место нахождения, дата и номер
                      государственной регистрации (перерегистрации)
размещение на территории _________________________________________:
                           (наименование иностранного государства)
__________________________________________________________________,
               (наименование производных ценных бумаг)
базовым активом которых являются:
1) вид акций _____________________________________________________;
2) выпуск акций зарегистрирован____________________________________
__________________________________________________________________;
(наименование регистрирующего органа, дата, месяц, год регистрации)
3) национальный идентификационный номер __________________________.

Руководитель
(заместитель руководителя)
уполномоченного органа                              (подпись)

Приложение 2                           
к Правилам уведомления о выпуске       
депозитарных расписок или иных ценных  
бумаг, базовым активом которых являются
эмиссионные ценные бумаги организаций- 
резидентов Республики Казахстан,       
представления отчета об итогах         
размещения производных ценных бумаг,   
выдачи разрешения на выпуск            
производных ценных бумаг в соответствии
с законодательством иностранного       
государства или размещение производных 
ценных бумаг на территории иностранного
государства                            

Разрешение
на выпуск организацией-резидентом Республики Казахстан
производных ценных бумаг в соответствии с законодательством
иностранного государства

___________________________________________________________________
            (наименование уполномоченного органа)
разрешает организации-резиденту Республики Казахстан
___________________________________________________________________
      (полное наименование, место нахождения, дата и номер
         государственной регистрации (перерегистрации)
выпуск ____________________________________________________________
           (наименование производной ценной бумаги)
в соответствии с законодательством_________________________________
                                       (наименование государства)
в количестве _________________ стоимостью _________________________
(указывается в случае возможности определения данных параметров).

Руководитель
(заместитель руководителя)
уполномоченного органа                             (подпись)