ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы ІІ сессияның "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 21 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХV сессиясының 2008 жылғы 26 қарашадағы N 157 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 04 желтоқсанда N 8-1-79 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы N 611 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2011.12.12 N 611 шешімімен (2012.01.01 бастап ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексінің 53 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы ІІ сессиясының "Қарағанды қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 21 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген 2007 жылғы 9 қарашадағы N 8-1-61, 2006 жылдың 12 қарашасындағы N 127 (315) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      1) 1 тармақтағы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға" деген сөздерден кейін "," белгісі қойылып және "сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерін және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
      3. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      ІV шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихатының кезекті
      ХV сессиясының төрайымы                    Б. Жакишева

      Қарағанды қалалық мәслихат хатшысы         Қ. Бексұлтанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М. Құсаинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады