Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010.04.27 № 18 және ҚР Әділет министрінің 2010.04.05 № 99 бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471»Қазқстан Республикасында»"электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығына сәйкес, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жедел әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ :
1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен заң күші бар электронды құжаттың қағаз жүзіндегі данасының заңды тең маңыздылығын куәландырудың ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау үйлестіруші орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және байланыс
агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және байланыс
агенттігі төрағасының
2007 жылғы 29 маусымдағы N 287-п
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2007 жылғы 29 маусымдағы N 193
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен заң күші бар электронды құжаттың қағаз жүзіндегі данасының заңды тең маңыздылығын куәландыру ережесі
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және заң күші бар электронды құжаттың қағаз жүзіндегі данасының заңды тең маңыздылығын куәландыру тәртібін анықтайды.
2. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) өтініш иелеріне электронды нысандағы мемлекеттік қызметтерді осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
3. Заң күші бар электронды құжаттың қағаз жүзіндегі данасының заңды тең маңыздылығын куәландыру, мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) орталыққа өтініш беруші алуы қажет құжатты нақты көрсете отырып ереженің 2-қосымшасына сәйкес, өтініш бланкісін толтырады. Бір құжат алу үшін бір өтініш бланкісі толтырылады;
2) куәландыруға уәкілетті орталық қызметкері өтініш берушінің өтінішін мемлекеттік және орыс тілінде қабылдауды жүзеге асырады;
3) куәландыруға уәкілетті орталық қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығына олардың дұрыс толтырылуына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестігін тексереді;
4) куәландыруға уәкілетті орталық қызметкері дұрыс және толық толтырылған құжаттың тапсырылған кезде, қабылданған өтінішті осы ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштерді есепке алу журналына тіркеп және өтініш берушіден тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес қолхат береді.
Түскен құжаттарды есепке алу журналы электрондық түрде жүргізілуі мүмкін;
5) куәландыруға уәкілетті орталық қызметкері түскен өтініш бойынша тиісті электрондық деректер қорына өзінің электрондық қолын куәландырып, сұрау салуды жібереді;
6) уәкілетті мемлекеттік органның сандық цифрымен электрондық қолы мен куәландырылған және сұранысқа келіп түскен электрондық құжат, басып шығарылып, Орталық қызметкерінің жеке қолымен куәландырылады, өтініш иесіне беріледі.
4. Осы ережеге сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органның сандық электрондық қолымен куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізушіде басып шығарылған және орталық қызметкерлерінің жеке мөрімен куәландырылған құжатқа заңды тең.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен
заң күші бар электронды құжаттың
қағаз жүзіндегі данасының заңды тең
маңыздылығын куәландыратын
ереженің 1-қосымшасы
Электрондық түрде өтініш берушілерге көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі
1. Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру.
2. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру.
3. Жылжымайтын мүліктің құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен
заң күші бар электронды құжаттың
қағаз жүзіндегі данасының заңды тең
маңыздылығын куәландыратын ереженің
2-қосымшасы
_____________ ауданының
_____________ қаласының
Халыққа қызмет көрсету орталығы
_______________________
________ тел.__________
мекен-жайдың тұрғыны
_______________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Өтініш N __________
Қосымшалары бар мынадай құжаттарды:
__________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтініш берілген мемлекеттік қызметтің түрі)
өтініш қабылдауыңызды сұраймын.
_________________
(өтініш берушінің қолы)
« « "__" _________ 200 _ ж.
____________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Қолхат N _____
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
қосымшалары бар мынадай құжаттар: __________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтініш берілген мемлекеттік қызметтің түріне)
өтініш қабылданды.
Құжаттың берілген күні және жері: "__" ______ 200 _ ж. __ сағ.__мин.
__________________________ мекен-жайы бойынша N _____ каб. (терезе).
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері
____________________________________________ _____________
(Т.А.Ә.) (қолы)
"___" __________ 200__ж. ____сағ. ___ мин. мөрдің орны
Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен
заң күші бар электронды құжаттың
қағаз жүзіндегі данасының заңды тең
маңыздылығын куәландыратын ереженің
3-қосымшасы
Келіп түскен өтініштерді есепке алу журналы
Р/с |
өтініштің |
өтініш |
өтініш |
уәкілетті |
қаралу |
уәкі- |
қарау |