Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 373-к Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5008 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.08.2013 № 324 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Әкімшілік қамтамасыз ету департаменті (Т.Т. Мекамбаев) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1159 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1361 тіркелген);
      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 шілдедегі N 652 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2985 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы С.Ж. Пірәлиевке жүктелсін.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрі 
міндетін атқарушының    
2007 жылғы 20 қарашадағы  
N 373-к бұйрығымен    
бекітілген        

Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Көтермелеу білім және ғылым саласындағы мәселелерді шешетін білім, ғылым және басқа да ұйымдар жүйесіндегі қызметкерлердің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.

      3. Қызметкерлерді еңбектегі табыстары, білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көтермелеу мақсатында мынадай көтермелеу түрлері белгіленеді:
      1) Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі;
      2) Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі;
      3) Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі;
      4) Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін" төсбелгісі;
      5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғысы.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.07.08 N 153-к Бұйрығымен.

      4. Төсбелгі төстің оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен орналасады.

      5. Төсбелгісімен марапаттау қайта жүргізілмейді.

2. "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті
қызметкері" төсбелгісімен марапаттау шарты

      6. Төсбелгімен:
      1) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және студенттердің өз бетімен дамуын қамтамасыз ететін сабақтарды, білімді бақылауды және жаңа интерактивтік технологияларды ұйымдастырудың және өткізудің белсенді нысандарын және әдістерін оқу үдерісіне енгізгені үшін;
      2) білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік және жобалық-конструкторлық қызметіне басшылық жасаудағы табыстары үшін;
      3) өңірлік, республикалық, халықаралық білім және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетістіктері үшін;
      4) білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулері үшін;
      5) білім беру жүйесінің оқытушы кадрларын даярлаудағы және олардың педагогикалық және ғылыми біліктіліктерін арттырудағы, мамандарды қайта даярлаудағы еңбектері үшін;
      6) оқу әдебиеттерін әзірлеудегі және оқу құралдары мен жабдықтарын шығарудағы жетістіктері үшін;
      7) білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастырудағы, материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базаларын дамытудағы және нығайтудағы жетістіктері үшін ең үздік қызметкерлер марапатталады.

      7. Төсбелгімен білім беру ұйымдарында он жылдан кем емес жұмыс өтілі және жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар (педагогикалық қызметкерлер үшін) қызметкерлер марапатталады.

3. "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін"
төсбелгісімен марапаттау шарты

      8. Төсбелгімен:
      1) отандық ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктер деңгейіне арналған қорытындысына ықпал ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы маңызды нәтижелері үшін;
      2) ғылымның, техниканың және мәдениеттің басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік басқа ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері үшін;
      3) жаңа техника мен технологияларды жасауға және қолда бар техника мен технологияларды жетілдіруге қосқан зор үлесі үшін;
      4) зор практикалық маңызы бар әзірленген жаңа технологиялары үшін;
      5) ғылым мен мәдениеттің қазіргі жетістіктерін қарсаңындағы ғылыми-зерттеу үдерістерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі маңызды табыстары үшін;
      6) білікті ғылыми кадрларды даярлаудағы жоғары жетістіктері үшін;
      7) қаржылық-шаруашылық қызметінің ғылыми саласын басқаруды ұйымдастырудағы, ғылымның материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базаларын нығайту мен дамытудағы жоғары жетістіктері үшін үздік қызметкерлер марапатталады.

      9. Төсбелгімен кемінде он жыл жұмыс өтілі бар ғылыми қызметкерлер марапатталады.

4. "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапаттау шарты

      10. Төсбелгімен:
      1) білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз ету, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын ұйымдастыру мен жетілдірудегі маңызды табыстары үшін;
      2) оқушылардың, тәрбиеленушілердің практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары үшін;
      3) облыстық (аудандық), республикалық халықаралық білім бағдарламалары мен жобалардағы жетістіктері үшін білім беру органдары мен ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері марапатталады.

      11. Төсбелгімен білім беру органдары мен ұйымдарында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер марапатталады.

5. "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін" төсбелгісімен марапаттау шарты

      Ескерту. 5-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.07.08 N 153-к Бұйрығымен.

      12. Төсбелгімен білім беру органдары мен ұйымдарында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар үздік білім және ғылым қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттер, Қазақстанның және әріптес елдердің ғылыми және білім беру ұйымдарының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқан атақты шетелдік білім және ғылым қайраткерлері марапатталады.

6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Құрмет грамотасымен марапаттау шарты

      13. Құрмет грамотасымен:
      1) ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі зор және жемісті еңбегі үшін;
      2) білім беру және тәрбиелеу үдерісіне оқытудың жаңа технологияларын, нысандары мен әдістерін енгізгені және оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз еткені үшін;
      3) іргелі және қолданбалы ғылымның өзекті проблемалары жөніндегі, оның ішінде білім беру проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулерді дамытқаны үшін;
      4) өңірлік, республикалық, халықаралық білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы, ғылымның, техниканың және мәдениеттің басым бағыттары бойынша өңірлік жоғары оқу орындары арасындағы бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері үшін;
      5) оқушыларды, тәрбиеленушілерді, студенттерді және тыңдаушыларды практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігі мен дербестігін дамытудағы табыстары үшін;
      6) оқытудағы зор табыстары үшін;
      7) жоғары білікті мамандарды практикалық даярлауда, материалдық-техникалық базаларды дамытуда білім беру ұйымдарына тұрақты және белсенді көмегі үшін үздік қызметкерлер марапатталады.

      14. Білім және ғылым ұйымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар ғылыми және педагогикалық қызметкерлер құрмет грамотасымен марапатталады.

7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғысын жариялаудың шарты

      15. Алғыс:
      1) Министрлік немесе білім беруді басқару органдары ұйымдастыратын (конкурстар, олимпиадалар, байқаулар, көрмелер) жекелеген, біржолғы іс-шараларды өткізгені үшін;
      2) Министрлік тапсырмаларын жоғары деңгейде орындағаны үшін;
      3) еңбек, оқу, тәрбие және әкімшілік қызметіндегі табыстары үшін үздік қызметкерлерге жарияланады.

8. Марапаттау материалдарын беру және қарау тәртібі

      16. Білім және ғылым саласындағы қызметкерлерді марапаттау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) ғылыми кеңестің, алқаның шешімінен көшірмесімен қоса білім беру ұйымдарының кепілхаты;
      2) Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес марапаттау парағы.
      Кепілдемехатқа және марапаттау парағына кандидатураны ұсынып отырған мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      17. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары марапаттау материалдарын білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ұсынады.

      18. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, облыстардың Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, білім беру ұйымдарының ғылыми және республикалық ұйымдары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне марапаттау материалдарын ұсынады.

      19. Марапаттау материалдары Марапаттау жөніндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің отырысында қаралады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауына енгізіледі.

      20. Төсбелгімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

Білім және ғылым қызметкерлерін 
көтермелеу жөніндегі       
нұсқаулыққа 1-қосымша       

"Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті
қызметкері" төсбелгісінің сипаттамасы

      Диаметрі 28 мм, қалыңдығы 2 мм белгі көк түсті ленталы көлемі 25х15 мм жұқа тақтайшаға бекітілген. Белгінің ортасындағы күнде ашылған кітаптың бейнесі, оң жағында лавр бұтағы жатыр. Белгінің сыртқы бетінде мемлекеттік тілде "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері" деген жазу бар. Белгі балқытылған мысты-никельден жасалған.

Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі      
нұсқаулыққа 2-қосымша     

"Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін"
төсбелгісінің сипаттамасы

      Диаметрі 28 мм, қалыңдығы 2 мм белгі көк түсті ленталы көлемі 25х15 мм жұқа тақтайшаға бекітілген. Белгідегі "Мәңгілік" көне белгісінің ортасында сегіз бұрыштың бейнесі бар. Белгінің сыртқы бетінде мемлекеттік тілде "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін" деген жазу бар.

Білім және ғылым қызметкерлерін 
көтермелеу жөніндегі       
нұсқаулыққа 3-қосымша       

"Ы. Алтынсарин" төсбелгісінің сипаттамасы

      "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі диаметрі 32 мм, қалыңдығы 2 мм мыстан және никельден балқытылған мерекелік медаль түрінде жасалған.
      Медальдің алдыңғы бетінде Ы. Алтынсариннің бейнесі бар.
      Бейненің астыңғы жағында "Ы. АЛТЫНСАРИН" деген жазу бар.
      Медальдің сыртқы бетінде мемлекеттік тілде "Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін" деген сөздер жазылған.

Білім және ғылым қызметкерлерін 
көтермелеу жөніндегі      
нұсқаулыққа 4-қосымша     

       Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.07.08 N 153-к Бұйрығымен.        

"Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін" төсбелгісінің сипаттамасы

      "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы жоғары қызметі үшін" төсбелгісі алқа мен планкадан тұрады.
      Алқа сегіз бұрышты жұлдыз тәрізді, сәулелері көк түсті эмальмен боялған және екі кішірек сәулелермен бөлінген.
      Жұлдыздың ортасында өзара айқасқан үш электрондық орбиталар бейнесімен дөңгелек орналасқан, дөңгелек сыртында қазақ тілінде "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін" деген жазу бар, әріптер күңгірт бедерлі.
      Алқаның келесі бетінде ағылшын тілінде "For great merits on education and science development of the Republic of Kazakhstan" деген жазуы бар, әріптері мен бейнелері жылтыр бедерлі.
      Алқа балқытылған мельхиор - ақ түсті металдан жасалған.
      Алқа сақина мен қапсырма шеге арқылы ұзындығы 50 мм, ені 32 мм жезден жасалған тік ұзартылған планкаға бекітілген.
      Планка көгілдір, сары және көк түстері бар қатқыл лентамен қапталған. Планканың келесі бетінде төсбелгіні киімге бекітетін визорлы құлыппен түйрегіш бар.

                                    Білім және ғылым қызметкерлерін
                                         көтермелеу жөніндегі
                                        нұсқаулыққа 5-қосымша

                                             ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

                        МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны ____________________________________
                              (бөлімшенің, кәсіпорынның, мекеменің,
____________________________________________________________________
   ұйымның, министрліктің, мемлекеттік комитеттің нақты атауын
                          көрсету қажет)
3. Жынысы __________________________________________________________
4. Туған жылы және туған жері ______________________________________
____________________________________________________________________
5. Білімі __________________________________________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
7. Мекен-жайы ______________________________________________________
8. Жалпы жұмыс өтілі ___________ 9. Саладағы жұмыс өтілі ___________
10. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ___________________________
11. Марапатталушының нақты негізгі еңбегін көрсететін мінездемесі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
              (ұйымның атауы, талқылау мерзімі, хаттама N)
_____________________________ кандидатура талқыланған және ұсынылған
______________________________ төсбелгісімен марапаттауға ұсынылады

                             Ұйым басшысы
                           ________________
                                (қолы)
                     _____________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты)
                        "___"__________________
                              (толтырған күні)

            мөрдің орны

Ескерту: марапатталушының аты-жөні, әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және транскрипциясы міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

Об утверждении Инструкции по поощрению работников образования и науки

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 ноября 2007 года № 373-к. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 ноября 2007 года № 5008. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки РК от 08.08.2013 № 324 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 39) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ

      1. Утвердить Инструкцию по поощрению работников образования и науки. 

      2. Департаменту административного обеспечения (Мекамбаев Т.Т.) в установленном порядке:
      1) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      2) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации. 

      3. Признать утратившим силу:
      1) приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 декабря 2000 года N 1159 "Об утверждении видов поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1361);
      2) приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 июля 2004 года N 652 "О внесении дополнений и изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 декабря 2000 года N 1159 "Об утверждении видов поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2985).     

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования. 

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на ответственного секретаря Пралиева С.Ж.

      И.о. Министра

Утверждена приказом         
и.о. Министра образования и науки 
Республики Казахстан        
от 20 ноября 2007 года N 373-к  

Инструкция по поощрению работников образования и науки 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция (далее - Инструкция) по поощрению работников образования и науки разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании". 

