Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 қазандағы N 123 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 5 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5128 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік шоттарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - банктер) ашатын шоттарының бірыңғай құрылымын белгілеу, банктер мен салық органдарының банктік шоттарды ашу және жабу кезінде өзара іс-әрекет жасау тәртібін, банктерді және олардың клиенттерін Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде бірегейлендіру жүйелерін жетілдіру және банк клиентінің банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымын Еуропалық Одақтың стандарттарына жақындату тәртібі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы  N 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 жылы N 9 жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы N 40-41 жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 382, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің N 137-138 (23348) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2343 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы 2-15 маусымда жарияланған, "Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда "Заң газеті" газетінің N 42-43 (849) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4534 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 25 (1228) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4880 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінің N 135 (1338) жарияланған, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 76 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

      "1-1-тарау. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы

      7-1. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.
      7-2. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді. Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген.";

      23-тармақта "органдарын" деген сөзден кейін "жазбаша немесе электронды тәсілмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      44-тармақ "жазбаша" деген сөзден кейін "немесе электронды тәсілмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы ережеге 3-қосымша

Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы

      1. Банк клиентінің банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымының ұзындығы белгіленген жиырма дәрежеден тұратын болады.
      KZССБББХХХХХХХХХХХХХ, мұнда:
      1) бірінші және екінші дәрежелер - Қазақстан Республикасының коды. Халықаралық код - KZ пайдаланылады;
      2) үшінші және төртінші дәрежелер - банк клиентінің банктік шот номерінің шынайы болуын және оны банктің төлем және өзге де құжаттарында дұрыс көрсетілуін бақылауға және қамтамасыз етуге арналған бақылау дәрежесі;
      3) бесінші, алтыншы және жетінші дәрежелер - банктің коды. Банктің кодын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды;
      4) сегізден жиырмаға дейінгі дәрежелер - банк клиентінің шотының банкішілік нөмірі, ол бір банктің ақпараттық (операциялық және өзге) жүйесінде айрықша болуы және клиенттің бір мәндегі сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
      Банктің клиентінің шотының банкішілік нөмірі банктің қалауы бойынша пайдаланылады. Еркін белгілер нөлмен белгіленеді және нөмірдің алдында пайдаланылмаған сол дәрежелерге орналастырылады. Шоттарға нөмір берілгенде цифрлық немесе латын әліпбиінің "I", "Q", "O" әріптерін қоспағанда, әріптік-цифрлық символдары қолданылады. Банк клиентінің шотының банкішілік нөмірінде әріптік символдар болған кезде, бақылау дәрежесін есептеу осы қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін пайдалана отырып жүргізіледі.
      2. Банк клиентінің банктік шотының нөмірін көзбен көріп қабылдауды жеңілдету мақсатында төрт мәнді символдан тұратын аралары бөлінген банк клиентінің банктік шотының нөмірі қағазға жазылған төлемдік және өзге де құжаттарда мынадай түрде көрсетуге болады:
      KZСС БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ.
      3. Электронды түрде ресімделген төлемдік және өзге құжаттарда банк клиентінің банктік шотының нөмірі белгілердің үздіксіз ретімен көрсетіледі.

      Әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесі

A=10

G=16

N=23

V=31

B=11

H=17

P=25

W=32

C=12

J=19

R=27

X=33

D-13

K=20

S=28

Y=34

E=14

L=21

T=29

Z=35

F=15

M=22

U=30


  Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы ережеге 4-қосымша

Бақылау дәрежесін есептеу алгоритмі

      Бақылау дәрежесін есептеу кезінде халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ISO - 7064) пайдаланылады, ол санның 97-ге бөлінуін болжамдайды, бөлуден алынған қалдық 98-ден шегеріледі. Егер нәтиже бір мәнді сан болып табылатын болса, алдына бір нөл қосылады.
      N 1 мысал.
      Банк клиентінің банктік шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234564567891 болып есептелсін.
      Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі 3-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесінің негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234564567891 2035 00.
      Екінші қадам: жоғарыда көрсетілген сан 97-ге бөлінеді және бөлуден 43 қалдық шығады.
      Үшінші қадам: 98-43=55.
      Бақылау дәрежесі 55-ке тең.
      Клиенттің шот нөмірі KZ 55 123 1234564567891.
      N 2 мысал.
      Клиенттің шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234565678902 болып есептелсін.
      Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдік код белгісі 3-қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234565678902 2035 00.
      Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді және тең бөлуден 90 қалдық шығады.
      Үшінші қадам: 98-90=8.
      Бақылау дәрежесі 8-ге тең, оның алдында "0" қосылады.
      Клиент шотының нөмірі KZ 08 123 1234565678902.

Бақылау разрядының дұрыстығын тексеру алгоритмі

      Бақылау разрядының дұрыстығын тексеру кезінде сондай-ақ санды 97-ге бөлуден болатын қалдықты табуды болжайтын халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ISO – 7064) пайдаланылады.
      3-қосымшада көрсетілген, әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін қолдана отырып, банк шотының нөмірін 97 санына бөлуден болатын қалдықты табу қажет. Банк шотының нөмірі дұрыс көрсетілген кезде қалдық 1 (бірге) тең болуы тиіс.
      Мысал:
      Клиенттің банк шотындағы бақылау разрядын бақылап тексеру
      KZ 55 1231 2345 6456 7891
      Бірінші қадам: алғашқы төрт символ клиенттің банк шоты нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі айырбастау кестесі негізінде айырбасталады:
      1231 2345 6456 7891 2035 55.
      Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді. Нәтижесі –1231234564567891203555/97=12693139840906094882,010309278351.
      Алынған саннан тұтас бөлік дөңгелектелмей бөлініп көрсетіледі – 12693139840906094882.
      Үшінші қадам: екінші қадамнан алынған сан 97-ге көбейтіледі, яғни біздің мысалымызда 12693139840906094882 * 97 = 1231234564567 891203554 аламыз.
      Төртінші қадам: 1-ші қадамнан алынған саннан 3-ші қадамнан алынған сан шегерілді. Егер нәтиже 1 (бірге) тең болса, онда бақылау разряды дұрыс есептелген. Біздің мысалымызда 1231234564567891203555 – 1231234564567891203554=1 аламыз. Бақылау разряды 55 дұрыс.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.25 N 91 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда,  2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.25 N 91 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясына), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық қылмысқа
      және сыбайлас жемқорлыққа
      қарсы күрес агенттігі
      (қаржы полициясы)
      Төраға
      2007 жылғы 15 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Соты
      Төраға
      2007 жылғы 20 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      Төраға
      2007 жылғы 18 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының жанындағы
      Сот әкімшілігінің комитеті
      Төрағаның м.а.
      2007 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Министр
      2007 жылғы 24 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Министр
      2007 жылғы 13 желтоқсан

О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 октября 2007 года N 123. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 февраля 2008 года N 5128. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 207

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.08.2016 № 207 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях установления единой структуры номеров банковских счетов клиентов банков, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, и счетов, открываемых Комитетом Казначейства Министерства финансов Республики Казахстан (далее - банки), усовершенствования порядка взаимодействия банков и налоговых органов при открытии и закрытии банковских счетов, системы идентификации банков и их клиентов в платежных системах Республики Казахстан и приближения структуры номера банковского счета клиента банка к стандартам Европейского Союза Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. В  постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 1199, опубликованное в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан в 2000 году, N 9; с изменениями и дополнениями, внесенными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 октября 2001 года  N 382 "Об утверждении изменений в Инструкцию о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан, утвержденную постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 1675, опубликованным в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан в 2001 году, N 40-41, от 21 марта 2003 года  N 90 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1199", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2244, опубликованным 6 июня 2003 года в газете "Казахстанская правда" N 163-164 (24103-24104), от 21 апреля 2003 года   N 140 "О признании банковских депозитных сертификатов ценными бумагами и внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1199", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2343, опубликованным 2-15 июня 2003 года в официальном издании Национального Банка Республики Казахстан "Вестник Национального Банка Казахстана", от 24 января 2006 года  N 2 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4094, опубликованным 10 марта 2006 года в газете "Юридическая газета" N 42-43 (1022-1023), от 18 января 2007 года   N 2 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4534, опубликованным 16 февраля 2007 года в газете "Юридическая газета" N 25 (1228), от 20 июля 2007 года  N 76 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4880, опубликованным 5 сентября 2007 года в газете "Юридическая газета" N 135 (1338) внести следующие дополнения:
      в  Правилах открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить главой 1-1 следующего содержания:
      "Глава 1-1. Единая структура номера банковского счета
      7-1. При открытии клиенту банковского счета для учета денег клиента банк присваивает ему индивидуальный идентификационный код, являющийся номером банковского счета клиента банка. Единая структура номера банковского счета указана в приложении 3 к настоящим Правилам.
      7-2. Единая структура номера банковского счета включает в себя контрольный разряд. Алгоритм расчета и проверки контрольного разряда указан в приложении 4 к настоящим Правилам.";
      пункт 23 после слова "обязаны" дополнить словами "письменно или электронным способом";
      пункт 44 после слова "письменно" дополнить словами "или электронным способом";
      дополнить приложениями 3 и 4 следующего содержания:

"Приложение 3                        
к Правилам открытия, ведения         
и закрытия банковских счетов клиентов
в банках Республики Казахстан        

                      Единая структура номера банковского счета 

      1. Единая структура номера банковского счета клиента банка имеет фиксированную длину в двадцать разрядов
      KZССБББХХХХХХХХХХХХХ, где:
      1) первый и второй разряды - код Республики Казахстан. Используется международный код - KZ;
      2) третий и четвертый разряды - контрольный разряд, предназначенный для контроля и обеспечения достоверности номера банковского счета клиента банка и правильности его указания в платежных и иных документах банка;
      3) пятый, шестой и седьмой разряды - код банка. Код банка присваивается Национальным Банком Республики Казахстан;
      4) разряды с восьмого по двадцатый - внутрибанковский номер счета клиента банка, который должен быть уникальным в информационной (операционной и иной) системе одного банка и обеспечивать однозначную идентификацию клиента.
      Разряды внутрибанковского номера счета клиента банка используются по усмотрению банка. Свободные знаки обозначаются нулями и располагаются в неиспользуемых разрядах слева перед номером. В нумерации счетов используются цифровые или буквенно-цифровые символы латинского алфавита, за исключением букв "I", "Q", "O". При наличии буквенных символов во внутрибанковском номере счета клиента банка, расчет контрольного разряда производится с использованием таблицы конвертирования буквенных символов в цифровые, предусмотренной настоящим приложением.
      2. В целях упрощения визуального восприятия номера банковского счета клиента банка, допускается указание в платежных и иных документах на бумажном носителе номера банковского счета клиента банка, состоящего из четырехзначных символов, разделенных промежутком, в следующем виде:
      KZСС БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ.
      3. В платежных и иных документах, оформленных в электронном виде, номер банковского счета клиента банка указывается в виде непрерывной последовательности знаков.

       Таблица конвертирования буквенных символов в цифровые

A=10

G=16

N=23

V=31

B=11

H=17

P=25

W=32

C=12

J=19

R=27

X=33

D=13

K=20

S=28

Y=34

E=14

L=21

T=29

Z=35

F=15

M=22

U=30


  Приложение 4                         
к Правилам открытия, ведения         
и закрытия банковских счетов клиентов
в банках Республики Казахстан        

