Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.07 № 135 және ҚР Сыртқы істер министрінің 2012.04.28 № 08-1-1-1/154 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 08-1/93 және Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 35-ө бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2889 болып тіркелген, "Официальная газетада" 2004 жылғы 09 қазандағы N 41 (198) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Шетелдік азаматтардың" деген сөздер "Шетелдіктердің" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта "Астана және Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының" деген сөздер "облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "Көші-қон полициясы департаменті" деген сөздер "Әкімшілік полиция комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету ережесін қолдану және Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
тақырыбында, нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша және оның қосымшаларында:
"Шетелдік азаматтардың", "шетелдік азаматтар", "шетелдік азаматтарды", "шетелдік азаматтарға", "шетелдік азамат", "шетелдік азаматтардың", "шетелдік азаматтың", "Шетел азаматтарының", "шетелдік азаматқа" деген сөздер тиісінше "Шетелдіктердің", "шетелдіктер", "шетелдіктерді", "шетелдіктерге", "шетелдік", "шетелдіктердің", "шетелдікті", "Шетелдіктердің", "шетелдікке" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің (әрі қарай - Қазақстан Республикасының агенттігі)", "Қазақстан Республикасының агенттігі" деген сөздер тиісінше "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетiнiң (бұдан әрі - ЕХӘҚМ Көшi-қон комитетi)", "ЕХӘҚМ-нің Көшi-қон комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Астана, Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ) деген сөздер "облыстардың, Астана, Алматы қалалары Ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ІІББ-ІІБ" деген аббревиатура "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің" және "заң күші бар" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтағы "мен келісімдерде" деген сөздер алынып тасталсын, "шарттар" деген сөз "шарттарда" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі туралы заңнаманы шақырылған шетелдіктердің орындауын бұған дейін қамтамасыз етпеген жеке адамдар мен заңды тұлғалар тарапынан шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштер қаралмайды.";
24-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін есептемегенде, егер ол Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасына келу және кету үшін қажетті қаражаттың бар-жоғын растайтын құжатты ұсынбаса;";
8) тармақшада "." белгісі ";" белгісімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 8) тармақшадағы "болса" деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"егер оның іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса,";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасынан бұрын күштеп шығарылған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға күштеп шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап бес жыл мерзім ішінде Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынады;";
48-тармақ алынып тасталсын;
51-тармақтың бірінші абзацында "тиісті жол құжаттары (билеттері) бар болса" деген сөздерден кейін "егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Ішкі істер органдарынан рұқсат, сондай-ақ тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар болып танылады.
Қазақстан Республикасында уақытша келген шетелдіктер өздерін тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш бере алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін дәлелдеуі осындай рұқсат алудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы мәселені шешу кезінде мыналардан:
1) Қазақстан Республикасының егемендік алған уақытына (1991 жылғы 16 желтоқсан) одан тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген оралмандардан, яғни шетелдіктерден, немесе азаматтығы жоқ ұлты қазақ адамдардан;
2) олар туылған сәтте Қазақстан Республикасы мен Қазақ КСР азаматтығында тұрған-тұрмағанына қарамастан, сол кездегі әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес Қазақстан Республикасының немесе Қазақ КСР-нің аумағында туылған адамдардан;
3) азаматтықтан шыққан немесе өзге де негіздер бойынша оны жоғалтқан жағдайларға қарамастан, бұрын Қазақстан Республикасының немесе Қазақ КСР-інің азаматтығында болған адамдардан;
4) оралмандардың отбасы мүшелерінен және Қазақстан Республикасының немесе Қазақ КСР-інде туылған немесе азаматтығында болғандардан, оларға жататын: бірге келген немесе бөлек келгеніне қарамастан, балалары (оның ішінде асырап алынған), жұбайы (зайыбы), ата-анасы (асырап алушылар), туған апа-сiңлiлерi, қарындастары, аға-iнiлерi, аталары, әжелері, немерелерінен төлем қабілеттілігін растау талап етілмейді.
Қазақ КСР-нің немесе Қазақстан Республикасы азаматтығының болғанын дәлелдейтін құжаттар: мекен жай бюросының анықтамасы, халықты тіркеу кітабы (шаруашылық кітабы), еңбек кітапшасы (жұмыс істегендігін растайтын өзге де құжат), әскери билет, 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының немесе Қазақстан азаматы құжаттарының ксерокөшірмесі, білімі немесе оқығандығы туралы құжаттар, неке қию немесе оны бұзу туралы, балалардың Қазақстан аумағында туғандығы туралы куәліктер және Қазақстан аумағында берілген басқа да құжаттар.";
62-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ішкі істер органдары тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш жасаған адамды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының есептері бойынша тексереді.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында тұрақты тұруға қалдыру жөніндегі материалдарды қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, ал екеуін қосқанда - екі айдан аспауы тиіс.";
68-тармақ алынып тасталсын;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Оралманның тұрғылықты орнын ауыстыру мақсатында тіркеуден шығуы ЕХӘҚМ-нің Көші-қон комитеті аумақтық органының келісімі негізінде жүзеге асырылады.";
70-тармақта:
"70. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартудың не тұрақты тұруға рұқсатты жоюдың негізі:";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ КСР-нда туған немесе азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін есептемегенде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар ұсынбаған адамдарға;";
мемлекеттік тілдегі мәтінінде 6) тармақшадағы "берілмеуі" деген сөз "бас тартылуы немесе бұрын берілген рұқсаттың күші жойылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын.
6) тармақшада "." белгісі ";" белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7)-13) тармақшалармен толықтырылсын;
7) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандыратын адамдарға;
8) әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
9) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның бірлігі мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;
10) террористік әрекеті, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхатпен жолданған кезінде өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаған адамдарға;
12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарып жіберілген адамдарға;
13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін.
96-тармақта:
"келісімдеріне" деген сөз "шарттарына" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Ғ.А.Алпысбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін жіберсін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Казақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
2007 жылғы 13 шілде