Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 6 маусымдағы N 197 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4763 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 586 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.18 N 586 Бұйрығымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -----------------

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 6 маусымдағы N 197 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 маусымда N 4763 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 20 шілдеде N 110 (1313 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Жәмішев

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

                                              Қазақстан Республикасы
                                                Қаржы министрінің
                                             2007 жылғы 6 маусымдағы
                                                 N 197 бұйрығымен
                                                    бекітілген

Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі

      1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі - депозитарий) қаржылық есептілікті беру тәртібін анықтайды.
      Депозитарий - пайдаланушылар үшін ашық қатынаумен өткізетін, жыл сайын ұйымдармен тапсырылатын қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры.

      2. Жария мүдделі ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті депозитарийге береді.
      Еншілес ұйымдары бар жария мүдделі ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілікті қосымша береді.

      3. Жария мүдделі ұйымдар депозитарийге беретін қаржылық есептілік мынадай нысандарды қамтиды:
      1) бухгалтерлік баланс;
      2) пайда мен шығындар туралы есеп;
      3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
      4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп.

      4. Қаржылық есептілік қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі.

      5. Жария мүдделі ұйымдар депозитарийге қаржылық есептілікті почтамен жіберген жағдайда почта ұйымының штемпелінде көрсетілген жіберу күні қаржылық есептілікті беру күні болып табылады.

      6. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес электрондық мекен-жай бойынша жіберілген қаржылық есептілік электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып ұсынылады.

      7. Егер ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда мерзімнің аяқталу күні мерзімі одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

      8. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.

Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 июня 2007 года N 197. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июня 2007 года N 4763. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 18 декабря 2008 года N 586

       Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 18.12.2008 N 586.

      В целях реализации подпункта 18) пункта 5 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете финансовой отчетности" ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила представления финансовой отчетности в депозитарий.

      2. Департаменту методологии управления государственными активами Министерства финансов Республики Казахстан (Айтжанова Ж.Н.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в установленном законодательством порядке.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Министр

Утверждены            
приказом Министра финансов   
Республики Казахстан       
от 6 июня 2007 года N 197    

Правила
представления финансовой отчетности в депозитарий

      1. Настоящие Правила (далее - Правила) определяют порядок представления финансовой отчетности в депозитарий финансовой отчетности (далее - депозитарий).
      Депозитарий - электронная база данных финансовой отчетности, ежегодно сдаваемой организациями, с открытым для пользователей доступом.

      2. Организации публичного интереса ежегодно не позднее 30 апреля года, следующего за отчетным, представляют в депозитарий годовую финансовую отчетность, составленную в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности.
      Организации публичного интереса, имеющие дочерние организации, представляют дополнительно годовую консолидированную финансовую отчетность, составленную в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности.

      3. Финансовая отчетность, представляемая организациями публичного интереса в депозитарий включает:
      1) бухгалтерский баланс;
      2) отчет о прибылях и убытках;
      3) отчет о движении денежных средств;
      4) отчет об изменениях в капитале.

      4. Финансовая отчетность представляется на бумажных и электронных носителях.

      5. В случае почтового отправления финансовой отчетности организациями публичного интереса в депозитарий, датой представления финансовой отчетности считается дата отправления, указанная в штемпеле почтовой организации.

      6. Финансовая отчетность, направленная по электронному адресу, представляется с использованием электронной цифровой подписи в соответствии с пунктом 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи".

      7. Если последний день срока представления финансовой отчетности в депозитарий приходится на нерабочий день, днем окончания срока считается следующий за ним рабочий день.

      8. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.