      2. Поощрения являются формой стимулирования труда работников системы образования, науки и других организаций в области образования и науки. 

      3. В целях поощрения работников за успехи в труде и достижения в области образования и науки устанавливаются следующие виды поощрения:
      1) Нагрудный знак "Почетный работник образования Республики Казахстан" согласно приложению 1 к Инструкции;
      2) Нагрудный знак "За заслуги в развитии науки Республики Казахстан" согласно приложению 2 к Инструкции;
      3) Нагрудный знак "Ы. Алтынсарин" согласно приложению 3 к Инструкции;
      4) Нагрудный знак " За высокие заслуги в развитии образования и науки Республики Казахстан " согласно приложению 4 к Инструкции;
      5) Почетная грамота Министерства образования и науки Республики Казахстан;
      6) Благодарность Министерства образования и науки Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 08.07.2009 № 153-к (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      4. Нагрудный знак носится на правой стороне груди ниже государственных наград Республики Казахстан. 

      5. Награждение нагрудным знаком повторно не производится.

2. Условия награждения нагрудным знаком
"Почетный работник образования Республики Казахстан"

      6. Нагрудным знаком награждаются лучшие работники:
      1) за внедренные в учебный процесс активные формы и методы организации и проведения занятий, контроля знаний и новые интерактивные технологии, обеспечивающие развитие самостоятельности учащихся, воспитанников и студентов, индивидуализацию их обучения;
      2) за успехи в руководстве научно-исследовательской и проектно-конструкторской деятельностью обучаемых;
      3) за достижения в региональных, республиканских, международных образовательных и научно-технических программах и проектах;
      4) за исследования по актуальным проблемам образования;
      5) за заслуги в подготовке и повышении педагогической и научной квалификации преподавательских кадров, переподготовке специалистов системы образования;
      6) за успехи в разработке учебной литературы и производстве учебных пособий и оборудования;
      7) за успехи в организации финансово-хозяйственной деятельности, развитии и укреплении материально-технической и экспериментально-производственной базы организаций образования. 

      7. Нагрудным знаком награждаются работники, имеющие стаж работы в организациях образования, не менее десяти лет и высшую либо первую квалификационную категорию (для педагогических работников).

3. Условия награждения нагрудным знаком
"За заслуги в развитии науки Республики Казахстан"

      8. Нагрудным знаком награждаются лучшие работники:
      1) за важные результаты в области фундаментальных и прикладных исследований, способствующие выводу отечественной науки и техники на уровень мировых достижений;
      2) за достижения в реализации международных, республиканских, региональных и других научно-технических программ по приоритетным направлениям науки, техники и культуры;
      3) за изобретения, вносящие крупный вклад в создание новой и совершенствование существующей техники и технологий;
      4) за разработанные новые технологии, имеющие большое практическое значение;
      5) за значительные успехи в организации и совершенствовании научно-исследовательского процесса в свете современных достижений науки и культуры;
      6) за высокие достижения в подготовке квалификации научных кадров;
      7) за высокие достижения в организации управления научной сферы финансово-хозяйственной деятельности, укреплении и развитии материально-технической и экспериментально-производственной базы науки. 

      9. Нагрудным знаком награждаются научные работники, имеющие стаж работы не менее десяти лет.

4. Условия награждения нагрудным знаком "Ы. Алтынсарин"

      10. Нагрудным знаком награждаются педагогические работники органов и организаций образования:
      1) за значительные успехи в организации и совершенствовании образовательного и воспитательного процессов, обеспечении единства обучения и воспитания, реализации образовательных и воспитательных программ;
      2) за успехи в практической подготовке учащихся, воспитанников, в развитии их творческой активности;
      3) за достижения в областных (районных), республиканских международных образовательных программах и проектах. 

      11. Нагрудным знаком награждаются работники, имеющие стаж работы в органах и организациях образования, не менее десяти лет.

5. Условия награждения нагрудным знаком
"За высокие заслуги в развитии образования и науки
Республики Казахстан"

       Сноска. Заголовок главы 5 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 08.07.2009 № 153-к (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      12. Нагрудным знаком награждаются лучшие работники образования и науки, имеющие стаж работы в органах и организациях образования не менее десяти лет, а также выдающиеся зарубежные деятели науки и образования, внесшие значительный вклад в развитие сотрудничества между государствами, научными и образовательными организациями Казахстана и страны-партнера.

6. Условия награждения Почетной грамотой
Министерства образования и науки Республики Казахстан

      13. Почетной грамотой награждаются лучшие работники:
      1) за большую и плодотворную работу по подготовке, переподготовке и повышению квалификации научно-педагогических кадров;
      2) за внедрение в образовательный и воспитательный процессы новых технологий, форм и методов обучения, обеспечение единства обучения и воспитания;
      3) за развитие научных исследований по актуальным проблемам фундаментальной и прикладной науки, в том числе по проблемам образования;
      4) за достижения в региональных, республиканских, международных образовательных и научно-технических программах и проектах, реализации региональных межвузовских программ по приоритетным направлениям науки, техники и культуры;
      5) за успехи в практической подготовке учащихся, воспитанников, студентов и слушателей, в развитии их творческой активности и самостоятельности;
      6) за значительные успехи в обучении;
      7) за постоянную и активную помощь организациям образования в практической подготовке высококвалифицированных специалистов, развитии материально-технической базы. 

      14. Почетной грамотой награждаются научные и педагогические работники, имеющие стаж работы в организациях образования и науки, не менее пяти лет.

7. Условия объявления благодарности
Министерством образования и науки Республики Казахстан

      15. Благодарность объявляется лучшим работникам:
      1) за проведение отдельных, разовых мероприятий (конкурсы, олимпиады, смотры, выставки и другие мероприятия), организуемых Министерством или органами управления образованием;
      2) за выполнение на высоком уровне поручений Министерства;
      3) за успехи в трудовой, учебной, воспитательной и административной деятельности.

8. Порядок представления и рассмотрения наградных материалов

      16. Для награждения работников в области образования и науки представляются следующие документы:
      1) ходатайство организации образования с приложением выписки из решения ученого (педагогического) совета, коллегии;
      2) наградной лист, согласно приложению 5 к Инструкции.
      Ходатайство и наградной лист подписывается руководителем государственного органа, организации, представившим кандидатуру. 

      17. Организации среднего, технического и профессионального и послесреднего образования представляют наградные материалы в местные исполнительные органы в области образования. 

      18. Государственные органы Республики Казахстан, Акимы областей, городов Астаны, Алматы, научные и республиканские организации образования, а также подведомственные организации представляют наградные материалы в Министерство образования и науки Республики Казахстан. 

      19. Наградные материалы рассматриваются на заседании Комиссии Министерства образования и науки Республики Казахстан по наградам. Решение комиссии оформляется протоколом и вносится на рассмотрение Министра образования и науки Республики Казахстан. 

      20. Награждение Нагрудным знаком, Почетной грамотой и Благодарностью осуществляется приказом Министра образования и науки Республики Казахстан.

Приложение 1           
к Инструкции по поощрению    
работников образования и науки  

Описание нагрудного знака
"Почетный работник образования Республики Казахстан"

      Знак представляет собой окружность диаметром 28 мм толщиной 2 мм, прикрепленный к планке размером 25х15 мм с голубой лентой. На знаке изображение раскрытой книги, в центре которой солнце, в правой части по окружности лежит лавровая ветвь. На обратной стороне знака надпись на государственном языке "Почетный работник образования Республики Казахстан". Знак изготовляется из медно-никелевого сплава.
      (рисунок см. на бумажном варианте)

Приложение 2           
к Инструкции по поощрению    
работников образования и науки 

Описание нагрудного знака
"За заслуги в развитии науки Республики Казахстан"

      Знак представляет собой окружность диаметром 28 мм толщиной 2 мм, прикрепленный к планке размером 25х15 мм с голубой лентой. На знаке изображение восьмиугольника, в центре которого древний знак "Вечности". На обратной стороне знака надпись на государственном языке "За заслуги в развитии науки Республики Казахстан".
      (рисунок см. на бумажном варианте)

Приложение 3           
к Инструкции по поощрению    
работников образования и науки 

Описание нагрудного знака "Ы. Алтынсарин"

      Нагрудный знак "Ы. Алтынсарин" изготовлен в виде юбилейной медали диаметром 32 мм, толщиной 2 мм, из сплава меди и никеля.
      На аверсе (лицевой стороне медали) изображение Ы. Алтынсарина.
      Под изображением надпись "Ы. АЛТЫНСАРИН".
      На реверсе (оборотной стороне медали) выбиты слова на государственном языке "Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін". Сторона медалировная.
      Медаль прикреплена к планке длиной 15 мм и шириной 25 мм, которая обшита голубой лентой.
      (рисунок см. на бумажном варианте)

Приложение 4           
к Инструкции по поощрению    
работников образования и науки 

Описание нагрудного знака
"За высокие заслуги в развитии образования и науки
Республики Казахстан"

       Сноска. Приложение 4 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 08.07.2009 № 153-к (порядок введения в действие см. п. 3 ).

       Нагрудный знак "За высокие заслуги в развитии образования и науки Республики Казахстан" состоит из подвески и планки.
      Подвеска знака представляет собой восьмиконечную звезду, лучи которой покрыты эмалью синего цвета и также разделены двумя лучами меньшего размера.
      Внутри звезды расположен круг с изображением трех перекрещенных между собой электронных орбит, по окружности расположена надпись на казахском языке "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін", буквы выступающие матовые.
      На оборотной стороне подвески надпись на английском языке "For great merits on education and science development of the Republic of Kazakhstan", буквы и изображение выступающие блестящие.
      Подвеска изготовлена из сплава мельхиор - металл белого цвета.
      С помощью кольца и скобы подвеска закреплена на вертикально удлиненной планке длиной 50 мм. и шириной 32 мм., изготовленной из латуни.
      Планка обтянута муаровой лентой имеющей голубой, желтый и синий цвета. На оборотной стороне планки расположена булавка с визорным замком, при помощи которой нагрудный знак крепится к одежде для ношения.

Приложение 5           
к Инструкции по поощрению    
работников образования и науки 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

                        НАГРАДНОЙ ЛИСТ
1. Фамилия, имя, отчество ___________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Должность, место работы, службы __________________________________
                          (указать точное наименование подразделения
_____________________________________________________________________
        предприятия, учреждения, организации, министерства,
                    государственного комитета)
3. Пол ________________ 4. Год и место рождения______________________
5. Образование ______________________________________________________
6. Ученая степень, ученое звание_____________________________________
7. Домашний адрес: __________________________________________________
8. Общий стаж работы ________ 9. Стаж работы в отрасли ______________
10. Стаж работы в данном трудовом коллективе ________________________
11. Характеристика с указанием конкретных особых заслуг
награждаемого________________________________________________________
Кандидатура обсуждена и рекомендована
_____________________________________________________________________
      (наименование организации, дата обсуждения, N протокола)

Представляется к награждению нагрудным знаком _______________________

      Руководитель организации
      _________________________
             (подпись)
      _________________________
      (Фамилия, имя, отчество)
      "___"______________года
        (дата заполнения)

      место печати

Примечание: фамилия, имя, отчество награждаемого заполняются по удостоверению
личности и обязательно указывается транскрипция на казахском и русском языках.

                       Қазақстан
                    Республикасының
                       Елтаңбасы
 

                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
              БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                      ҚҰPMET
                    ГРАМОТАСЫ

              ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ
              ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ЖОЛЫНДА
              ҚОЛ ЖЕТКЕН ТАБЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
             ГҮЛДЕНУІНЕ ҚОСҚАН ЗОР ҮЛЕСІ ҮШІН
        _________________________________________
        _________________________________________
        _________________________________________

                     МАРАПАТТАЛАДЫ

                МИНИСТР

                         "___" _________ 200__ж.

                       Қазақстан
                    Республикасының
                       Елтаңбасы
 

                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
              БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
               БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА
               ҚОСҚАН ЗОР ЖЕКЕ ҮЛЕСІ ҮШІН
             ______________________________
             ______________________________

                              АЛҒЫС

                      БІЛДІРЕДІ

          МИНИСТР

                         "___" _________ 200__ж.