Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 11.11.2020 № 43/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 60 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79-80 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған), оған қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 9 маусымдағы N 30/239 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімімен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-189 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдедегі N 85-86 "Балқаш өңірі", 2010 жылғы 16 шілдедегі N 80-81 "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1) 1 тармағының 1) тармақшасындағы "Қараменде би көшесіндегі Балқаш гуманитарлық-техникалық университетінің, Қараменде би көшесіндегі Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің, Ағыбай батыр көшесіндегі N 18 орта мектептің," деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Рахимберлина |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қала әкімі | Аубакиров Н.Е. |
2013 жыл 15 мамыр | |
"Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесі басшысының | |
міндетін атқарушы | Ауғанов Д.Ә. |
2013 жыл 15 мамыр | |
"Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесі басшысының | |
міндетін атқарушы | Жаңғарашева А.Қ. |
2013 жыл 15 мамыр