Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 31 мамырда № 8493 болып тіркелді.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 03-06-326 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) укекіре бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес карантиндік арамшөп – далалық арамсояу бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегі бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.

      4. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      М.Таткеев


  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) у кекіремен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.03.2024 № А-3/101 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Аудандардың атауы

Қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдардың, кенттердің атаулары

Залалданған жерлердің көлемі (гектар)

1

Ақкөл

Ауылдық округтері: Новорыбин, Урюпин

517

2

Астрахан

Ауылдық округтері: Астрахан, Есіл, Николаев, Острогор, Первомай, Ұзынкөл; Каменка ауылы.

10 143,7737

3

Атбасар

Атбасар қаласы; ауылдық округтері: Макеевка, Сергеевка, Шұңқыркөл,

2 433,3489

4

Аршалы

Ауылдық округтері: Жібек жолы, Бірсуат, Константинов

960

5

Біржан сал

Ауылдық округтері: Баймырза, Бірсуат, Макинка; Мамай ауылы

2607

6

Егіндікөл

Ауылдық округтері: Алакөл, Ұзынкөл, Жалманқұлақ; ауылдар: Абай, Бауман, Буревестник, Егіндікөл, Спиридоновка

15 539,3

7

Ерейментау

Еркіншілік ауылдық округі

650

8

Есіл

Ауылдық округтері: Бұзылық, Двуречный, Жаныспай, Қаракөл, Красивинский, Свободный; ауылдар: Ақсай, Московский; Красногорский кенті

19 247

9

Жарқайың

Державин қаласы; ауылдық округтері: Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный, Уәлихан; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львов, Пригород, Пятигор, Үшқарасу, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл

80 314,3

10

Жақсы

Ауылдық округтері: Жаңа Қийма, Ешім, Қызылсай, Запорожье, Тарасов, Беловод; ауылдар: Жақсы, Терісаққан, Белағаш, Подгорное, Киевское, Новокиенка

14 344,9536

11

Зеренді

Ауылдық округтері: Зеренді, Күсеп.

683

12

Сандықтау

Ауылдық округтері: Барақпай, Васильев, Веселов, Жамбыл, Сандықтау, Широков, Максимов; Мәдениет ауылы,

5134

13

Қорғалжын

Ауылдық округтері: Қорғалжын, Кеңбидайық, Арықты, Майшұқыр, Қызылсай, Амангелді, Қарашалғын.

34 045,260

14

Целиноград

Ауылдық округтері: Шалқар, Софиевка, Рахымжан Қошқарбаев, Арайлы, Жаңаесіл, Нұресіл, Оразақ, Жарлыкөл, Родина; ауылдар: Мәншүк Мәметова, Ақмол

36 775,1077

15

Шортанды

Ауылдық округтері: Раевка, Новокубанка, Бектау, Пригородный, Петровка, Андреевка, Бозайғыр, Дамса; Шортанды кенті.

18 198,294


Барлығы:


241 592,3379


  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – далалық арамсояумен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.03.2024 № А-3/101 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Аудандардың атауы

Қалалар, кенттер, ауылдық округтер және ауылдардың атауы

Залалданған жерлердің көлемі (гектар)

1

Атбасар

Атбасар қаласы

0,0186

2

Есіл

Ауылдық округтері: Двуречный, Қаракөл, Интернациональный, Свободный

40,0

3

Жақсы

Ауылдық округтері: Ешім, Жаңа Қийма, Қызылсай

10,188

4

Жарқайың

Ауылдық округтері: Жаңадала, Отрадный, Пятигор; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Пригород, Далабай

44,3

5

Зеренді

Айдабол ауылдық округі

0,4884

6

Сандықтау

Ауылдық округтері: Балкашин, Сандықтау, Широков

6,9


Барлығы:


101,895


  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
3-қосымша

Ақмола облысының аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.03.2024 № А-3/101 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Аудандардың атауы

Ауылдық округтердің атауы

Залалданған жерлердің көлемі (гектар)

1

Сандықтау

Балкашин ауылдық округі

17,5

Белгород ауылдық округі

35,0


Барлығы:


52,5


  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы "28" мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
4-қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Щучье ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу туралы" 2007 жылғы 19 сәуірдегі № А-4/129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3224 болып тіркелген).

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Зеренді ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу туралы" 2008 жылғы 11 сәуірдегі № А-3/122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3249 болып тіркелген).

      3. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы № А-5/249 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7851 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады