Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қортындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 75 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 170 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 30 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4836 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Уәкілетті органның Қазақстан Республикасы резидент ұйымының шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резидент ұйымының шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға тиісті рұқсат алу үшін берген құжаттарын қарау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының»"Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4659 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесінде:

      11-тармақтың бірінші абзацындағы "отыз" деген сөз "он бес" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады