"Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы N 373-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 шілдедегі N 153-к Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5718 болып енгізілді. үші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.08.2013 № 324 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы N 373-к бұйрығына (мемлекеттік нормативтік актілерді тіркеу тізілімінде N 5008 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 57 (1654) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықта :
       3-тармағының 4) тармақшасындағы және 5-тараудың аталуындағы ""Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытқаны үшін"" деген сөздер ""Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін"" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Әкімшілік департаменті (Т.Т. Мекамбаев) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                      Ж.Түймебаев

Қазақстан Республикасы      
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 8 шілдедегі      
N 153-к бұйрығына қосымша   

Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

"Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін" төсбелгісінің сипаттамасы

      "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы жоғары қызметі үшін" төсбелгісі алқа мен планкадан тұрады.
      Алқа сегіз бұрышты жұлдыз тәрізді, сәулелері көк түсті эмальмен боялған және екі кішірек сәулелермен бөлінген.
      Жұлдыздың ортасында өзара айқасқан үш электрондық орбиталар бейнесімен дөңгелек орналасқан, дөңгелек сыртында қазақ тілінде "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін" деген жазу бар, әріптер күңгірт бедерлі.
      Алқаның келесі бетінде ағылшын тілінде "For great merits on education and science development of the Republic of Kazakhstan" деген жазуы бар, әріптері мен бейнелері жылтыр бедерлі.
      Алқа балқытылған мельхиор - ақ түсті металдан жасалған.
      Алқа сақина мен қапсырма шеге арқылы ұзындығы 50 мм, ені 32 мм жезден жасалған тік ұзартылған планкаға бекітілген.
      Планка көгілдір, сары және көк түстері бар қатқыл лентамен қапталған. Планканың келесі бетінде төсбелгіні киімге бекітетін визорлы құлыппен түйрегіш бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады