Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2011.12.12 N 611 шешімімен (2012.01.01 бастап ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі).
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерін және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2008.11.26 N 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім):
1) Бөлім тізімдеріне енгізілген, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған алушылардың жеке шотына, ай сайынғы әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін;
2) ай сайынғы әлеуметтік көмекті қаржыландыруды, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
4. Осы шешім 2007 жылғы 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
ІV шақырылған қалалық мәслихаттың
кезектен тыс ІI сессиясының
төрағасы Қ. Әбдіров
Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов
Келісілді:
"Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы М. Құсаинова