Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған II сессиясының 2007 жылғы 24 қазандағы N 21 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 9 қарашада N 8-1-61 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы N 611 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2011.12.12 N 611 шешімімен (2012.01.01 бастап ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі).

       2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
       1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерін және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2008.11.26 N 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
       2. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім):
      1) Бөлім тізімдеріне енгізілген, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған алушылардың жеке шотына, ай сайынғы әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін;
      2) ай сайынғы әлеуметтік көмекті қаржыландыруды, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізсін;
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
       4. Осы шешім 2007 жылғы 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      ІV шақырылған қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс ІI сессиясының
      төрағасы                                   Қ. Әбдіров

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Қ. Бексұлтанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" ММ бастығы                         М. Құсаинова

Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды

Решение II сессии IV созыва Карагандинского городского маслихата от 24 октября 2007 года N 21. Зарегистрировано Управлением юстиции города Караганды Карагандинской области 9 ноября 2007 года N 8-1-61. Утратило силу - решением Карагандинского городского маслихата от 12 декабря 2011 года N 611

      Сноска. Утратило силу - решением Карагандинского городского маслихата от 12.12.2011 N 611 (вводится в действие после официального опубликования с 01.01.2012).

      В соответствии со статьей 53 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", в целях социальной поддержки малообеспеченных слоев населения Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать ежемесячную социальную помощь в размере одного месячного расчетного показателя получателям государственной адресной социальной помощи, а также получателям минимального размера пенсии и государственного социального пособия по возрасту.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями и дополнениями, внесенными решением Карагандинского городского маслихата от 26.11.2008 N 157(порядок введения в действие см. п.3).
      2. Уполномоченному органу государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Караганды" (далее - Отдел):
      1) обеспечить выплату ежемесячной социальной помощи на лицевые счета получателей, состоящих в списках Отдела, открытого в организациях имеющих соответствующую лицензию на осуществление банковских операций.
      2) произвести финансирование расходов на оказание ежемесячной социальной помощи за счет средств, предусмотренных по программе 007 "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов".
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по вопросам труда, развития социальной сферы и социальной защиты населения (председатель Аймагамбетов Асхат Канатович).
      4. Настоящее решение вводится в действие с 1 октября 2007 года.

      Председатель
      внеочередной ІІ сессии
      городского маслихата IV созыва             К. Абдиров

      Секретарь
      городского маслихата                       К. Бексултанов

      Согласовано:

      Начальник ГУ "Отдел занятости
      и социальных программ
      города Караганды"                          М. Кусаинова