Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 214 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4449 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының 2007.03.30. N 75 бұйрығымен. V074659

     Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының 2007.03.30.  N 75  бұйрығымен. 

     "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  22-1,  34-баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 30-шілдедегі  N 271  қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3833 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 30-шілдедегі N 271 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17-маусымдағы  N 130  қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4309 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға мәлімет үшін жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының         
2006 жылғы 23 қыркүйектегі 
N 214 қаулысымен бекітілген 

  Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі
Қазақстан Республикасы резиденттері эмитенттерінің
эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де
бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету,
оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті
беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды
бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға
рұқсат беру ережесі

      1. Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттері эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды (бұдан әрі - депозитарлық қолхаттар немесе өзге де бағалы қағаздар) шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру тәртібін, сондай-ақ уәкілетті органның шет мемлекеттің заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру шарттарын және тәртібін белгілейді.

      2. Эмитент не базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттері эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығаруды жоспарлаған өзге тұлға эмитент органы шығарылым туралы шешімді қабылдағаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға мыналар көрсетілген еркін нысанда жасалған хабарламаны жібереді:
      1) эмиссиялық бағалы қағаздары депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығаруға жоспарланған базалық актив болып табылатын Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің атауы;
      2) депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығаруға жоспарланып отырған базалық актив болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәліметтер (эмитенттің осындай шешімді қабылдауға уәкілетті органы белгілеген орналастыру түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, номиналдық құны немесе бағасы);
      3) депозитарлық қолхаттар немесе өзге де бағалы қағаздар туралы мәліметтер (шығарылатын бағалы қағаздардың түрлері, болжалды сан не базалық актив болып табылатын бағалы қағаздардың санына депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың санына болжалды қатысы, шығарылым мерзімі, шығарған ел, шығарылым валютасы, болжалданған шығарылым сомасы, шығарылым андеррайтерлері немесе эмитент хабарлау қажет деп тауып отырған депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығарудың өзге де маңызды талаптары). Жоғарыда аталған хабарламаға мыналар қоса беріледі:
      эмитент органының депозитарлық қолхаттарының немесе өзге де бағалы қағаздардың шығарылымы туралы шешімінің көшірмесі;
      мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармалары нотариатта куәландырылған қосымшалары бар депозитарлық қолхаттар немесе өзге де бағалы қағаздар шығарылымдарының талаптарын анықтайтын құжат көшірмесі (егер шығарылым шет мемлекет заңнамасына сәйкес жасалатын болса).

      3. Депозитарлық қолхаттар немесе өзге де бағалы қағаздар шығарылымы туралы хабарламаларды қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган он төрт күнтізбелік күн ішінде эмитентке осы хабарламаның мәлімет үшін қабылданғаны туралы хат жібереді.

      4. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының бағалы қағаздарын орналастыру базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекет аумағында шығаруға және орналастыруға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін депозитарлық қолхаттар шығарылымының бастамашысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының бағалы қағаздарын ұстаушы (бұдан әрі - бастамашы) тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру туралы өтінішті;
      2) шығару жоспарланып отырған туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздар туралы мәліметтерді көрсете отырып, туынды бағалы қағаздарды шығару және орналастыру туралы бастамашы органның шешімдерінің көшірмелері (шығарылымы жоспарланып отырған туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны), туынды бағалы қағаздар туралы мәліметтер (шығарылатын бағалы қағаздардың түрлері, болжалды сан не базалық актив болып табылатын бағалы қағаздардың санына депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың санының болжалды қатысты шығарылым мерзімі, шығарған ел, шығарылым валютасы, болжалданған шығарылым сомасы, шығарылым андеррайтерлері немесе эмитент хабарлау қажет деп тауып отырған депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығарудың өзге де маңызды талаптары);
      3) туынды бағалы қағаздар шығарылымы туралы шешім қабылдау күніне туынды бағалы қағаздар шығарылымын жоспарлаудың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың болуы туралы жеке шоттан үзінді көшірме;
      4) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариатта куәландырылған қосымшасы қоса берілген депозитарлық қолхаттар мен өзге бағалы қағаздар шығарылымының талаптарын анықтайтын құжат көшірмесі (егер шығарылым шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылатын болса);
      5) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  22-1-бабының  1-тармағының 1-тармақшасында көзделген талаптарды орындауды растайтын құжаттар.

