Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 91 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5852 болып енгізілді

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің банк клиентінің халықаралық стандарттарға негізделген банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымын пайдалануға тиімді көшуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы осы қаулыға қосымшаның 2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, 2009 жылғы 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен  (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 25 қыркүйектегі
N 91 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012.02.24 № 42 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 24 қазандағы N 84 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5379 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жетінші абзацта "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      1-тармақтың он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше корреспонденттік шот ашылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық қызметі органдарына хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып корреспонденттік шоттың ашылғаны туралы хабарлайды.
      Техникалық проблемалардың туындауына байланысты осындай электрондық байланыс арналары арқылы корреспонденттік шоттың ашылғаны туралы хабарлауға мүмкін болмаған кезде хабарлама қағазға басылып салық төлеуші орналасқан (тұратын) жер бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.";
      2 және 4-тармақтарда "2009 жылғы 2 қарашадан бастап" деген сөздер және цифрлар "2010 жылғы 7 маусымнан бастап" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасында екінші және үшінші абзацтарында "2009 жылғы 2 қарашаға" деген сөздер және цифрлар "2010 жылғы 7 маусымға" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады