"Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 08-1/93 және Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 35-п бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 25 мамырдағы N 216, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 08-1-1-1/186, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 145-ө Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4851 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154 Бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.07 № 135 және ҚР Сыртқы істер министрінің 2012.04.28 № 08-1-1-1/154 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 08-1/93 және Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 35-ө  бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2889 болып тіркелген, "Официальная газетада" 2004 жылғы 09 қазандағы N 41 (198) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Шетелдік азаматтардың" деген сөздер "Шетелдіктердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта "Астана және Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының" деген сөздер "облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта "Көші-қон полициясы департаменті" деген сөздер "Әкімшілік полиция комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету ережесін қолдану және Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
      тақырыбында, нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша және оның қосымшаларында:
      "Шетелдік азаматтардың", "шетелдік азаматтар", "шетелдік азаматтарды", "шетелдік азаматтарға", "шетелдік азамат", "шетелдік азаматтардың", "шетелдік азаматтың", "Шетел азаматтарының", "шетелдік азаматқа" деген сөздер тиісінше "Шетелдіктердің", "шетелдіктер", "шетелдіктерді", "шетелдіктерге", "шетелдік", "шетелдіктердің", "шетелдікті", "Шетелдіктердің", "шетелдікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің (әрі қарай - Қазақстан Республикасының агенттігі)", "Қазақстан Республикасының агенттігі" деген сөздер тиісінше "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетiнiң (бұдан әрі - ЕХӘҚМ Көшi-қон комитетi)", "ЕХӘҚМ-нің Көшi-қон комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Астана, Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ) деген сөздер "облыстардың, Астана, Алматы қалалары Ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ІІББ-ІІБ" деген аббревиатура "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің" және "заң күші бар" деген сөздер алынып тасталсын;

      6-тармақтағы "мен келісімдерде" деген сөздер алынып тасталсын, "шарттар" деген сөз "шарттарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі туралы заңнаманы шақырылған шетелдіктердің орындауын бұған дейін қамтамасыз етпеген жеке адамдар мен заңды тұлғалар тарапынан шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштер қаралмайды.";

      24-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін есептемегенде, егер ол Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасына келу және кету үшін қажетті қаражаттың бар-жоғын растайтын құжатты ұсынбаса;";
      8) тармақшада "." белгісі ";" белгісімен ауыстырылсын;

      мемлекеттік тілдегі мәтінде 8) тармақшадағы "болса" деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "егер оның іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса,";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасынан бұрын күштеп шығарылған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға күштеп шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап бес жыл мерзім ішінде Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынады;";

      48-тармақ алынып тасталсын;

      51-тармақтың бірінші абзацында "тиісті жол құжаттары (билеттері) бар болса" деген сөздерден кейін "егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "58. Ішкі істер органдарынан рұқсат, сондай-ақ тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар болып танылады.
      Қазақстан Республикасында уақытша келген шетелдіктер өздерін тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш бере алады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін дәлелдеуі осындай рұқсат алудың міндетті шарты болып табылады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы мәселені шешу кезінде мыналардан:
      1) Қазақстан Республикасының егемендік алған уақытына (1991 жылғы 16 желтоқсан) одан тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген оралмандардан, яғни шетелдіктерден, немесе азаматтығы жоқ ұлты қазақ адамдардан;
      2) олар туылған сәтте Қазақстан Республикасы мен Қазақ КСР азаматтығында тұрған-тұрмағанына қарамастан, сол кездегі әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес Қазақстан Республикасының немесе Қазақ КСР-нің аумағында туылған адамдардан;
      3) азаматтықтан шыққан немесе өзге де негіздер бойынша оны жоғалтқан жағдайларға қарамастан, бұрын Қазақстан Республикасының немесе Қазақ КСР-інің азаматтығында болған адамдардан;
      4) оралмандардың отбасы мүшелерінен және Қазақстан Республикасының немесе Қазақ КСР-інде туылған немесе азаматтығында болғандардан, оларға жататын: бірге келген немесе бөлек келгеніне қарамастан, балалары (оның ішінде асырап алынған), жұбайы (зайыбы), ата-анасы (асырап алушылар), туған апа-сiңлiлерi, қарындастары, аға-iнiлерi, аталары, әжелері, немерелерінен төлем қабілеттілігін растау талап етілмейді.
      Қазақ КСР-нің немесе Қазақстан Республикасы азаматтығының болғанын дәлелдейтін құжаттар: мекен жай бюросының анықтамасы, халықты тіркеу кітабы (шаруашылық кітабы), еңбек кітапшасы (жұмыс істегендігін растайтын өзге де құжат), әскери билет, 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының немесе Қазақстан азаматы құжаттарының ксерокөшірмесі, білімі немесе оқығандығы туралы құжаттар, неке қию немесе оны бұзу туралы, балалардың Қазақстан аумағында туғандығы туралы куәліктер және Қазақстан аумағында берілген басқа да құжаттар.";

      62-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ішкі істер органдары тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш жасаған адамды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының есептері бойынша тексереді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "66. Аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында тұрақты тұруға қалдыру жөніндегі материалдарды қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, ал екеуін қосқанда - екі айдан аспауы тиіс.";

      68-тармақ алынып тасталсын;

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "69. Оралманның тұрғылықты орнын ауыстыру мақсатында тіркеуден шығуы ЕХӘҚМ-нің Көші-қон комитеті аумақтық органының келісімі негізінде жүзеге асырылады.";

      70-тармақта:
      "70. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартудың не тұрақты тұруға рұқсатты жоюдың негізі:";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ КСР-нда туған немесе азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін есептемегенде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар ұсынбаған адамдарға;";
      мемлекеттік тілдегі мәтінінде 6) тармақшадағы "берілмеуі" деген сөз "бас тартылуы немесе бұрын берілген рұқсаттың күші жойылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6) тармақшада "." белгісі ";" белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7)-13) тармақшалармен толықтырылсын;
      7) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандыратын адамдарға;
      8) әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
      9) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның бірлігі мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;
      10) террористік әрекеті, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;
      11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхатпен жолданған кезінде өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаған адамдарға;
      12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарып жіберілген адамдарға;
      13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін.

      96-тармақта:
      "келісімдеріне" деген сөз "шарттарына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Ғ.А.Алпысбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін жіберсін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрінің
      міндетін атқарушы

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Казақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      2007 жылғы 13 шілде

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 апреля 2004 года № 215, Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 апреля 2004 года № 08-1/93 и Председателя Агентства Республики Казахстан по миграции и демографии от 14 апреля 2004 года № 35-п "Об утверждении Инструкции по применению Правил въезда и пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и организации оперативно-служебной деятельности органов внутренних дел по предупреждению и пресечению незаконной миграции иностранных граждан на территории Республики Казахстан"

Совместный приказ и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 216, Министра иностранных дел Республики Казахстан от 18 июня 2007 года № 08-1-1-1/186, Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 июля 2007 года № 145-п. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 августа 2007 года № 4851. Утратил силу совместным приказом Министерства внутренних дел Республики Казахстан от 7 марта 2012 года № 135 и Министерства иностранных дел Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 08-1-1-1/154

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министерства внутренних дел РК от 07.03.2012 № 135 и Министерства иностранных дел РК от 28.04.2012 № 08-1-1-1/154 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      В целях приведения ведомственных нормативных правовых актов в соответствие с действующим законодательством ПРИКАЗЫВАЕМ :

      1. Внести в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 апреля 2004 г. N 215 , Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 апреля 2004 г. N 08-1/93 и Председателя Агентства Республики Казахстан по миграции и демографии от 14 апреля 2004 г. N 35-п "Об утверждении Инструкции по применению Правил въезда и пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и организации оперативно-служебной деятельности органов внутренних дел по предупреждению и пресечению незаконной миграции иностранных граждан на территории Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 2889 опубликован "Официальная газета" от 9 октября 2004 года, N 41 (198) следующие изменения и дополнения:
      в заголовке и пункте 1 слова "иностранных граждан" заменить словами "иностранцев";
      в пункте 2 слова "Главных управлений внутренних дел городов Астаны и Алматы, Главных управлений внутренних дел - Управлений внутренних дел областей, Управлений внутренних дел на транспорте" заменить словами "департаментов внутренних дел областей, городов Алматы, Астаны и на транспорте";
      в пункте 4 слова "Департамент миграционной полиции" заменить словами "Комитет административной полиции";
      в Инструкции по применению Правил въезда и пребывания иностранных граждан в Республики Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и организации оперативно-служебной деятельности органов внутренних дел по предупреждению и пресечению незаконной миграции иностранных граждан на территории Республики Казахстан, утвержденной вышеназванным приказом:
      в заголовке, по всему тексту Инструкции и приложений к ней:
      слова "Иностранный гражданин", "Иностранным гражданам", "иностранных граждан", "иностранного гражданина", "иностранный гражданин", "иностранным гражданином", "Иностранные граждане", "иностранными гражданами" заменить соответственно словами "Иностранец", "иностранцам", "иностранцев", "иностранца", "иностранец", "иностранцем", "Иностранцы", "иностранцами";
      слова "Агентства Республики Казахстан по миграции и демографии (далее - Агентство Республики Казахстан)", "Агентства Республики Казахстан" заменить соответственно словами "Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения (далее - Комитет по миграции МТСЗН)", "Комитета по миграции МТСЗН";
      слова "Главного управления (управления) внутренних дел области, городов Астаны и Алматы (далее - ГУВД-УВД)", заменить словами "департамента внутренних дел области, городов Алматы и Астаны (далее - ДВД)";
      аббревиатуру "ГУВД-УВД" заменить аббревиатурой "ДВД";
      в пункте 1 слова "Указами Президента Республики Казахстан, имеющими силу закона," исключить;
      в пункте 6 слова " и соглашениями" исключить;
      пункт 16 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Ходатайства о приглашении в Республику Казахстан иностранцев со стороны физических и юридических лиц, ранее неоднократно не обеспечивавших соблюдения приглашенными иностранцами законодательства о правовом положении иностранцев не рассматриваются.";
      в пункте 24:
      подпункт 6) изложить в следующей редакции:
      "6) если он не представил подтверждение о наличии средств, необходимых для пребывания и выезда из Республики Казахстан, в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан, за исключением оралманов, лиц, родившихся или ранее состоявших в гражданстве Республики Казахстан или Казахской Советской Социалистической Республики, и членов их семей;";
      в подпункте 8) знак "." заменить знаком ";";
      дополнить подпунктом 9) следующего содержания:
      "если его действия направлены на насильственное изменение конституционного строя.";
      дополнить абзацем следующего содержания:
      "Иностранцам и лицам без гражданства, ранее выдворявшимся из Республики Казахстан, запрещается въезд в Республику Казахстан в течение пяти лет со дня вынесения решения о выдворении.";
      пункт 48 исключить;
      в абзаце первом пункта 51 после слов "расположенный на территории Республики Казахстан" дополнить словами ", если иное не установлено международными договорами.";
      пункт 58 изложить в следующей редакции:
      "58. Постоянно проживающими в Республике Казахстан признаются иностранцы, получившие на то разрешение, а также виды на жительство, выданные органами внутренних дел.
      Временно пребывающие в Республике Казахстан иностранцы могут ходатайствовать об оставлении их на постоянное жительство.
      Обязательным условием предоставления разрешения на постоянное проживание в Республике Казахстан является подтверждение лицом, претендующим на получение такого разрешения, своей платежеспособности в порядке и размерах, определяемых Правительством Республики Казахстан.
      Подтверждение платежеспособности при решении вопроса об оставлении в Республике Казахстан на постоянное жительство, не требуется:
      1) оралманам, то есть иностранцам или лицам без гражданства казахской национальности, постоянно проживавшим на момент приобретения суверенитета Республикой Казахстан (16 декабря 1991 года) за ее пределами и прибывшим в Казахстан с целью постоянного проживания;
      2) лицам, родившимся на территории Республики Казахстан или Казахской ССР в соответствии с существовавшим на момент рождения административно-территориальным делением, независимо состояли ли они в гражданстве Республики Казахстан и Казахской ССР на момент рождения;
      3) лицам, ранее состоявшим в гражданстве Республики Казахстан или Казахской ССР, независимо от того осуществляли ли они выход из этого гражданства или утратили его по иным основаниям;
      4) членам семьи оралманов и лиц, родившихся или ранее состоявших в гражданстве Республики Казахстан или Казахской ССР, к которым относятся: дети (в том числе усыновленные), супруг (супруга), родители (усыновители), родные сестры, братья, дедушки, бабушки, внуки, независимо, прибыли они совместно с ними или отдельно от них.
      Документами, подтверждающими факт наличия гражданства Казахской ССР или Республики Казахстан могут служить: справка адресного бюро, книга регистрации населения (похозяйственная книга), трудовая книжка (иной документ, подтверждающий трудовую деятельность), военный билет, ксерокопия паспорта СССР образца 1974 года или документов гражданина Казахстана, документы об образовании или обучении, свидетельства о заключении или расторжении брака, о рождении детей на территории Казахстана и другие документы, выданные на территории Казахстана.";
      пункт 62 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Лицо, ходатайствующее об оставлении на постоянное жительство, проверяется органами внутренних дел по учетам Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан и его территориальных подразделений, а также по учетам органов внутренних дел Республики Казахстан.";
      пункт 66 изложить в следующей редакции:
      "66. Срок рассмотрения материала по оставлению на постоянное жительство в территориальных органах внутренних дел и национальной безопасности не должен превышать одного месяца в каждом из этих органов, а в совокупности - двух месяцев."
      пункт 68 исключить;
      пункт 69 изложить в следующей редакции:
      "69. Снятие с регистрации оралмана с целью перемены места жительства производится на основании согласия территориального органа Комитета по миграции МТСЗН.";
      в пункте 70:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "70. В выдаче разрешения на постоянное проживание в Республике Казахстан иностранцу или лицу без гражданства может быть отказано либо выданное ранее разрешение аннулировано:";
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      "4) лицам, за исключением оралманов, лиц, родившихся или ранее состоявших в гражданстве Республике Казахстан или Казахской ССР, и членов их семей, не представившим подтверждения в своей платежеспособности в порядке и размерах, определяемых Правительством Республики Казахстан;";
      в подпункте 6) знак "." заменить знаком ";";
      дополнить подпунктами 7)-13) следующего содержания:
      "7) лицам, разжигающим межгосударственную, межнациональную и региональную вражду;
      8) лицам, действия которых направлены на насильственное изменение конституционного строя;
      9) лицам, выступающим против суверенитета независимости Республики Казахстан, призывающим к нарушению единства и целостности ее территории;
      10) лицам, имеющим судимость за террористическую деятельность, тяжкое или особо тяжкое преступление. При этом тяжесть преступления, наличие или отсутствие судимости определяются законами Республики Казахстан;
      11) лицам, сообщившим о себе ложные сведения при обращении с ходатайством о разрешении на постоянное проживание в Республике Казахстан или без уважительной причины не представившим необходимые документы в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;
      12) лицам, ранее выдворявшимся из Республики Казахстан;
      13) если это необходимо для защиты прав и законных интересов граждан Республики Казахстан и других лиц.";
      в пункте 96:
      слова "законодательством", "соглашениями" заменить соответственно словами "законами", "договорами".

      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Алпысбаев Г.А.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан и обеспечить его официальное опубликование после государственной регистрации.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

      И.о. Министра внутренних дел            Министр иностранных дел
      Республики Казахстан                    Республики Казахстан

      Министр труда и социальной
      защиты населения
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
      Председатель Комитета
      национальной безопасности
      Республики Казахстан
      генерал - лейтенант
      13 июля 2007 г.