Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2009.11.18 N 146 және ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.12.20 N 580 Бірлескен бұйрығымен
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 3 қыркүйектегі N 180 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 582 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2495 тіркелген) бірлескен бұйрығынамынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру туралы ережеде:
43-тармақта "оқу-тәрбие қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу" деген сөздерден кейін ", оқулықты сатып алу және жеткізу" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
міндетін атқарушы