      5. Акция эмитенті не андеррайтер болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымы тиісті шешім қабылданған соң бес күнтізбелік күн мерзім ішінде шет мемлекет аумағында депозитарлық қолхаттарды шығару және орналастыру арқылы акцияларды орналастыруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
      1) шет мемлекет аумағында акцияларды орналастыру үшін депозитарлық қолхатты шығару және орналастыру арқылы еркін нысанда жасалған рұқсат беру туралы өтініш;
      2) аумағында орналастыру жүзеге асырылатын мемлекет көрсетілген эмитент органының орналастыру туралы шешімінің көшірмесі, орналастырылатын акциялар туралы мәліметтер (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, акцияларды орналастыру бағасы, осындай шешімді қабылдауға уәкілетті өзге орган не эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы белгілеген депозитарлық қолхат шығарылымы жоспарлаған базалық актив болып табылатын, болатын акциялардың орналастыру бағасы), депозитарлық қолхаттар туралы мәліметтер (шығарылатын бағалы қағаздың түрі, болжалды сан не депозитарлық қолхаттардың болжалды саны не депозитарлық қолхаттар санының базалық активке қатысы, шығарылым мерзімі, шығарған ел, шығарылым валютасы, болжалданған шығарылым сомасы, шығарылым андеррайтерлері немесе эмитент хабарлау қажет деп тауып отырған депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығарудың өзге де маңызды талаптары);
      3) мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариатта куәландырылған аударма қосымшасы бар депозитарлық қолхаттар мен өзге бағалы қағаздар шығарылымының талаптарын анықтайтын құжат көшірмесі (егер шығарылым шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалса);
      4) орналастыруға рұқсат алу үшін осы Ереженің 5-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  22-1-бабының  1-тармағының 4) тармақшасында, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  16-бабында  көзделген (артықшылықты сатып алу құқығы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған акцияларды сатып алу мүмкіндігі туралы немесе артықшылықты сату-алу туралы хабарлама көшірмесі) талаптарының орындалғандығын растайтын құжаттар ұсынылады.

      6. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы егер осы Ережемен құжаттардың көшірмелерін (көшірмелер бірінші басшының қолымен және мөрдің бедерлемесімен расталады) беру белгіленбеген болса құжаттардың түпнұсқаларын береді. Құжатта парақ көп болған жағдайда әр беті расталады не құжат тігіледі және тігінді жиегіне ішінара параққа жапсырылған қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының қолы және мөр бедерлемесі ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына жасалады.

      7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының рұқсат алу үшін берген құжаттарын уәкілетті орган олар берген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда құжаттарды қарау мерзімі жаңаланады.

      8. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы берген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша рұқсат алу үшін уәкілетті орган рұқсатты Қазақстан Республикасының резидент ұйымына осы Ереженің 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша береді.

      9. Туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру жөніндегі шешімді уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.

      10. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент ұйымынан егер ол Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамалық талаптарын орындамаған жағдайында бас тартады.

      11. Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитент немесе өзге тұлға орналастыру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде уәкілетті органға еркін нысанда жасалған және шығарылым жасаған және орналастырған ел, шығарылым валютасын, шығарылым сомасын, шығарылым андеррайтерлері туралы ақпараты бар, базалық активі жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге бағалы қағаздарға құқығын растауды жүзеге асыратын есептеу ұйымының бірегейлендіру кодтарын, орналастыру сәтіндегі шығарылған бағалы қағаздардың санын және бағасын, депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімін береді.

      12. Эмитент акцияларды шет мемлекет аумағында депозитарлық қолхаттарды шығару немесе орналастыру арқылы орналастыру кезінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңының  24-бабында  белгіленген талаптарға сәйкес оларды орналастыру қорытындысы туралы есеп береді.

      13. Депозитарлық қолхаттарды шығару немесе орналастыру қорытындысы туралы есепті уәкілетті орган ол ұсынылған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн аралығында қарайды. Уәкілетті орган осы есепті қарау қорытындысы бойынша осы есепті берген тұлғаға осы Ереженің 11-тармағына сай, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәлімет ретінде қабылданғаны туралы хабарламаны жібереді.

      14. Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге бағалы қағаздарды шығару немесе орналастыру қорытындысы туралы есепте сәйкессіздіктер анықталған жағдайда осы Ереженің 11-тармағында көзделген талаптар бойынша уәкілетті орган эмитентті не есепті берген өзге тұлғаны хабардар етеді, ал ол хабарламаны алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей өңделген есепті уәкілетті органға ұсынады.

                                  Депозитарлық қолхаттарды
                                    немесе базалық активі
                                    Қазақстан Республикасы
                                 резиденттері эмитенттерінің
                                  эмиссиялық бағалы қағаздары 
                                 болып табылатын өзге де бағалы
                                қағаздарды шығару жөнінде хабардар
                              ету, оларды орналастыру қорытындылары
                              жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет
                              мемлекеттің аумағында туынды бағалы
                                    қағаздарды шығаруға немесе
                                    орналастыруға рұқсат беру
                                    ережесінің 1-қосымшасы

                                     ______________________________
                                           (эмитенттің атауы)

       Базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттері
   эмитенттерінің орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздары
      болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шығаруға және
                     орналастыруға берілген
                          Рұқсат

______________________________________________________________
                    (уәкілетті органның атауы) _______________________________________базалық активі мыналар болып

табылатын мынадай туынды____________________________________________
(түрі) бағалы қағаздар түрлерін шығаруға рұқсат береді:

бағалы қағаздар түрі

  

бағалы қағаздар эмитенттерінің атауы және тұрақты орны

  

тіркеуші орган атауы, тіркеу күні, айы, жылы

  

ұлттық бірегейлендіру нөмірі

  

бағалы қағаздар саны

  

_________________________________________________заңнамасына сәйкес
                  (мемлекет атауы)
______________________________________аумақта.
            (мемлекет атауы)

уәкілетті органның басшысы
(басшының орынбасары)                             (қолы)

                                    Қазақстан Республикасы
                                 резиденттері эмитенттерінің
                                  эмиссиялық бағалы қағаздары 
                                 болып табылатын өзге де бағалы
                                қағаздарды шығару жөнінде хабардар
                              ету, оларды орналастыру қорытындылары
                              жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет
                              мемлекеттің аумағында туынды бағалы
                                    қағаздарды шығаруға немесе
                                    орналастыруға рұқсат беру
                                    ережесінің 2-қосымшасы

                                     ______________________________
                                           (эмитенттің атауы)

         Шет мемлекет аумағында Қазақстан Республикасының
    резидент ұйымына депозитарлық қолхаттарды шығаруға және
                    орналастыруға берілген
                           Рұқсат

____________________________________________________________________
                   (уәкілетті органның атауы)
Қазақстан Республикасының резидент ұйымына 
____________________________________________________________________
                 (толық атауы және тұрақты жері)
____________________________________________________________________
                    (шет мемлекет атауы)
аумақта депозитарлық қолхаттарды шығаруға және орналастыру арқылы
мынадай акцияларды орналастыруға рұқсат беріледі
1) акция түрі ______________________________________________________
2) акция саны_______________________________________________________
3) акция шығарылымы тіркелді________________________________________
____________________________________________________________________
           (тіркеуші орган атауы, тіркеу күні, айы, жылы)
4) ұлттық бірегейлендіру нөмірі____________________________________.
 
 
 Уәкілетті органның басшысы
(басшының орынбасары)                             (қолы)

                                    Қазақстан Республикасы
                                 резиденттері эмитенттерінің
                                  эмиссиялық бағалы қағаздары 
                                 болып табылатын өзге де бағалы
                                қағаздарды шығару жөнінде хабардар
                              ету, оларды орналастыру қорытындылары
                              жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет
                              мемлекеттің аумағында туынды бағалы
                                    қағаздарды шығаруға немесе
                                    орналастыруға рұқсат беру
                                    ережесінің 3-қосымшасы

                                     ______________________________
                                           (эмитенттің атауы)

         Базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттері
        эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып
      табылатын депозитарлық қолхаттар мен өзге эмиссиялық
    бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепті
              мәлімет ретінде қыбылдауға берілген
                           Хабарлама

____________________________________________________________________
                   (уәкілетті органның атауы)
орналастыру қорытындысы бойынша есепті мәлімет ретінде қабылдайды 
____________________________________________________________________
                       (бағалы қағаз түрі)
____________________________________________________________________
                      (бірегейлендіру түрі)
____________________________________________________________________
                         (орналасқан ел)
ұсынған____________________________________________________________.
               (эмитенттің толық атауы және тұратын орны)
 
 Уәкілетті органның басшысы
(басшының орынбасары)                             (қолы) 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады