Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.22 № 332 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы N 64 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қазандағы N 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3203 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбында "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер "Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер "Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесінде:
тақырыбында, 1-тармақта "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер "Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер "әділет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тіркеуші органдардың ақпарат ұсынуы тегін жүзеге асырылады";
4,5-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары өзінің қызметінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігінің
Төрағасы
2004 жылғы 19 сәуір