Алгоритм расчета контрольного разряда

      При расчете контрольного разряда используется международный стандарт (Modulus 97-10, ISO - 7064), который предполагает деление числа на 97, полученный остаток от деления вычитается из 98. Если результатом является однозначное число, добавляется один предшествующий нуль.
      Пример N 1.
      Рассчитать контрольный разряд банковского счета клиента банка KZ СС 123 1234564567891.
      Шаг первый: первые четыре символа переносятся на конец номера банковского счета клиента банка, кодовое обозначение страны конвертируется на основании таблицы конвертирования буквенных символов в цифровые согласно приложению 3, вторые два символа обозначаются нулями. Результат: 123 1234564567891 2035 00.
      Шаг второй: полученное выше число делится на 97 и получается остаток от деления 43.
      Шаг третий: 98-43=55.
      Контрольный разряд равен 55.
      Номер счета клиента KZ 55 123 1234564567891.
      Пример N 2.
      Рассчитать контрольный разряд счета клиента KZ СС 123 1234565678902.
      Шаг первый: первые четыре символа переносятся на конец номера банковского счета клиента, кодовое обозначение страны конвертируется на основании таблицы конвертирования буквенных символов в цифровые, предусмотренной приложением 3, вторые два символа обозначаются нулями. Результат: 123 1234565678902 2035 00.
      Шаг второй: полученное выше число делится на 97, и получается остаток от деления, равный 90.
      Шаг третий: 98 - 90 = 8.
      Контрольный разряд равен 8, к которому добавляется предшествующий "0".
      Номер счета клиента KZ 08 123 1234565678902.

Алгоритм проверки правильности контрольного разряда

      При проверке правильности контрольного разряда также используется международный стандарт (Modulus 97-10, ISO - 7064), предполагающий нахождение остатка от деления числа на 97.
      Применяя таблицу конвертирования буквенных символов в цифровые, указанную в приложении 3, необходимо найти остаток от деления номера банковского счета на число 97. При правильном указании номера банковского счета остаток должен быть равен 1 (единице).
      Пример:
      Проверить контрольный разряд в номере банковского счета клиента
      KZ55 1231 2345 6456 7891
      Шаг первый: первые четыре символа переносятся на конец номера банковского счета клиента, кодовое обозначение страны конвертируется на основании таблицы конвертирования:
      1231 2345 6456 7891 2035 55.
      Шаг второй: полученное выше число делится на 97. Результат - 1231234564567891203555/97 = 12693139840906094882,010309278351.
      Из полученного числа выделяется целая часть без округления - 12693139840906094882.
      Шаг третий: Полученное на втором шаге число умножается на 97, то есть в нашем примере получаем 12693139840906094882 * 97 = 1231234564567891203554.
      Шаг четвертый: Из числа, полученного на шаге 1, вычитается число, полученное на шаге 3. Если результат равен 1 (единице), то контрольный разряд рассчитан верно. В нашем примере получаем 1231234564567891203555 - 1231234564567891203554 = 1. Контрольный разряд 55 верен.".
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 25.09.2009 № 91 (вводятся в действие со 02.11.2009).

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 7 июня 2010 года, за исключением абзацев седьмого и восьмого пункта 1, которые вводятся в действие со дня официального опубликования.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 25.09.2009 № 91 (вводятся в действие со 02.11.2009).

      3. Департаменту платежных систем Национального Банка Республики Казахстан (Мусаев Р.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом Национального Банка Республики Казахстан (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов и представительств Национального Банка Республики Казахстан, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, банков, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовой полиции), Верховного суда Республики Казахстан, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Комитета по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Министерства финансов Республики Казахстан.

      4. Управлению по обеспечению деятельности руководства Национального Банка Республики Казахстан (Терентьев А.Л.) в трехдневный срок со дня получения от Департамента платежных систем заявки на опубликование принять меры к официальному опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сартбаева М.М.

      Председатель
      Национального Банка

      "СОГЛАСОВАНО"
      Агентство Республики Казахстан
      по борьбе с экономической и 
      коррупционной преступностью 
      (финансовая полиция)
      Председатель
      15 января 2008 года

      "СОГЛАСОВАНО"
      Верховный Суд
      Республики Казахстан
      Председатель
      10 января 2008 года

      "СОГЛАСОВАНО"
      Комитет Национальной Безопасности
      Республики Казахстан
      Председатель
      18 января 2008 года

      "СОГЛАСОВАНО"
      Комитет по судебному администрированию 
      при Верховном суде Республики Казахстан
      И.о.№Председателя
      12 декабря 2007 года

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министерство внутренних дел
      Республики Казахстан
      Министр
      24 декабря 2007 года
 

        "СОГЛАСОВАНО"
      Министерство финансов
      Республики Казахстан
      Министр
      13 декабря 2007 года