"Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 09 маусымдағы N 30/239 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 шілдеде N 8-4-189 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 11 қарашадағы № 43/350 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 11.11.2020 № 43/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 60 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79-80 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      1) кіріспе бөліміндегі "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Сессия төрағасы

Е. Баймағанбетов

Қалалық мәслихат хатшысы

И. Сторожко

КЕЛІСІЛДІ


Қала әкімі

Қ.Г. Тейлянов

2010 жыл 09 маусым



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады