"12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 339 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 309 бұйрығы

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 28-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 339 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 21 шілдеде № 4824 тіркелген, «Заң газетінде» 2007 жылғы 5 қыркүйекте № 135 (1164) тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                            А.Сәрінжіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады