Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік шоттарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - банктер) ашатын шоттарының бірыңғай құрылымын белгілеу, банктер мен салық органдарының банктік шоттарды ашу және жабу кезінде өзара іс-әрекет жасау тәртібін, банктерді және олардың клиенттерін Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде бірегейлендіру жүйелерін жетілдіру және банк клиентінің банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымын Еуропалық Одақтың стандарттарына жақындату тәртібі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 жылы N 9 жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы N 40-41 жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 382, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің N 137-138 (23348) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2343 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы 2-15 маусымда жарияланған, "Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда "Заң газеті" газетінің N 42-43 (849) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4534 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 25 (1228) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4880 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінің N 135 (1338) жарияланған, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 76 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
"1-1-тарау. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы
7-1. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.
7-2. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді. Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген.";
23-тармақта "органдарын" деген сөзден кейін "жазбаша немесе электронды тәсілмен" деген сөздермен толықтырылсын;
44-тармақ "жазбаша" деген сөзден кейін "немесе электронды тәсілмен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы ережеге 3-қосымша
Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы
1. Банк клиентінің банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымының ұзындығы белгіленген жиырма дәрежеден тұратын болады.
KZССБББХХХХХХХХХХХХХ, мұнда:
1) бірінші және екінші дәрежелер - Қазақстан Республикасының коды. Халықаралық код - KZ пайдаланылады;
2) үшінші және төртінші дәрежелер - банк клиентінің банктік шот номерінің шынайы болуын және оны банктің төлем және өзге де құжаттарында дұрыс көрсетілуін бақылауға және қамтамасыз етуге арналған бақылау дәрежесі;
3) бесінші, алтыншы және жетінші дәрежелер - банктің коды. Банктің кодын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды;
4) сегізден жиырмаға дейінгі дәрежелер - банк клиентінің шотының банкішілік нөмірі, ол бір банктің ақпараттық (операциялық және өзге) жүйесінде айрықша болуы және клиенттің бір мәндегі сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
Банктің клиентінің шотының банкішілік нөмірі банктің қалауы бойынша пайдаланылады. Еркін белгілер нөлмен белгіленеді және нөмірдің алдында пайдаланылмаған сол дәрежелерге орналастырылады. Шоттарға нөмір берілгенде цифрлық немесе латын әліпбиінің "I", "Q", "O" әріптерін қоспағанда, әріптік-цифрлық символдары қолданылады. Банк клиентінің шотының банкішілік нөмірінде әріптік символдар болған кезде, бақылау дәрежесін есептеу осы қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін пайдалана отырып жүргізіледі.
2. Банк клиентінің банктік шотының нөмірін көзбен көріп қабылдауды жеңілдету мақсатында төрт мәнді символдан тұратын аралары бөлінген банк клиентінің банктік шотының нөмірі қағазға жазылған төлемдік және өзге де құжаттарда мынадай түрде көрсетуге болады:
KZСС БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ.
3. Электронды түрде ресімделген төлемдік және өзге құжаттарда банк клиентінің банктік шотының нөмірі белгілердің үздіксіз ретімен көрсетіледі.
Әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесі
A=10 |
G=16 |
N=23 |
V=31 |
B=11 |
H=17 |
P=25 |
W=32 |
C=12 |
J=19 |
R=27 |
X=33 |
D-13 |
K=20 |
S=28 |
Y=34 |
E=14 |
L=21 |
T=29 |
Z=35 |
F=15 |
M=22 |
U=30 |
Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы ережеге 4-қосымша
Бақылау дәрежесін есептеу алгоритмі
Бақылау дәрежесін есептеу кезінде халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ISO - 7064) пайдаланылады, ол санның 97-ге бөлінуін болжамдайды, бөлуден алынған қалдық 98-ден шегеріледі. Егер нәтиже бір мәнді сан болып табылатын болса, алдына бір нөл қосылады.
N 1 мысал.
Банк клиентінің банктік шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234564567891 болып есептелсін.
Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі 3-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесінің негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234564567891 2035 00.
Екінші қадам: жоғарыда көрсетілген сан 97-ге бөлінеді және бөлуден 43 қалдық шығады.
Үшінші қадам: 98-43=55.
Бақылау дәрежесі 55-ке тең.
Клиенттің шот нөмірі KZ 55 123 1234564567891.
N 2 мысал.
Клиенттің шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234565678902 болып есептелсін.
Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдік код белгісі 3-қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234565678902 2035 00.
Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді және тең бөлуден 90 қалдық шығады.
Үшінші қадам: 98-90=8.
Бақылау дәрежесі 8-ге тең, оның алдында "0" қосылады.
Клиент шотының нөмірі KZ 08 123 1234565678902.
Бақылау разрядының дұрыстығын тексеру алгоритмі
Бақылау разрядының дұрыстығын тексеру кезінде сондай-ақ санды 97-ге бөлуден болатын қалдықты табуды болжайтын халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ISO – 7064) пайдаланылады.
3-қосымшада көрсетілген, әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін қолдана отырып, банк шотының нөмірін 97 санына бөлуден болатын қалдықты табу қажет. Банк шотының нөмірі дұрыс көрсетілген кезде қалдық 1 (бірге) тең болуы тиіс.
Мысал:
Клиенттің банк шотындағы бақылау разрядын бақылап тексеру
KZ 55 1231 2345 6456 7891
Бірінші қадам: алғашқы төрт символ клиенттің банк шоты нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі айырбастау кестесі негізінде айырбасталады:
1231 2345 6456 7891 2035 55.
Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді. Нәтижесі –1231234564567891203555/97=12693139840906094882,010309278351.
Алынған саннан тұтас бөлік дөңгелектелмей бөлініп көрсетіледі – 12693139840906094882.
Үшінші қадам: екінші қадамнан алынған сан 97-ге көбейтіледі, яғни біздің мысалымызда 12693139840906094882 * 97 = 1231234564567 891203554 аламыз.
Төртінші қадам: 1-ші қадамнан алынған саннан 3-ші қадамнан алынған сан шегерілді. Егер нәтиже 1 (бірге) тең болса, онда бақылау разряды дұрыс есептелген. Біздің мысалымызда 1231234564567891203555 – 1231234564567891203554=1 аламыз. Бақылау разряды 55 дұрыс.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.25 N 91 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.25 N 91 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясына), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы)
Төраға
2007 жылғы 15 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты
Төраға
2007 жылғы 20 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төраға
2007 жылғы 18 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот әкімшілігінің комитеті
Төрағаның м.а.
2007 жылғы 12 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Министр
2007 жылғы 24 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр
2007 жылғы 13 желтоқсан