Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 маусымда № 7698 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 831 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 11-1-2/513 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2015 № 831 және ҚР Сыртқы істер министрінің 17.11.2015 № 11-1-2/513 бірлескен бұйрығымен.

      «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес және Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру тәртібін айқындау мақсатындаБҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары Қағидаларды басшылыққа қабылдасын және оның талаптарын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін.
      3. Мынадай:
      1) «Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртiптерiн қолдану және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көшi-қонының алдын алу және жолын кесу жөнiндегi iшкi iстер органдарының жедел-қызметтiк жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi № 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 08-1/93, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 35-П бiрлескен бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2889 болып тіркелген);
      2) «Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртiптерiн қолдану және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көшi-қонының алдын алу және жолын кесу жөнiндегi iшкi iстер органдарының жедел-қызметтiк жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi № 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 08-1/93, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 35-П бiрлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2007 жылғы 25 мамырдағы № 216, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2007 жылғы 18 маусымдағы № 08-1-1-1/186, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 145-П бiрлескен бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4851 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жүктелсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                   Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі                         Сыртқы істер министрі
_______________Қ. Қасымов                   _____________Е. Қазыханов
2012 жылғы 23 ақпан                         2012 жылғы 22 сәуір

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
__________________ Н. Әбіқаев
2012 жылғы ____ __________

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 135,        

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 08-1-1-1/154     
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру,
сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті
жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен
жүру қағидаларын бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
      Дипломаттық және қызметтік паспорттары бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына оның дипломаттық, қызметтік және инвесторлық санаттағы визаларымен келген немесе уәкілетті органнан «инвестор» мәртебесін растаған (визасыз болу режиміндегі елдер үшін), шетелдіктердің паспорттары тіркеуден босатылады.

2. Қазақстан Республикасында көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу тәртібі

      3. Көшіп-келушілер мен азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарын тіркеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінде ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша ішкі істер органдары, сондай-ақ заңды тұлғалардан оларға келіп жатқан шетелдіктер туралы ақпарат алу арқылы жүзеге асырылады.
      Тіркеу аудандық, қалалық немесе облыстық көші-қон полициясы бөліністерінде жүзеге асырылады, ол туралы тиісті өкім шығарылады.
      4. Тіркеуді және оны ұзартуды ресімдеу құжаттарды берген күні жүзеге асырылады.
      5. Миссионерлік қызметпен айналысатын, сондай-ақ қайырымдылық немесе гуманитарлық көмекпен келген шетелдіктер одан әрі діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлінісінде есепке алып тіркеу арқылы ішкі істер органдарында жалпы негіздерде тіркеледі.
      6. Уақытша тұру үшін келген көшіп-келушілерді тіркеу кезінде көші-қон полициясы бөліністері ішкі істер органдарының басшылығы арқылы учаскелік полиция инспекторларына осы жергілікті жерде тұруға оларға рұқсат етілген мерзім туралы хабарлайды.
      Егер көшіп-келушілердің рұқсат етілген болу мерзімі аяқталған соң тиісінше ұзартусыз кетпегені анықталса, учаскелік полиция инспекторы ол туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, одан әрі көші-қон полициясы бөлінісіне хабарлайды. Әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдағаннан кейін учаскелік полиция инспекторы заң бұзушы-көшіп келушіні елді мекеннен шығаруды ұйымдастыруда көмек көрсетеді.
      Көшіп-келушілердің болу мерзімі немесе оның жақын туыстарының ауыр науқасына, күтпеген жағдайларға байланысты көші-қон карточкасына белгі қойылған, растайтын құжаттардың негізінде ұзартылады.
      7. Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының визалары, ал Қазақстан Республикасына келу мен болудың визасыз тәртібі туралы шарт жасалған елдердің азаматтары үшін қабылдаушы заңды, жеке тұлғалардың немесе көшіп-келушінің өзінің арызы негіз болып табылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген көшіп-келушіні анықтаған кезде ішкі істер органдары қызметкерінің баянаты оны тіркеу үшін негіз болып табылады.
      8. Тіркеуді ішкі істер органдарының лауазымды адамдары ресімдейді.
      Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеуді есепке алу «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) және белгіленген нысандағы журналда (1-қосымша) жүргізіледі. Журнал бойынша реттік нөмірі тіркеу нөмірі болып табылады.
      Тіркеу оны ресімдеген қызметкердің қолымен және көші-қон полициясы бөлінісінің мөрімен куәландырылады.
      9. Көшіп-келушілер қабылдаушы заңды немесе жеке тұлғаларға өз паспорттарын тапсырады, олар ішкі істер органдарында тіркегеннен кейін құжаттарды иелеріне қайтарады.
      10. Тіркеу қабылдаушы заңды, жеке тұлғалардың немесе көшіп-келушінің өзінің арызында көрсетілген, бірақ визалардың әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзімдерге ресімделеді. Тіркеу мерзімі көшіп-келуші паспорттарының әрекет ету мерзімінен аспауы керек.
      Көпмәртелік визалары бар көшіп-келушілердің паспорттары Қазақстан Республикасында нақты болу мерзіміне тіркеледі.
      Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар жасалған елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тіркеу отыз тәуліктен, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі, одан әрі осындай мерзімге ұзартылады.
      11. Білім алу мақсатымен келген көшіп-келушілердің паспорттары бір оқу жылына тіркеледі.
      12. Алты айдан асатын мерзімге келген көшіп-келушінің паспортын тіркеуді ресімдеу үшін қабылдаушы ұйымның белгіленген үлгідегі жазбаша өтініші (арызы) (2-қосымша) және фотосурет (33х43 мм) тапсырылады. Бұл ретте статистикалық есепке алу талондары, келу парақтары және есепке алу карточкалары (3-қосымша) толтырылады. Бір уақытта электронды тасымалдағыштарда деректер базасы құрылады.
      Бұдан басқа, тіркеу еңбек қызметіне және таңдаған мамандығы бойынша оқу оқуға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтамалардың негізінде жүзеге асырылады.
      Жұмысқа тіркеу кезінде еңбек келісім-шартының көшірмесі ұсынылады.
      13. Көшіп-келуші өзінің Қазақстан Республикасындағы уақытша тұратын орнын ауыстырған кезде қабылдаушы заңды және жеке тұлға уақытша тұратын орнын ауыстырған күннен бастап үш күн ішінде ол туралы ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.
      Тұрақты және уақытша тұратын орнын ауыстырған жағдайда көшіп-келушілер үш күндік мерзімде қайта тіркеуден өтеді.
      14. Көшіп-келушінің Қазақстан Республикасында болуына рұқсат етілген мерзім және олардың паспорттары тіркеуінің әрекет ету мерзімі визалардың әрекет ету мерзімінің соңғы күні, ал визасыз тәртіппен келгендер үшін тіркеудің әрекет ету мерзімінің соңғы күні тоқтатылады.
      15. Көшіп-келушілердің болу мерзімін ұзарту визалар беру және көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеудің әрекет ету мерзімдерін ұзарту арқылы жүзеге асырылады.
      16. Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеудің әрекет ету мерзімін ұзартуды ішкі істер органдарының лауазымды адамдары ресімдейді.
      17. Көшіп-келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін ұзарту туралы шешім заңды және жеке адамдардың өтініштері негізінде көшіп-келушілердің тіркелген жері бойынша қабылданады.

3. Көшіп-келушілердің жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің
болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру тәртібі

      18. Көшіп-келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұра алады.
      19. Шетелдіктерді қабылдаушы заңды және жеке тұлғалар алдағы уақытта республиканың басқа өңірлеріне 10 күннен асатын мерзімге жол жүретіні туралы шығу пунктін, мерзімін және осы пунктте болатын мекенжайларды көрсете отырып, бұрынғы және жаңа болатын жердегі ішкі істер органдарына хабарлайды.
      20. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы баратын елге әуе, темiр жол, автомобиль және теңiз көлiгiмен транзитпен жол жүруіне оларда Қазақстан Республикасының транзиттiк визалары, сондай-ақ үшiншi елге кiру үшiн жарамды және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан портқа, станцияға, аэровокзалға, автовокзалға келген сәтiнен бастап бес тәуліктен аспайтын мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағында көлiк ауыстыру пунктiнен кету күнi көрсетiлген тиiстi жол жүру құжаттары (билеттерi) болған кезде рұқсат етiледi.
      Болжамды жүру бағыты Қазақстан Республикасының шетелдiктердің баруы үшiн уақытша жабық аумағы арқылы өткен жағдайда, өту мәселесін ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсім бойынша ішкі істер органдары шешеді.
      Шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адамдар жүру бағытын өзгерту мәселесi бойынша өтініш білдірген кезде олар аумақтық ішкі істер органдарына қазақстандық транзиттiк визасы бар паспортын және осындай қажеттiлiк туғызған себептердi, сондай-ақ жоспарланып отырған бағыты мен шығар жолындағы тексеру-өткiзу пунктiн көрсете отырып, жазбаша арыз ұсынады.
      21. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен транзитпен өтетiн, оның iшiнде халықаралық жүктердi автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар халықаралық автомобиль қатынастары үшiн ашық жолдармен ғана жүредi.
      22. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн пойызбен жол жүретін шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар пойыздар тоқтап тұрған кезде станцияларда шығу құқықтары бар. Оларға станциядан (перроннан және темiр жол вокзалынан) тыс жерлерге шығуға рұқсат етiлмейдi.
      23. Қазақстан Республикасының аумағынан транзитпен өтетін және онда 72 сағаттан астам уақыт аялдауға мәжбүр болған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар тоқтаған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде ішкі iстер органдарында Қазақстан Республикасында болуға рұқсат ресiмдеуге міндетті. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында мәжбүрлi аялдауын ресімдеу мынадай жағдайларда:
      1) табиғи апаттар немесе пойыздың, автокөлiк құралының, кеменің немесе ұшақтың қозғалысына кедергi болатын өзге де себептер кезінде;
      2) қандай да бір бөлшектерiнің бұзылуы нәтижесінде зақымданған автокөлiк құралын жөндеу үшін немесе жол-көлiк оқиғасы болған кезде;
      3) дәрiгердің қорытындысы бойынша науқастың одан әрi жол жүруі оның денсаулығына қауiп төндiретiн сырқаты болған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқастың жанында оның отбасы мүшелерi немесе онымен бiрге келе жатқан адамдар болуы мүмкiн;
      4) тораптық пунктте бiр көлiктен екiншi көлiк түріне ауысып отыру кешiккен кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мәжбүрлі аялдау шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мәжбүрлi аялдауды туғызған себептердi жойғанға дейінгі уақытқа қаланың немесе елді мекеннің ішінде болуға ғана құқық бередi.
      24. Әуе немесе темiр жол көлiгiнiң қызметiн пайдаланатын және мәжбүрлі аялдама жасаған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеудi көлiктегi iшкi iстер органдары не болмаса аумақтық iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
      Мәжбүрлі аялдағанын ресімдеу үшін шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам ішкі істер органына аялдауға рұқсатты ресiмдеу туралы жазбаша арыз бередi.
      25. Тiркеудің әрекет ету мерзiмi мәжбүрлі аялдауды тудырған себептердi жою үшiн қажеттi уақытпен айқындалады.
      Медициналық ұйымдарда емделіп жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарын тiркеу олар сол жерден шыққаннан кейiн күнтізбелік бес күн ішінде ресiмделедi. Олардың отбасы мүшелерiнiң немесе оларға ілесіп жүретін адамдардың паспорттарын тiркеу аялдауға мәжбүр болған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде медициналық ұйымның анықтамасында көрсетiлген науқас шетелдiктi емдеу үшін қажеттi мерзiмге ресiмделедi.
      26. Республика аумағында 72 сағаттан астам мерзімге аялдауға мәжбүр болған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуына рұқсат iшкi iстер органдарында транзиттiк визасын ұзартпай беріледі.
      27. Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін уақытша жабық аумақтарына шетелдіктер келген кезде қабылдаушы ұйымдар ішкі істер органдары арқылы оларға тиісті рұқсат-өткізу қағазын (4-қосымша) ресімдейді.
      28. Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін уақытша жабық аумағына шетелдіктердің келуіне:
      1) Қазақстан Республикасына қазақстандық қабылдаушы ұйымдардың шақырулары бойынша, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері желісі арқылы келгендерге осы ұйымдардың жазбаша өтініштерінің негізінде;
      2) жеке істері бойынша келгендерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындарға олардың жеке өтініштерінің негізінде рұқсат етіледі.
      Қазақстан Республикасына қабылдаушы ұйымдардың желісі және жеке істері бойынша келгендерге Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумағына баруға рұқсат (рұқсат қағазы) жазбаша өтініштер келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде осы аудандарда болу мерзімдері көрсетіле отырып беріледі. Құжат арқылы расталған жедел жағдайларда (туысқандарының өлімі, ауыр науқасы) рұқсаттар одан әрі ұлттық қауіпсіздік органдарына хабарлана отырып, дереу беріледі.
      29. Жеке немесе қызметтiк автокөлiкпен жүретін, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар шетелдіктердің болуы үшiн ашық аумақта автомобиль жолдарымен еркiн жүре алады. Олардың шетелдiктердiң болуы үшiн жабық аумақтан өтетiн автокөлiк жолдары арқылы жүріп-өтуi ұлттық қауiпсiздiк органдарының келiсiмi бойынша iшкi iстер органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      30. Рұқсат бiр адамға берiледi. Ата-аналарымен немесе оларға ілесіп жүретін адамдармен жабық аумаққа шығатын 16 жасқа дейiнгi балалар туралы мәлiметтер сол адамдардың рұқсат қағаздарына жазылады.
      31. Жабық аумаққа кіретін адамдар баратын жеріне келгеннен кейiн үш күндiк мерзiмде iшкi iстер органына немесе жергiлiктi билік органдарында тiркелуге мiндеттi.
      32. Жабық аумаққа кіруге рұқсат пен рұқсат қағазы белгiлi бiр елдi мекенге берiледi. Тиiстi өтiнiш хат болған жағдайда олар жабық аумақтың бiрнеше елдi мекенiне кіру үшiн берiледі.
      33. Егер жабық аумаққа баратын көшіп-келушілер жолда кешігіп, олардың рұқсат қағаздарының мерзiмi өтіп кеткен жағдайда, осындай адамдар өтiнiш білдіретін iшкi iстер органдары ұсынылған құжаттарды тексерген соң олардың әрекет ету мерзiмiн ұзартады. Бұл туралы елтаңбалық мөр қойылып, рұқсат қағазының артқы бетiне жазба жасалады.
      34. Азаматтар жоғалтып алған рұқсат қағаздарының орнына оларды тиiстi iшкi iстер органы бергенi расталғаннан кейiн жаңасы берiледi.
      35. Жабық аумаққа кіретін көшіп-келушілер ішкі істер органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексерiледi.
      Жабық аумаққа өз бетiмен, сондай-ақ ата-аналарымен немесе оларға ілесіп жүретін адамдармен бiрге баратын, 16 жасқа толмаған балалар жедел есептер бойынша тексерiлмейдi.
      36. Жабық аумаққа келуге рұқсаттар мен рұқсат қағаздар беру немесе беруден бас тарту, сондай-ақ рұқсаттың әрекет ету мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi тексеру материалдарының негiзiнде ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастықтары, iшкi iстер органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары қабылдайды.
      Рұқсат беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда азаматтарға үш жұмыс күні ішінде ол туралы хабарланады.
      37. Рұқсат алу үшін көшіп-келушілер iшкi iстер органдарына өздерi келедi. Оларға рұқсат жабық аумаққа кiруге берiлген рұқсат пен рұқсат қағаздарын есепке алу кiтабына (5-қосымша) қол қоя отырып, жеке басын куәландыратын құжаттарын тексергеннен кейiн берiледi.
      Рұқсатты беру кезiнде оларды ресімдейтін ішкі істер органдарының қызметкерлерi рұқсаттың артқы бетінде жазылған ескертпе мен таныстырады. Алушы ескертпе мен танысу фактін рұқсаттың артқы бетіне өз қолын қою арқылы растайды.
      38. Рұқсаттар күлгiн, қара, көк сиялармен (пастамен) толтырылады немесе жазу машиналарында басылады, ІІД, ҚАІІБ(б) көші-қон полициясы бөліністерінің бастықтары қол қояды.
      Қол қойылған рұқсаттар елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
      39. Рұқсаттар ұқыпты, анық, жазуларын қысқартпай, түзетулерсiз толтырылуы керек, бұл ретте:
      а) «Келу» деген жолда нақты келген уақыты мен елді мекеннің атауы көрсетiледi;
      в) «онымен бiрге 16 жасқа толмаған балалары» деген жолда, егер олар ата-анасымен бiрге болмаса, «жоқ» деп көрсетiледi.
      г) «Құжатын көрсеткенде жарамды» деген жолда жеке басты куәландыратын құжаттар (көшіп-келушінің жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлiк) көрсетiледi;
      д) «Рұқсаттың жарамдылық мерзiмi» деген жолда жабық аумақта уақытша болу үшiн қажеттi мерзiм көрсетiледi.
      40. Жабық аумаққа келген көшіп-келушілер рұқсатта көрсетiлген елдi мекендер мен аудандар шегiнде ғана тұруға құқылы.

Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
1-қосымша

Нысан

Көшіп-келушілердің паспорттарын iшкi iстер органдарында
тiркеудi есепке алу журналы

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Жынысы

Азаматтығы

Паспортының нөмірі

Құжаттың түрі

Берілген күні

Дейін жарамды

Ұлты

Жеке сәйкестендіру нөмірі


Тегі, аты-жөні дәл паспортта көрсетілгендей латын әріптерімен енгізіледі

Туған күні, айы мен жылы көрсетіледі

Сөздіктен тиісті мән таңдап алынады (ер немесе әйел)

Сөздіктен тиісті азаматтық таңдап алынады

Құжаттың сериясы латын әріптерімен және нөмірі көрсетіледі

Сөздіктен тиісті құжат түрі (дипломаттық, ұжымдық, ұлттық және т.б.) таңдап алынады

Құжатты берген күн, ай және жыл көрсетіледі

Құжаттың әрекет ету мерзімі аяқталған күн, ай және жыл көрсетіледі

Сөздіктен тиісті ұлт таңдап алынады

ЖСН көрсетіледі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      кестенің жалғасы

Тіркеу нөмірі

Тіркеген орган

Тіркелген күні

Тіркеу мерзімі

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

Қазақстан Республикасына келу мақсаты

Қабылдаушы тарап

Атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Шетелдікті тіркеу нөмірі көрсетіледі

Шетелдікті тіркеуді жүзеге асырған орган

Шетелдік тіркеген күн көрсетіледі

Визаның аяқталған күні көрсетіледі

Шетелдікті тіркеуді жүзеге асырған қызметкердің Т.А.Ә. көрсетіледі

Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетіледі

Қабылдаушы ұйымның толық атауы көрсетіледі

ЖСН көрсетіледі

БСН көрсетіледі

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

      кестенің жалғасы

Меншік нысаны

Мемлекеттік тиесілігі

Тіркеу туралы куәлік

Статистикалық карточканың нөмірі

Лицензияның нөмірі

Мекенжай

Ұйымның қысқаша сипаттамасы

Сөздіктен ұйымның тиісті меншік нысаны таңдап алынады

Сөздіктен тиісті мемлекеттік тиесілік таңдап алынады

Ұйымды тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні көрсетіледі

Статистикалық карточканың нөмірі көрсетіледі

Берілген лицензияның нөмірі көрсетіледі

Ұйымның мекенжайы көрсетіледі

Ұйым туралы (қызмет ерекшелігі) қосымша ақпарат көрсетіледі

22

23

24

25

26

27

28

      кестенің жалғасы

Шақырулар

Көшіп-келушілердің жұмыс орны

Қабылдаушы адам

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Жынысы

Азаматтығы

Негізгі құжаттың түрі

Негізгі паспорттың нөмірі

Көшіп-келушілердің шет елдердегі және Қазақстан Республикасындағы жұмыс орны

Тегі, аты-жөні дәл паспортта көрсетілгендей латын әріптерімен енгізіледі

Туған күні, айы мен жылы көрсетіледі

Сөздіктен тиісті мән таңдап алынады (ер немесе әйел)

Сөздіктен тиісті азаматтық таңдап алынады

Құжаттың сериясы латын әріптерімен және нөмірі көрсетіледі

Сөздіктен тиісті құжат түрі (дипломаттық, ұжымдық, ұлттық және т.б.) таңдап алынады

29

30

31

32

33

34

35

36

37

      кестенің жалғасы

Негізгі құжаттың берілген күні

Негізгі құжаттың әрекет ету мерзімі

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Ұлты

Туған жері

Тіркеуді ұзарту

Дейін ұзартылды

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

Құжатты берген күн, ай және жыл көрсетіледі

Құжаттың әрекет ету мерзімі аяқталған күн, ай және жыл көрсетіледі

ЖСН көрсетіледі

Сөздіктен тиісті ұлт таңдап алынады

Тиісті туған жері көрсетіледі (қала, облыс, аудан, ауыл)

Шетелдіктің келумерзімініңаяқталған күні  көрсетіледі

Шетелдіктің келу мерзімін ұзартқан қызметкердің Т.А.Ә.

38

39

40

41

42

43

44

45

      кестенің жалғасы

Мемлекет, провинция

Елді мекен

Көше, шағын аудан

Корпус

Үй

Пәтер

Телефондары

Сөздіктен шетелдік тұрмақшы болған мемлекет (Қазақстан) таңдап алынады

Шетелдік тұрмақшы болған елді мекен көрсетіледі

Шетелдік тұрмақшы болған көшенің, шағын ауданның атауы көрсетіледі

Шетелдік тұрмақшы болған тиісті корпус (болған жағдайда) көрсетіледі

Шетелдік тұрмақшы болған үйдің нөмірі көрсетіледі

Шетелдік тұрмақшы болған пәтердің нөмірі көрсетіледі

Байланыс телефондарының нөмірлері көрсетіледі

46

47

48

49

50

51

52

      кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасында тұратын мекенжайы

Электрондық пошта

Пошта индексі

Ескертпе

Электрондық пошта мекенжайы (болған жағдайда) көрсетіледі

Пошта индексі көрсетіледі

Басқа ақпараттық жолдарда көрініс таппаған қолда бар ақпарат көрсетіледі (Қазақстан Республикасында болжамды тұрғылықты жеріне қатысты: бронь жасалған қонақ үй және т.с.с.)

53

54

55

56

Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
2-қосымша

Нысан

Қабылдаушы ұйымның жазбаша арызының (өтінішінің) үлгiсi
(ұйымның бланкiсi)

__________облысы (Астана,
Алматы қалалары) IIД
Көшi-қон полициясы
басқармасының бастығы
_______________________
атағы (Т.А.Ә.)

_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеу
№ мен күні, СТН, БСН, мекенжайы, қызмет ерекшелігі)
________________________________ дан __________________________ дейiн
_____________________________________________________________________
      (тәжiрибемен алмасу, тағылымдама, туризм, оқу)
_____________________________________ мақсатында келген шетелдiктер*:
1.___________________________________________________________________
                  (тегi, аты, азаматтығы, паспорт)
2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
4.____________________________________ паспорттарын тiркеудi сұрайды.
      _______________________________________________________________
      _____________________________________ мекенжайы бойынша тұрады.
      Ұйымның мөрi
      Ұйымның басшысы       _________________________________________
                                    (тегi, аты-жөнi, қолы)

* Көшіп-келушілердің паспорттарының көшірмелері қоса беріледі.

Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
3-қосымша

Нысан

Көшіп-келушіні
есепке алу карточкасы

_________________________________________________________________
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты:
2. Жынысы:
3. Туған күні:
4. Паспорттың нөмiрi:
5. Азаматтығы:
6. Келу мақсаты:
7. Тiркелген орны:
8. Жұмыс, оқу орны:
9. Тәртiп бұзу сипаты (болған жағдайда):
10. Тәртiп бұзушылықты кiм анықтады (болған жағдайда):
11. Тәртiп бұзушылықтың уақыты (болған жағдайда):
12. Шешiм қабылданды (болған жағдайда):
13. Шешiм қабылдаған IIБ (болған жағдайда):
14. Шешiм қабылданған күн:
15. Карточка толтырылған күн:

      Карточканың өлшемi 205 х 145 миллиметр
      Ескертпе:
      № 8 деректеме – «Жұмыс, оқу орны» (министрлiктiң, ведомствоның, ұйым мен нақты оқу орнының қысқартылған атауы көрсетiледi).
      № 9 деректеме – «Тәртiп бұзушылық сипаты» («Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес көрсетiледi).
      № 12 деректеме – «Қабылданған шешiм»:
      1) ескерту;
      2) болу мерзiмi қысқартылды;
      3) айыппұл (сомасы теңгеде);
      4) елден шығару;
      5) қылмыстық iс қозғалды;
      6) айдауылмен елден шығару.

Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
4-қосымша

Нысан

РҰҚСАТ ҚАҒАЗ
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi (елтаңба)

Азамат ___________________________________________________________
            (тегi, аты, әкесiнiң аты және туған күні)
      ____________________________________________________________
            (облыс) (қаланың, ауылдың нақты атауы және бұл
мекен (iшкi iстер органның атауы) қай облыстың құрамына кiредi)
20____жылғы «__»____________ келуге рұқсат беріледі. Сапардың
мақсаты ___________________________________________________________
Өзімен бiрге 16 жасқа толмаған балалары ___________________________
___________________________________________________________________
                  (әрбiр баланың аты, жасы көрсетiледi)
___________________________________ құжатты көрсеткен кезде жарамды
      (құжаттың сериясы мен нөмiрi, кiм, қашан берiлген)

Рұқсаттың әрекет ету мерзiмi _______
Бастық______________________________

Сыртқы беті

ЕСКЕРТПЕ

      1. Рұқсат онда көрсетiлген елдi мекенге кiру құқығын бередi.
      2. Рұқсатта көрсетiлген жерге келген адам келген сәтiнен бастап үш күндiк мерзiмде рұқсатты және паспортын тiркеу үшiн жауапты адамға (жатақхананың комендантына, қонақ үйдiң, санаторийдiң, демалыс үйiнiң әкiмшiлiгiне немесе оған арнайы уәкiлеттік берілген адамға) iшкi iстер органына тiркеуге ұсыну үшiн тапсыруға мiндеттi.
      3. Рұқсатты жоғалтқан кезде болу жерiне жақын iшкi iстер органына дереу хабарлануы тиiс.
      4. Рұқсатты алған, бiрақ қандай да бiр себептер бойынша онда көрсетiлген елдi мекенге шықпаған адам оны iшкi iстер органына тапсыруға мiндеттi.
      5. Жабық аумаққа кіру қағидаларын, сондай-ақ онда тұру немесе тіркеу қағидаларын бұзу заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Қағидалармен таныстым _______________
                        (қолы)

Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
5-қосымша

Нысан

Жабық аумаққа кіруге берілген рұқсат қағаздарын есепке алу
кітабы

Рұқсат қағаз

Рұқсат қағаздың берілген күні

Шақыру қашан келіп түсті және қандай қабылдаушы адамнан

Тегі, аты, әкесінің аты

Рұқсат қағазының әрекет ету мерзімі

Рұқсат қағаз қайда берілген

Алғаны туралы қолхат

Рұқсат қағазды қайтару туралы белгі


Сериясы

Нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады