Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы Балқаш қаласы әкімдігінің ұсынысын қарастырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.06.09 N 30/239 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Балқаш қаласының әкімдігіне ұсынылсын:
1) тиісті мемлекеттік органдардың ұйымдастыруымен өткізілетін қала көлеміндегі ресми шараларды және Балқаш қаласы мен облыс басшылығының, мемлекеттің жоғары лауазым иелерінің қатысуымен ұйымдастырылатын басқа да шараларды өткізу үшін "Тәуелсіздік", М. Хамзин атындағы Мәдениет сарайының, Желтоқсан көшесіндегі Ұлы Отан соғысы жылдарында мерт болған балқаштықтарға арналған монументтің, Ленин көшесіндегі Алғашқы құрылысшылар ескерткішінің, "Центр Синема" кинотеаторының және Уәлиханов көшесіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің алаңдарын қолдану;
2) мемлекеттік емес қоғамдық-саяси шараларды өткізу үшін Желтоқсан көшесіндегі "Танк Т-34" ескерткішінің алаңын қолдану.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 15.05.2013 N 15/132 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы | Л. Пикалова |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Л. Коробейникова |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қала әкімі | Қ.Ә. Токушев |
16.07.2007 ж. | |
Ішкі істер бөлімі | |
бастығының м.а. | Е.Б. Оспанов |
16.07.2007 ж.