Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 586 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5415 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 104 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.02.20 № 104 бұйрығымен.

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі бекітілсін.
      2. "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 6 маусымдағы N 197 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 маусымда N 4763 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 20 шілдеде N 110 (1313 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                            Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 586 бұйрығымен     
бекітілген        

Қаржылық есептілікті депозитарийге беру
ережесі

      1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі - депозитарий) беру тәртібін, сондай-ақ депозитарийдің деректерін пайдалану тәртібін анықтайды.
      2. Депозитарий – пайдаланушылар үшін ашық қатынаумен ұйымдар жыл сайын өткізетін қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры.
      3. Депозитарий екі: негізгі және қосымша кіші бөлімнен тұрады.
      Депозитарийдің негізгі кіші бөлімі осы Ережеге қосымшасында көрсетілген депозитарий ұйымының сәйкестендіру көрсеткіштерін қамтиды.
      Қосымша кіші бөлім ұйымдардың қаржылық есептілігін қамтиды.
      4. Ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 30 қазанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті депозитарийдің дерекқорын жүргізуді жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым) береді.
      Еншілес ұйымдары бар ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған қосымша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті береді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.09.07. N 368 Бұйрығымен.
      5. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар Уәкілетті ұйымға сондай-ақ аудиторлық есепті Acrobat Reader электрондық форматында (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканирленген көшірмесі) береді.
      6. Ұйымдар депозитарийге беретін қаржылық есептілік мыналарды
қамтиды:
      1) бухгалтерлік баланс;
      2) табыстар мен шығындар туралы есеп;
      3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
      4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
      5) түсіндірме жазба;
      және Уәкілетті ұйым әзірлеген "Қаржылық есептілік депозитарийі" мамандандырылған бағдарламалық қамтымының (бұдан әрі – бағдарламалық қамтым) клиенттік бөлігінің көмегімен депозитарийге тапсыруға
қалыптастырылады.
      7. Ұйымдар қаржылық есептілікті депозитарийге мынадай тәртіпте ұсынады:
      1) Уәкілетті ұйымның өңірлік бөлімшелерінде (дискеталарда, салынбалы дискілерде және тағы басқалары) немесе депозитарийдің веб-сайтында алуға болатын бағдарламалық қамтым арқылы қаржылық есептілікті дайындайды. Бағдарламалық қамтумен жұмыс істеу
нәтижесінде оған ұлттық куәландырушы орталық берген ұйымның немесе
ұйымның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол
қойылуы тиіс ұйымның қаржылық есептілігі бар бір мұрағат файлы (бұдан әрі – электрондық есеп) қалыптастырылады.
      2) депозитарийдің веб-сайтында көрсетілген Уәкілетті ұйымның электрондық мекен-жайына немесе Уәкілетті ұйымның өңірлік
бөлімшелеріне электрондық есепті жібереді.
      Ұйымдар Уәкілетті ұйымға қаржылық есептілікті Acrobat Reader электрондық форматында (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканирленген көшірмесі) қосымша бере алады.
      8. Бағдарламалық қамтамасыз етумен қалыптастырылған және
қаржылық есептілікті дайындау нәтижесінде одан шығарылған қағаз
тасығыштағы электрондық есепті қалыптастыру туралы есеп, оған бірінші басшы мен бас бухгалтер қол қоюға және ұйымда сақталуға жатады.
      9. Уәкілетті ұйым ұйымның электрондық есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде ұйымның электрондық мекен-жайына
қаржылық есептілікті депозитарийге енгізу немесе электрондық есепті
қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді.
      10. Ұйымның осы Ереженің 6 және 7-тармақтарында көрсетілген талаптардың сақтамауы Уәкілетті ұйымның қаржылық есептілікті
қабылдауынан бас тартуға негіз болып табылады.

                                             Қаржылық есептілікті
                                              депозитарийге беру
                                              ережесіне қосымша

           Ұйымның сәйкестендіру көрсеткіштері
             Қаржылық есептілік депозитарийі 

Р/б N К ө рсеткіш Т ү сіндірме

1

БИН

Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

2

Код ОКПО

Ұйымның сәйкестiрiлген коды

3

СТН

Салық төлеуші ұйымның тіркеу нөмірі (СТН)

4

Тiркелген нөмірi

Ұйымдардың тiркелгендегi (қайта тіркелгендегі) берiлген сәйкестiрiлген коды

5

Мемтіркелген күні

Ұ йымны ң мемлекеттік тіркелген ( қ айта тіркелген) к ү ні

6

Атауы

Ұйымның толық атауы

7

Орналасқан жері

Ұ йымны ң за ң ды мекен-жайы (пошталы қ индексі, облыс, аудан, елді мекен, көшенің атауы, ү йді ң н ө мірі, п ә тер, телефон, факс, веб-сайт , e-mail)

8

Басшы (жоғары лауазымды тұлға)

Ұ йымны ң бірінші басшысыны ң (жо ғ ары лауазымды т ұ л ғ аны ң ) тегі, аты-ж ө ні ж ә не ЖСН

9

Бухгалтер

Ұ йымны ң бас бухгалтеріні ң тегі, аты-ж ө ні ж ә не ЖСН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады