12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы N 339 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4824 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 309 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2015 № 309 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М.Т.Санатова) осы бұйрықты:
      1) бекітілген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) бекітілген заңнамалық тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттеріне (басқармасына), республикалық ведомстволық бағынысты жалпы орта білім беру ұйымдарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаментінің директоры М.Т.Санатоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                        Білім және ғылым министрінің
                                      2007 жылғы 29 маусымдағы N 339
                                           бұйрығымен бекітілген

12 жылдық мектептің бірінші сыныбына
оқушыларды қабылдау ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Осы 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасын дамыту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жасалған және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының қызметін анықтайды.

  2. 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу

      2. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарының бірінші сыныптарына дайындық деңгейіне қарамастан сол оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толған балалар қабылданады.
      3. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін емтихан, сынақ, тестілеу өткізуге рұқсат берілмейді.
      4. Баланың мектепке оқуға даярлығын анықтау кезінде, оның әріптерді тани білуі, жаза білуі талап етілмейді.
      5. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектеп алды даярлықта болмаған балаларға бір айлық мерзімдегі даярлық курсы ұйымдастырылады.
      6. Баланың мектепке дайындығына медико-психологиялық тексеру бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін жүргізіледі.
      7. Баланың медициналық паспортында соматикалық дамуы туралы (жас ерекшелігіне байланысты салмағы, бойы, дене пропорциясы), жүйке жүйесінің жағдайы жөнінде нақты мәліметтер болуы тиіс.
      8. Бірінші сынып оқушысының психологиялық мінездемесі оқу процесінде оқушының жеке жұмысын жоспарлау үшін жасалады.
      9. Сыныптар балалардың дайындық деңгейіне және даму дәрежесіне байланысты топтастырылмайды.
      10. Зерттеуді ата-аналардың немесе балаға жауапкершілікті алған адамдардың келісімінсіз жүргізуге болмайды.
      11. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
      ата-ананың (немесе ата-ананың орнын алмастыратын адамдардың)
      өтініші;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      медициналық паспорт;
      тұрғылықты мекен-жайынан анықтама;
      3x4 фотография - 2 дана.
      12. Ата-аналардың өтініші негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығы 31 тамызға дейін ресімделеді.
      13. Әр балаға мектепте жеке іс қағаз, медициналық паспорт жүргізіледі.
      14. Бірінші сынып толымдығы 25 оқушыдан аспауы тиіс.

Об утверждении Правил приема детей в первый класс 12-летней школы

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 июня 2007 года N 339. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 июля 2007 года N 4824. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 мая 2015 года № 309

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 18.05.2015 № 309.

      В целях реализации Плана мероприятий по переходу на 12-летнее среднее общее образование, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2006 года N 681, ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила приема детей в первый класс 12-летней школы.

      2. Департаменту дошкольного и среднего общего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Санатова М.Т.) настоящий приказ:
      1) в установленном законодательством порядке, представить на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      2) обеспечить в установленном законодательством порядке его официальное опубликование в средствах массовой информации;
      3) довести до сведения департаментов (управления) образования областей, городов Астана и Алматы, республиканских подведомственных организаций среднего общего образования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на директора Департамента дошкольного и среднего общего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан Санатову М.Т.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2008 года.

      Министр

Утверждены           
приказом Министра       
образования и науки      
Республики Казахстан     
от 29 июня 2007 года N 339  

Правила приема детей в первый класс 12-летней школы

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила приема детей в первый класс 12-летней школы разработаны в соответствии с Государственной программой развития образования в Республике Казахстана 2005-2010 годы, утвержденной Указом Президента Республики Казахстан от 11 октября 2004 года N 1459, Планом мероприятий по переходу на 12-летнее среднее общее образование, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2006 года N 681 и определяют прием детей в первый класс организаций образования, реализующих образовательные программы среднего общего образования независимо от форм их собственности и ведомственной подчиненности.

2. Организация и проведение приема детей
в первый класс 12 - летней школы

      2. В первые классы общеобразовательных организаций образования Республики Казахстан принимаются дети, достигшие к 1 сентябрю текущего учебного года 6 лет, независимо от уровня подготовки.

      3. Для приема в первый класс запрещается проведение экзаменов, зачетов, тестирования.

      4. При зачислении детей в школу не требуется знание букв и письма.

      5. Для детей, не посещавших дошкольные учреждения, не прошедших предшкольную подготовку, организуются месячные подготовительные курсы до начала учебного года.

      6. Медико-психологическое обследование детей проводится до их зачисления в первый класс.

      7. В медицинском паспорте ребенка отражаются сведения о соматическом развитии ребенка (вес, рост, пропорции тела и относительно возрастной нормы), данные о состоянии здоровья.

      8. Психологическая характеристика первоклассника составляется для планирования индивидуальной работы в процесе обучения.

      9. Комплектование классов по уровню подготовки и степени развития детей не допускается.

      10. Проведение обследования детей без согласия родителей или лиц их заменяющих не допускается.

      11. Для приема детей в первый класс необходимы следующие документы:
      заявление от родителей (или лиц, заменяющих их);
      копия свидетельства о рождении ребенка;
      медицинский паспорт ребенка;
      справка с места жительства;
      фотография 3X4 - 2 штуки.

      12. На основании заявления родителей оформляется приказ руководителя организации образования до 31 августа текущего года.

      13. На каждого ребенка в школе заводится личное дело, медицинский паспорт.

      14. Предельная наполняемость в первом классе составляет не более 25 учащихся.