Щучье ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N А-4/129 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 29 мамырда N 3224 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 28.05.2021 № А-5/270 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңына сәйкес, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 05-05-922 ұсынысы негізінде, Щучье ауданының аумағында орманның қауіпті карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою мақсатында Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" мемлекеттік мекемесі орманшылықтарының залалданған алқаптары көлемінде Щучье ауданының аумағында қосымшаға сәйкес карантиндік режим енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленсін.

      2. Щучье ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі қоса берілген іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы""(келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Бурабай""мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелерімен, Щучье ауданының әкімі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын толық жойғанша жыл сайын 15 қарашаға қарай облыс әкімдігіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат тапсырып отырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

  Ақмола облысы әкімдігінің
2007 жылғы 19 сәуірдегі N A-4/129
қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" мемлекеттік мекемесі орманшылықтарының залалданған ауданы

р/с №

Орманшылық атауы

Залалдану көлемі, гектар

1

2

3

1

Ақылбай

41,7

2

Бурабай

105,8

3

Мирный

223

4

Бармашин

16,5

5

Золотобор

432,8

6

Қатаркөл

83,4

Барлығы:

903,2

  Ақмола облысы әкімдігінің
2007 жылғы 19 сәуірдегі
N A-4/129 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

Щучье ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Шаралардың атауы

Орындау мерзімі

Орындалуына жауаптылар

1

Орман пайдаланушылары арасында карантиндік режим мәселелері, жібек көбелегінің (бұдан әрі - карантиндік объект) ошақтарын анықтау, оқшаулап шектеу және жою бойынша талаптардың мүлтіксіз орындалуы жөнінде ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету

карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі

2

Карантиндік шараларды насихаттау: семинар-кеңестерге қатысу; халыққа кеңес беру және әңгіме өткізу; теледидарда және бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат жүргізу

карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі

3

Облыстың қалалары, аудандары, елді мекендері, орман алқаптары мен басқа да аумақтарында карантиндік объектінің ошақтарын анықтауға мониторингтік іс-шараларды жүргізу

вегетациялық кезең бойы

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі"" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі

4

Карантиндік объектіге қарсы химиялық өңдеу

вегетациялық кезең
бойы

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі

5

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес карантинге жататын тиісті өнімді облыс аумағынан тыс шығару кезінде бақылауды қамтамасыз ету

карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы""(келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі"(келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі

Об установлении карантинной зоны на территории Щучинского района с введением карантинного режима

Постановление акимата Акмолинской области от 19 апреля 2007 года N А-4/129. Зарегистрировано департаментом юстиции Акмолинской области 29 мая 2007 года N 3224. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 28 мая 2021 года № А-5/270

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 28.05.2021 № А-5/270 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года "О карантине растений", на основании представления уполномоченного органа по карантину растений от 2 апреля 2007 года N 05-05-922, в целях локализации и ликвидации очагов распространения опасного карантинного вредителя леса - непарного шелкопряда на территории Щучинского района акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1.Установить карантинную зону с введением карантинного режима на территории Щучинского района в объемах зараженных площадей лесничеств Государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Бурабай" Управления Делами Президента Республики Казахстан согласно приложению.

      2. Утвердить прилагаемый План мероприятий по введению карантинного режима по локализации и ликвидации очагов карантинного вредителя леса - непарного шелкопряда на территории Щучинского района.

      3. Государственным учреждениям "Акмолинская областная территориальная инспекция" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), "Акмолинское областное территориальное управление лесного и охотничьего хозяйства" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), "Государственный национальный природный парк "Бурабай"" Управления Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию), акиму Щучинского района представлять информацию об исполнении настоящего постановления в акимат области к 15 ноября ежегодно до полной ликвидации очагов непарного шелкопряда.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Отарова К.М.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Аким области

  Приложение
к постановлению акимата
Акмолинской области
от 19 апреля 2007 года
N A-4/129

Зараженная площадь лесничеств Государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Бурабай" Управления Делами Президента Республики Казахстан

N№ п/п

Наименование лесничеств

Площадь заражения, гектар

1

2

3

1

Акылбайское

41,7

2

Боровское

105,8

3

Мирное

223

4

Бармашинское

16,5

5

Золотоборское

432,8

6

Катаркольское

83,4

Итого:

903,2

  УТВЕРЖДЕН
постановлением акимата
от 19 апреля 2007 года
N А-4/129

План мероприятий по введению карантинного режима по локализации и ликвидации очагов карантинного вредителя леса - непарного шелкопряда на территории Щучинского района

N№

Наименование мероприятий

Срок выполнения

Ответственные за выполнение

1

Обеспечить организационно-разъяснительную работу среди пользователей лесов о задачах карантинного режима и неукоснительного выполнения требований по выявлению, локализации и ликвидации очагов непарного шелкопряда (далее-карантинный объект)

до полной ликвидации очагов карантинного объекта

Государственные учреждения "Акмолинская областная территориальная инспекция" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), "Акмолинское областное территориальное управление лесного и охотничьего хозяйства" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), "Государственный национальный природный парк "Бурабай" Управления Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию), аким Щучинского района.

2

Пропаганда карантинных мероприятий: участие в семинарах-совещаниях; проведение бесед и консультаций с населением; выступление в печати и телевидении.

до полной ликвидации очагов карантинного объекта

Государственные учреждения "Акмолинская областная территориальная инспекция" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), "Акмолинское областное территориальное управление лесного и охотничьего хозяйства" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), "Государственный национальный природный парк "Бурабай" Управления Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию), аким Щучинского района.

3

Проведение мониторинговых мероприятий на выявление очагов карантинного объекта в лесных массивах, населенных пунктах, районах, городах области

в течение вегетационного
периода

Государственные учреждения "Акмолинская областная территориальная инспекция" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), "Акмолинское областное территориальное управление лесного и охотничьего хозяйства"" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), "Государственный национальный природный парк "Бурабай"" Управления Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию), аким Щучинского района.

4

Химическая обработка против карантинного объекта

Согласно действующего законодательства Республики Казахстан, обеспечить контроль при вывозе соответствующей подкарантинной продукции за пределы области.

до полной ликвидации очагов карантинного объекта

Государственные учреждения "Акмолинская областная территориальная инспекция" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), "Акмолинское областное территориальное управление лесного и охотничьего хозяйства" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию), Государственный Национальный Природный Парк "Бурабай"" Управления Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию), аким Щучинского района.