Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 28.05.2021 № А-5/270 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңына сәйкес, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 05-05-922 ұсынысы негізінде, Щучье ауданының аумағында орманның қауіпті карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою мақсатында Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" мемлекеттік мекемесі орманшылықтарының залалданған алқаптары көлемінде Щучье ауданының аумағында қосымшаға сәйкес карантиндік режим енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленсін.
2. Щучье ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі қоса берілген іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы""(келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Бурабай""мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелерімен, Щучье ауданының әкімі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын толық жойғанша жыл сайын 15 қарашаға қарай облыс әкімдігіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N A-4/129 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" мемлекеттік мекемесі орманшылықтарының залалданған ауданы
р/с № | Орманшылық атауы | Залалдану көлемі, гектар |
1 | 2 | 3 |
1 | Ақылбай | 41,7 |
2 | Бурабай | 105,8 |
3 | Мирный | 223 |
4 | Бармашин | 16,5 |
5 | Золотобор | 432,8 |
6 | Қатаркөл | 83,4 |
Барлығы: | 903,2 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N A-4/129 қаулысымен БЕКІТІЛДІ |
Щучье ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ | Шаралардың атауы | Орындау мерзімі | Орындалуына жауаптылар |
1 | Орман пайдаланушылары арасында карантиндік режим мәселелері, жібек көбелегінің (бұдан әрі - карантиндік объект) ошақтарын анықтау, оқшаулап шектеу және жою бойынша талаптардың мүлтіксіз орындалуы жөнінде ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету | карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі |
2 | Карантиндік шараларды насихаттау: семинар-кеңестерге қатысу; халыққа кеңес беру және әңгіме өткізу; теледидарда және бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат жүргізу | карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі |
3 | Облыстың қалалары, аудандары, елді мекендері, орман алқаптары мен басқа да аумақтарында карантиндік объектінің ошақтарын анықтауға мониторингтік іс-шараларды жүргізу | вегетациялық кезең бойы | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі"" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі |
4 | Карантиндік объектіге қарсы химиялық өңдеу |
вегетациялық кезең | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі |
5 | Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес карантинге жататын тиісті өнімді облыс аумағынан тыс шығару кезінде бақылауды қамтамасыз ету | карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы""(келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік табиғи ұлттық паркі"(келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Щучье ауданының әкімі |