Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 231 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5533 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3827 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 160-161 (785) жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесі:
      мынадай мазмұндағы 1-1 -тармақпен толықтырылсын :
      "1-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы акциялар өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген жағдайда ғана оларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарылымы уәкілетті органмен тіркелген облигациялар өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген жағдайда ғана осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген облигациялар өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген жағдайда ғана осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.";
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында және осы Ереженің 1-1-тармағында көзделген шарттардың орындалуын растайтын құжаттарды;".
      2. Агенттік Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4659 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 75 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 170 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4836 тіркелген) енгізілген өзгеріспен бірге мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесі:
      мынадай мазмұндағы 5-1 -тармақпен толықтырылсын :
      "5-1. Акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активі осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру осы акциялар өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.";
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын :
      "3) осы Ереженің 5-1-тармағында көзделген талаптың орындалуын растайтын құжатты;".
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, " Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады