Жүргізуші куәлігі талонын тіркеу, рәсімдеу, әкімшілік жазаларды анықтау және басқа да қызметтері жөніндегі Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 317 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4902 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 46 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.02.11  N 46Бұйрығымен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45 және 700-баптарының талаптарын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жүргізуші куәлігі талонын тіркеу, рәсімдеу, әкімшілік жазаларды анықтау және басқа да қызметтері жөніндегі Ережесі бекітілсін.

      2. Астана, Алматы қалалары мен облыстардың Ішкі істер департаменттерінің бастықтары жол полициясы бөлімшелерінің жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Ө.Т. Түсімов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры Қ.Б. Өскенбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Ө.Т. Түсімов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы 6 тамыздағы
N 317 бұйрығымен 
бекітілген   

Жүргізуші куәлігі талонын тіркеу, рәсімдеу,
әкімшілік жазаларды анықтау және басқа да қызметтері жөніндегі Ережесі 1. Жалпы қағидалар

      1. Осы Ереже»"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 6 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және жүргізуші куәлігінің талонын тіркеу, рәсімдеу және оған ақпараттар енгізу тәртібін анықтайды.

      2. Жүргізуші куәлігінің талонын енгізу кезінде қолданылатын негізгі ережелер және терминдер:
 

      өзара рұқсат беру құқығын анықтау - бөлінетін құпиясымен бірге рұқсат беру құқығын анықтаудың хаттамасын пайдалануымен терминалдың түпнұсқалығын микропроцессорлық картамен және микропроцессорлық картаның түпнұсқалығын терминалмен тексеру рәсімі;
 

      картаны анықтап, қосу - микропроцессорлық картада файлдық құрылымды құру және барлық микропроцессорлық карталарға бірдей барлық деректерді жүктеу процессі;
 

      микропроцессорлық карта - интегралдық микросызба (микропроцессор) енгізілген пластикалық карта. Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 105 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде N 4590 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 "Жүргізуші куәлігі және көліктік құралды тіркеу туралы куәлігінің жаңа үлгілерін енгізу туралы" бұйрығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" бұйрығының талаптарына сәйкес барлық қажетті сыртқы және функционалдық талаптарға сәйкес келетін микропроцессорлық карта алынған жеріне байланыссыз жүргізуші куәлігі талоны ретінде мына жағдайларда қолданыла алады:
 

      - карта жол полициясы органдарында арнайы құралдар арқылы және СТ АҚ 40876417-01-2007 стандартының талаптарына сәйкестікті растаудың қажетті рәсімдерін өткен және жүргізуші куәлігі талонында заңнамамен тыйым салынбаған басқа функцияларды орнықтыруға ниет білдірген ұйымдармен дербестендірілгенде.
 

      ұтқыр терминалы - сұйық кристалды дисплейі және алмалы-салмалы аккумуляторлық батареясы бар арнайы ажыратқыш арқылы микропроцессорлық картаға деректерді оқу/жазу тасымал қондырғысы;
 

      қауіпсіздік модулі - өзара рұқсат беру рәсімін орындау кезінде қолданылатын құпия кілттерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ететін, мамандандырылған микропроцесорлық карта;
 

      картаны дербестендіру - нақты әрбір микропроцессорлық карта үшін бірегей деректерді, оның ішінде микропроцессорлық картаның иесі туралы дербес мағлұматтарды микропроцессорлық картаға енгізу процессі. Дербестендіру кезінде осындай карталарды ұстаушылар туралы ақпараттық қор құрастырылады;
 

      терминал - микропроцессорлық картаға деректерді оқу/жазу қондырғысымен жабдықталған ұтқыр терминал немесе дербес компьютер;
 

      жүргізуші куәлігі талоны (бұдан әрі - Талон) - жұмыс бөлігі интегралдық микросызбадан (микропроцессор) тұратын микропроцессорлық карта ретіндегі Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған және орындалған әкімшілік жазаларды есептеу құралы.

      3. Талон мынадай ақпаратты сақтауға арналған:
 

      жүргізуші куәлігі туралы мәліметтер (сериясы мен нөмірі, берілген күні, алынған күні);
 

      жүргізуші туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен күні, жынысы, тұрғылықты жері, типі, сериясы, нөмірі және жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, жеке ұқсас нөмірі (ЖҰН), СТН;
 

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер:
 

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің бабы, бұзушылық жасаған күні мен уақыты;
 

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нөмірі;
 

      әкімшілік жазаның түрі туралы;
 

      айыппұлдың сомасы;
 

      әкімшілік жазаны/айыппұлды салған инспектор картасының бірегей ұқсас нөмірі;
 

      салынған әкімшілік жазаның орындалуы туралы белгі.
 

      көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы (міндетті түрде сақтандырудың шарттың болуын растайтын құжаттың нөмірі, күні және қолдану мерзімі);
 

      көлік құралдың техникалық байқаудан міндетті түрде өткендігі туралы (мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы талонның және куәлігінің нөмірі, берілген күні).
 

      Талонға Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қосымша мәліметтер енгізілуі мүмкін.

      4. Талон соның ішінде жүргізуші куәлігін алып қою кезінде және де көлік құралды басқару құқығынан айырған жағдайда да алып қоюға жатпайды.

2. Жүргізуші куәлігі талонын тіркеу тәртібі

      5. Осы Ережелермен белгіленген тәртіпте жүргізуші куәлігі талоны жол полициясы органдарында тіркелгеннен кейін әкімшілік жазаларды анықтау құралы мәртебесін алады.

      6. Микропроцессорлық карталардың тіркеу тәртібі:
 

      1) Жол полициясы органдарына жүргізуші куәлігі талонын алу үшін жүгінген жағдайда жүргізушіге қажетті:
 

      - осы Ережелерге қосымша нысанға (N 1 қосымша) сәйкес жүргізуші куәлігі талонын алу туралы екі данадағы өтініш, жүргізуші куәлігін, жеке басының куәлігін және әкімшілік тәжірибеден алынған тіркелген/тіркелмеген жол қозғалысы ережесін бұзушылық туралы анықтаманы ұсынуға.
 

      Тіркеу-емтихан бөлімінің инспекторы жүргізушінің өтінішінде көрсетілген жүргізуші куәлігі және жеке басы куәлігі мағлұматтарының сәйкестілігін тексергеннен кейін өтінішті қабылдауға, өтінішті қабылдағаны туралы белгі қоюға, өтінішті қабылдағаны туралы белгі қойылған өтініштің бір данасын қайтып беруге және өтініш берушіге жүргізуші куәлігі талонын алу жері мен мерзімі туралы түсіндіруге міндетті. Жүргізуші куәлігі талоны мерзімі 30 жұмыс күннің ішінде берілуі қажет. Автоматтандырылған жұмысшы орнын қолданудың техникалық талаптарына сәйкес инспектор жүргізуші куәлігі талонын дербестендіруге дайындау үшін қажетті деректерді "тіркеу-емтихан бөлімі" автоматтандырылған жұмысшы орны арқылы енгізеді;
 

      2) Жүргізуші куәлігі талонына қосымша функцияларды ұсынатын ұйымдардан жүргізуші куәлігі талонын алу үшін жүгінген жағдайда жүргізушіге қажетті:
 

      - ұйымның операторына жүргізуші куәлігін және жеке басының куәлігін ұсынуға;
 

      - осы Ережелерге қосымша нысанға (N 1-қосымша) сәйкес жүргізуші куәлігі талонын алу туралы үш дана электрондық үлгідегі өтінішке қол қоюға.
 

      Оператор жүргізушінің тіркеу өтінішінде көрсетілген жүргізуші куәлігі және жеке басы куәлігі мағлұматтарының сәйкестілігін тексеру рәсімінен кейін автоматтандырылған жұмысшы орнын қолданудың техникалық талаптарына сәйкес есептеу құрылғысының қабылдау жігіне жүргізуші куәлігі талонының жұмысшы бөлігін енгізуге, жүргізуші куәлігі талонын дербестендіруге және жүргізушіге микропроцессорлық картаны қосымша қызметтері бар жүргізуші куәлігі талоны ретінде пайдалану мүмкіншіліктері туралы тиісті ұсыныстарымен қайтарып беруге міндетті.

3. Жүргізуші куәлігі талонына ақпаратты енгізу тәртібі

      7. Инспектор жүргізушіден кез келген қызметтік байланыс кезінде жүргізуші куәлігі талонын көрсетуді талап етуге міндетті. Одан әрі талонды жүргізушіден алған кезінде инспектор ағымды күніне жарамды жүргізушінің орындауынан бұрын салынған әкімшілік жазалар туралы мәліметтерді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған мәліметтер базасынан жол қозғалысын бұзушы туралы ақпараттарды алу үшін ұтқыр терминалдың арнайы жігіне Талонның жұмыс бөлігін енгізуге міндетті.

      8. Жол ережесін бұзған жүргізушіге қатысты іс жүргізу шешімі қабылданғаннан кейін инспектор ұтқыр терминалды пайдаланудың техникалық талаптарына сәйкес Талонның интегралдық микросызбасына тиісті ақпаратты енгізеді.

      9. Әкімшілік жазаны салған инспектор немесе әкімшілік тәжірибенің инспекторы Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік жазаның орындалуы туралы мағлұматтарды Талонға енгізуге құқығы бар.

      10. Талонды алу кезінде инспектор салынған әкімшілік жазаны төлеу туралы мағлұматтарды және салынған әкімшілік жаза бойынша айыппұлды төлегені туралы төлем құжатының нөмірін және де төлемнің сомасын енгізу үшін ұтқыр терминалдың қабылдау жігіне Талонның жұмыс бөлігін енгізу міндетті.
      Егер төлем ұтқыр терминалдың төлемдік мүмкіндігі арқылы жүргізілген болса, онда әкімшілік жазаны орындау туралы ақпарат автоматты түрде енгізіледі.

      11. Инспекторының картасынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық қорына Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған және орындалған әкімшілік жазалар туралы мәліметтердің оқуы әрбір кезектің соңында жүзеге асырылады. Осы мақсатта кезекші бөлімінің инспекторы немесе кезектің жетекші инспекторы салынған әкімшілік жазалар туралы хаттамаларды және олардың орындауын растайтын өзге де құжаттарды алу кезінде инспектордың картасын талап етуге міндетті.

      12. Инспектордың картасын алу кезінде кезекші бөлімінің инспекторы немесе кезектің жетекші инспекторы автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдаланудың техникалық талаптарына сәйкес, инспектор картасының интегралдық микросызбасындағы барлық салынған және орындалған әкімшілік жазалар туралы мәліметтерді салынған және орындалған әкімшілік жазалар туралы ақпараттық қорға жазу үшін, кезекші бөлім диспетчерінің автоматтандырылған жұмыс орнының есептеу құрылымның қабылдау жігіне инспектор картасының жұмыс бөлігін енгізуге міндетті.

Облыстың атауы, Астана, Алматы ққ    
ІІД Жол полиция басқармасының бастығына 
қаласы, селосы, поселкесі, көшесі, даңғылы,
шағын ауданы.үй, пәтер мекен-жайы бойынша
тұратын жүргізуші Тегі Аты Әкесінің аты,

ӨТІНІШ

      Сізден сериясы N жүргізуші куәлігі талонын беруіңізді сұраймын.
      Талонды алу көзінде жүргізуші куәлігі талонын қолдану туралы нұсқаулықпен танысқанымды растаймын.
      Жүргізуші куәлігі талонын басқа тұлғалармен қолдануына жол бермеуге міндеттенемін.
      Жол полициясы органдарының және де қосымша қызметтермен қамтамасыз етушілердің ақпараттық қорларына мынадай мағлұматтарды енгізуге келісім беремін:
      - Тегі Аты Әкесінің аты: Тегі Аты Әкесінің аты
      - ЖБН: атауы«"@e-kz.com" электрондық пошталық жәшік ашу үшін;
      - Кіруге рұқсат беру коды - (Алты цифр және әріптен тұратын реттілік).
      Мен қолдануы тек қана ерікті болып табылатын жүргізуші куәлігі талонының қосымша мүмкіншіліктерімен келісемін, ал оларды қолданған жағдайда http://www.e-kz.com орналасқан осындай мүмкіншіліктерді қолдану ережелерін сақтауға міндеттенемін:
      - Активациясы http://www.e-kz.com арқылы ғана мүмкін Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 07 қаңтардағы N 370-II "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолы туралы" Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолы қосымшасын қолдануға келісу туралы белгі;
                                             _            _
           Қосымшаны персоналдау 1 керек пе? | X | Иә       |_| Жоқ
      - Активациясы http://www.e-kz.com арқылы ғана мүмкін төлем қосымшасын қолдануға келісу туралы белгі;   _            _
           Қосымшаны персоналдау керек пе? | X | Иә       |_| Жоқ
      - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 07 қаңтардағы N 370-II "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолы туралы" Заңына сәйкес электрондық құжат түріндегі көліктік құрал иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру келісім-шартының қосымшасын қолдануға келісу туралы белгі;
                                            _            _
           Қосымшаны персоналдау керек пе? | X | Иә       |_| Жоқ
      - Менің басқаруымдағы автокөліктік құралдардың техникалық байқаудан өтуі туралы деректерді енгізуге келісу туралы белгі;
                                            _            _
           Қосымшаны персоналдау керек пе? | X | Иә       |_| Жоқ

                       Осымен барлық берілген деректерді растаймын.
                       Өз қолымен төрт данада қол қойылған
                       03.09.2007 12:21

________________
1 Персоналдау - жүргізуші куәлігі талонының микропроцессоры иесінің қорғалған облысына персоналды ақпартты енгізу

Об утверждении Правил регистрации, оформления, фиксации административных взысканий и иных функций талона к водительскому удостоверению

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 6 августа 2007 года № 317. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 августа 2007 года № 4902. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 февраля 2009 года № 46

       Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 11.02.2009 № 46.

       В целях реализации требований статей 45 и 700 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила регистрации, оформления, фиксации административных взысканий и иных функций талона к водительскому удостоверению.

      2. Начальникам Департаментов внутренних дел городов Астаны, Алматы и областей организовать работу подразделений дорожной полиции в соответствии с требованиями настоящего Приказа.

      3. Комитету дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Тусумов О.Т.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан и обеспечить его официальное опубликование.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Ускимбаева К.Б. и Комитет дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Тусумова О.Т.).

      5. Настоящий Приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

      Министр

Утверждены приказом        
Министра внутренних дел    
Республики Казахстан       
от 6 августа 2007 года N 317

ПРАВИЛА
регистрации, оформления, фиксации административных взысканий
и иных функций талона к водительскому удостоверению 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 января 2007 года N 6 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1997 года N 1650" и определяют порядок регистрации, оформления и внесения информации в талон к водительскому удостоверению.

      2. Основные положения и термины, используемые при введении талона к водительскому удостоверению:

      взаимная аутентификация - Процедура проверки подлинности терминала микропроцессорной картой и подлинности микропроцессорной карты терминалом с использованием протокола аутентификации с разделяемым секретом;

      инициализация карты - Процесс создания файловой структуры на микропроцессорной карте и загрузки всех данных, одинаковых для всех микропроцессорных карт;

      микропроцессорная карта - Пластиковая карта со встроенной интегральной микросхемой (микропроцессор). Микропроцессорная карта, соответствующая всем необходимым внешним и функциональным требованиям в соответствии с требованиями Приказов Министра внутренних дел N 105 от 15 марта 2007 года "О внесении дополнений и изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года N 644 "О введении новых образцов водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства" зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 4590 может быть использована в качестве талона к водительскому удостоверению, независимо от места ее получения в случаях когда:
      карта персонализирована через специализированные средства в органах дорожной полиции и в организациях, намеренных разместить иные не запрещенные законодательством функции в талон к водительскому удостоверению и прошедших необходимые процедуры подтверждения соответствия стандарту СТ АО 40876417-01-2007;

      мобильный терминал - Переносное устройство чтения/записи данных на микропроцессорную карту через специальный разъем, с жидкокристаллическим дисплеем и встроенными аккумуляторными батареями;

      модуль безопасности - Специализированная микропроцессорная карта, обеспечивающая безопасное хранение секретных ключей, используемых при выполнении процедуры взаимной аутентификации;

      персонализация карты - Процесс загрузки на микропроцессорную карту данных, уникальных для каждой конкретной микропроцессорной карты, включая персональные сведения о владельце микропроцессорной карты. Во время персонализации производится формирование информационного ресурса о держателях таких карт;

      терминал - мобильный терминал или персональный компьютер, укомплектованный устройством чтения/записи данных на микропроцессорную карту;
      талон к водительскому удостоверению (далее - Талон) - средство учета наложенных и исполненных административных взысканий за нарушение Правил дорожного движения, который представляет собой микропроцессорную карту, рабочая часть которой состоит из интегральной микросхемы (микропроцессор).

      3. Талон предназначен для хранения следующей информации:
      о водительском удостоверении (серия и номер, дата выдачи, дата изъятия);
      о водителе (фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, пол, место жительства, тип, серия, номер и дата выдачи документа, удостоверяющего личность, индивидуальный идентификационный номер (ИИН), РНН;
      об административных правонарушениях:
      статья КРКоАП, дата и время совершения нарушения;
      номер протокола об административном правонарушении;
      об административном взыскании;
      сумма штрафа;
      идентификационный номер карты инспектора, наложившего административное взыскание/штраф;
      отметка об исполнении наложенных административных взысканий;
      об обязательном страховании ответственности автовладельца (номер, дата и срок действия документа подтверждающего наличие договора обязательного страхования);
      об обязательном прохождении технического осмотра транспортного средства (номер, дата выдачи свидетельства и талона о прохождении государственного технического осмотра).
      В Талон могут вноситься и другие дополнительные сведения, не запрещенные законодательством Республики Казахстан.

      4. Талон не подлежит изъятию, в том числе и при изъятии водительского удостоверения, а так же в случаях лишения права управления транспортным средством.

2. Порядок регистрации талона к водительскому удостоверению

      5. Талон к водительскому удостоверению получает статус средства фиксации административных взысканий после регистрации в органах дорожной полиции в порядке установленном настоящими Правилами.

      6. Порядок регистрации талона к водительскому удостоверению:
      1) при обращении водителя в органы дорожной полиции за получением талона к водительскому удостоверению, необходимо:
      предоставить заявление в двух экземплярах на получение талона к водительскому удостоверению в соответствии с формой ( Приложение N 1 ) к настоящим Правилам, водительское удостоверение, удостоверение личности и справку из административной практики о зарегистрированных/незарегистрированных нарушениях правил дорожного движения.
      Инспектор регистрационно-экзаменационного отдела проверяет на соответствие, указанных водителем в заявлении сведений из водительского удостоверения и удостоверения личности, обязан принять заявление, сделать отметку о принятии заявления, вернуть один экземпляр заявления с отметкой о принятии и разъяснить заявителю сроки и место получения талона к водительскому удостоверению. Талон к водительскому удостоверению должен быть выдан в срок до 30 рабочих дней. Через автоматизированное рабочее место "регистрационно-экзаменационный отдел", согласно техническим условиям использования автоматизированных рабочих мест, инспектор вводит данные необходимые для подготовки персонализации талона к водительскому удостоверению;
      2) при обращении водителя в организации предоставляющих дополнительные функции к талону к водительскому удостоверению, необходимо:
      предоставить оператору организации водительское удостоверение и удостоверение личности;
      подписать заявление в трех экземплярах, заполненное в электронной форме на получение талона к водительскому удостоверению в соответствии с формой ( Приложение N 1 ) к настоящим Правилам.
      Оператор после процедуры проверки соответствия данных указанных заявителем в заявлении на регистрацию сведений из водительского удостоверения и удостоверения личности, обязан ввести рабочую часть микропроцессорной карты в приемный разъем считывающего устройства, согласно техническим условиям использования автоматизированных рабочих мест, произвести персонализацию талона к водительскому удостоверению и вернуть микропроцессорную карту водителю с соответствующими рекомендациями о возможности ее использования, как талона к водительскому удостоверению с дополнительными функциями.

3. Порядок внесения информации в талон к водительскому удостоверению

      7. Инспектор обязан требовать предъявление талона к водительскому удостоверению при любом служебном контакте с водителем. Далее при получении от водителя Талона, инспектор обязан ввести рабочую часть Талона в приемный разъем мобильного терминала для получения сведений о ранее наложенных административных взысканиях, действительных на текущую дату для исполнения водителем и информации о нарушителе дорожного движения из специализированных баз данных Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      8. После принятия процессуального решения в отношении водителя, допустившего нарушение, инспектор вносит соответствующую информацию в интегральную микросхему Талона, согласно техническим условиям использования мобильного терминала.

      9. Инспектор, наложивший административное взыскание или инспектор административной практики, имеют право на внесение сведений в Талон информации об исполнении административного взыскания за нарушение правил дорожного движения.

      10. При получении Талона инспектор обязан ввести рабочую часть Талона в приемный разъем мобильного терминала для введения сведений об оплате наложенного административного взыскания и номер платежного документа, подтверждающего факт оплаты штрафа по наложенному административному взысканию, а так же сумму оплаты.
      В случае если оплата производится через платежные возможности мобильного терминала, то информация об исполнении административного взыскания заносится автоматически.

      11. Считывание сведений из карты инспектора в информационный ресурс Министерства внутренних дел Республики Казахстан о наложенных и исполненных административных взысканиях за нарушения правил дорожного движения осуществляется в конце каждой смены. В этих целях инспектор дежурной части или старший инспектор смены обязан при получении протоколов о наложенных административных взысканиях и иных документов, подтверждающих их исполнение, потребовать карту инспектора.

      12. При получении карты инспектора, инспектор дежурной части или старший инспектор смены обязан ввести рабочую часть карты инспектора в приемный разъем считывающего устройства автоматизированного рабочего места диспетчера дежурной части, согласно техническим условиям использования автоматизированных рабочих мест, для записи сведений обо всех наложенных и исполненных административных взысканиях, имеющихся в памяти интегральной микросхемы карты инспектора в информационный ресурс о наложенных и исполненных административных взысканиях.

Приложение 1                          

                                 Начальнику Управления дорожной полиции
                                 ДВД название области, гг Астана, Алматы
                                 от водителя Фамилия Имя Отчество,
                                 проживающего город, село, поселок,
                                 Улица, проспект, микр-он, дом, квартира

                              ЗАЯВЛЕНИЕ

      Прошу Вас выдать талон к водительскому удостоверению, Серия N

      Подтверждаю, что при выдаче талона к водительскому удостоверению
ознакомлен с инструкцией по его использованию.

      Обязуюсь не допускать использование талона к водительскому
удостоверению иными лицами.

      Даю согласие на внесение в информационные ресурсы органов дорожной
полиции, а так же поставщиков дополнительных услуг следующих сведений:

      - Фамилию Имя Отчество: Фамилия Имя Отчество
      - ИИН: для открытия электронного почтового ящика с названием


              - Код доступа - (Последовательность из шести цифр и букв).

      Я согласен (а) с дополнительными возможностями талона к
водительскому удостоверению, использование которых является исключительно
добровольным, а в случае их использования обязуюсь соблюдать правила
использования таковых возможностей размещенных на http://www.e-kz.com:

      - Отметка о согласии использования приложения электронной цифровой
        подписи в соответствии с Законом Республики Казахстан N 370-II
        от 07.01.2003 г. "Об электронном документе и электронной цифровой
        подписи" активация, которой возможна только через
        http://www.e-kz.com;
              Персонализировать 1 приложение? _     _
                                            | Х | Да| | Нет

      - Отметка о согласии использования платежного приложения,
        активация которого возможна только через http://www.e-kz.com;
                                             _     _
              Персонализировать приложение? | Х | Да| | Нет

      - Отметка о согласии использования приложения договора
        обязательного страхования гражданско-правовой ответственности
        владельца транспортного средства в форме электронного документа
        в соответствии с Законом Республики Казахстан N 370-II
        от 07.01.2003 г. "Об электронном документе и электронной
        цифровой подписи";
                                             _     _
              Персонализировать приложение? | Х | Да| | Нет

      - Отметка о согласии внесения сведений о прохождении технического
        осмотра на автотранспортные средства, мной управляемые;
                                             _     _
              Персонализировать приложение? | Х | Да| | Нет

                Настоящим подтверждаю все предоставленные сведения.
                Подписано собственноручно в четырех экземплярах
                03.09.2007 12:19
_______________________
1 Персонализация - внесение персональной информации в защищенную область памяти
микропроцессора талона к водительскому удостоверению.