Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 424/10 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтiк қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Әлеуметтiк көмекті тағайындау жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқаулық бекiтілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің:
2006 жылғы 17 шiлдедегі "Әлеуметтiк көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы" N 954/11 (нормативтiк-құқықтық актiлердің мемлекеттiк тiзiлімінде N 12-1-71 болып тiркелген, 2006 жылғы 14 тамыздағы N 32 "Версия", 2006 жылғы 10 тамыздағы N 92 "Сарыарқа самалы" газеттерiнде жарияланған);
2007 жылғы 18 қаңтардағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 17 шілдедегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы" N 954/11 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 39/1 (нормативтiк-құқықтық актiлердің мемлекеттiк тiзiлімінде N 12-1-81 болып тiркелген, 2007 жылғы 12 ақпандағы N 6 "Версия", 2007 жылғы 20 ақпандағы N 21 "Сарыарқа самалы" газеттерiнде жарияланған) қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. А. Берковскийге жүктелсін.
Павлодар қаласының әкiмi Б. Демеуов
Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң
2007 жылғы 20 сәуірдегі
"Әлеуметтiк төлемақы тағайындау
жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы"
N 553/10 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтiк төлемақылар тағайындау жөнiндегi нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық Павлодар қаласының аумағында тұрақты өмiр сүретiн және өмiр сүруге құқығы бар азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетелдiктерге, босқын мәртебесi бар тұлғаларға, оралмандарға, Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтiк көмек төлеудi жүзеге асыру және тағайындауды талдап тексереді.
2. Әлеуметтiк көмек көрсету мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) әлеуметтiк көмек (жерлеуге арналған жәрдемақы, бiржолғы әлеуметтiк көмек, жеке меншiк секторында тұратын азаматтарға қатты отын алуға материалдық көмек көрсету, аз қамтамасыз етiлген отбасыларының және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беру мектептерiнiң түлектерiне жоғары облыс оқу орындарында төлеу үшiн (бұдан әрi оқуына төлеу үшiн әлеуметтік көмек көрсету);
2) әлеуметтiк қызмет (Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасын iске асыру шегiнде, жеңiлдетiлген мен тегiн қоғамдық жолаушылар тасымалдауын және қоларба - орындығымен жүрушi мүгедектердi арнайы автокөлiкпен тасымалдауды ұсыну, үкiметке жатпайтын ұйымдар арқылы әлеуметтiк көмек көрсетедi);
3) "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Уәкілетті орган) жолдамамен кәсіпкерлік оқуына, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруды өткен кезеңде жұмыссыздарға материалдық көмек.
3. Әрбiр көмектiң аталған түрлерi осы Нұсқаулықта көрсетiлгендей, көмектiң (жәрдемақы) басқа түрлерiн алудан тәуелсiз тағайындалады және төленедi, күнтiзбелiк жыл бойы бiржолғы ақшалай түрiнде берiледi (арнаулы мемлекеттiк көмек алмайтын облыс алдында беделдi еңбегi үшiн зейнетақы алатын зейнеткерлерге; Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына (бұдан әрi - ҰОС) дәрi-дәрмек сатып алуға; Павлодар қаласының құрметтi азаматтарына; зiлзала радиацияның себебiнен 1 топ мүгедектерi, ядролық қарулар сынағы кезiнде болған тұлғалар дәрi-дәрмек сатып алу үшiн).
4. Қаржыландыру көзi - қалалық бюджет.
5. Әлеуметтiк төлем алуға үмiткер тұлға (бұдан әрi - өтiнiш берушi), отбасының жиынтық табысы осы Нұсқаулықтың 7-бөлiмiне сәйкес есептеледi.
6. Төлем екiншi деңгейдегi банктер арқылы өтiнiш берушiлердiң жеке есеп шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
7. Өтiнiш берушi жазбаша өтiнiш бередi және "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - Бөлiм) белгiленген тiзбеге сәйкес қажеттi құжаттарын тапсырады.
8. Өтiнiш берушi осы және өзге де әлеуметтiк төлемақыны алуға қатысты барлық өзгерiстер жөнiнде Бөлiмге хабарлауға мiндеттi.
9. Отбасының құрамы жиынтық табыс анықталған кезеңге есептеледi.
Отбасының құрамына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы сақталатын ұзақ уақыт болмаған адамдар қосылмайды.
10. Бөлiм әлеуметтiк төлемақы тағайындау туралы шешiмдi өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi және осы Нұсқаулыққа сәйкес оған қоса берiлген құжаттары негiзiнде қабылдайды.
11. Әлеуметтiк төлемақы тағайындауда даулы жағдай пайда болғанда, мәселе Бөлiм жанынан құрылған әлеуметтiк төлемақы тағайындау жөнiндегi комиссиямен (бұдан әрi -Комиссия) шешiледi. Комиссия айрықша жағдайларда өтініш беруші отбасының құрамын және кіріс табысының есебінсіз әлеуметтік төлемақылар есептеуге рұқсат беруге құқылы.
2. Жерлеуге арналған жәрдемақы
12. Жерлеуге арналған жәрдемақы табысына және отбасы құрамына қарамастан, азаматтардың мына санаттарына тағайындалады (зейнетақы және мемлекеттiк әлеуметтiк көмек алатын адамдардан басқа):
1) қайтыс болары алдында жұмыс iстегендерге;
2) қайтыс болары алдында жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар Бөлiмiнде есепте тұрған жұмыссыздарға;
3) зейнеткер жасы алдындағы жұмыссыз адамдарға: жұмыспен қамту органында тiркелуiне қарамастан ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан;
4) Ауғанстандағы соғыс әрекетiне, сондай - ақ жұмыспен қамту органында тiркелуiне және жасына қарамастан Чернобыль атом электр станциясында (бұдан әрi - ЧАЭС) апат салдарын жоюға қатысқан жұмыссыздарға;
5) туберкулезден, онкологиялық аурумен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсi ауруынан қайтыс болғандарға;
6) жедел әскери қызметтерде қайтыс болғандарға;
7) орта бiлiм беретiн арнаулы оқу орындарында оқитын балаларға және 18 жастан жоғары күндiзгi оқу бөлiмiндегi студенттерге;
8) жұмыс iстемейтiн 7 жасқа дейiн балалары бар әйелдер.
13. Жәрдемақы тағайындау үшiн мiндеттi түрде: жеке куәлiгiнiң нөмiрi, банктiң аты және жеке шоты, салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi көрсетiлген, жерлеудi жүзеге асырған тұлғадан өтiнiш, АХАЖ органынан анықтама, қайтыс болған адамның қайтыс болғаны туралы анықтама, қайтыс болған адамның мәртебесiн растайтын құжат әкелуi қажет.
14. Төлемақы мөлшерi он бес айлық есеп көрсеткішi құрайды.
15. Жәрдемақыға, егер осы құқық пайда болған күннен 6 айдан аспаған уақытта өтiнiш жазылса, құқық пайда болған күннен бастап жәрдемақы тағайындалады.
16. Бiржолғы әлеуметтiк көмекке (бұдан әрi - Көмек) отбасының құрамы және табыс есебiмен мына азаматтар санаттарының құқықтары бар:
1) табысы ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен аспайтын, жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер; көмек мөлшерi - 2000 (екi мың) теңге;
2) жан басына шаққандағы орташы табыстары өмiр сүру минимумнан төмен зейнетақы жасы алдындағы жалғызбастылар, жалғыз тұратын жұмыссыз тұлғалар немесе отбасы жұптары: ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан; көмек мөлшерi - 3000 (үш мың) теңге;
3) жан басына шаққандағы орташы табыстары ең төменгi зейнетақы мөлшерiне аспайтын отбасыларының:
зейнеткерлердің, зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектердiң; көмек мөлшерi - 3000 (үш мың) теңге;
зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектердiң, жұмыссыз тұлғалардан; "жұмыссыз" ретінде Бөлiм есебiнде тұратындар; көмек мөлшерi - 5000 (бес мың) теңге;
4) жан басына шаққандағы орташы табыстары төмен, ең төменгі еңбек ақы мөлшерінен аспайтын, үйде оқытуға арналған жәрдемақыны алмайтын, 16 жасқа дейiнгi бала жасынан мүгедек - балаларды тәрбиелейтiн отбасылардың; көмек мөлшерi - 10000 (он мың) теңге;
5) жедел медициналық көмек қызметiнiң анықтама көшiрмесiн берген күннен бастап бiр ай мерзiм аралығында жағдайына қарай өтiнiш берген, жедел хирургиялық операциядан өткен, жан басына шаққандағы орташа табыстары төмен, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын тұлғалар; көмек мөлшерi - 15000 (он бес мың) теңге;
Комиссия медициналық мекемелердiң құжаттарына сәйкес көрсеткен жоспарлы операциядан өткен тұлғаларға көмек мөлшерiн 15000 (он бес мың) теңгеден көп емес етiп белгiлейдi;
17. Төлемдердi iске асыру үшiн мiндеттi түрде мынадай құжаттар керек (16-тармақ үшiн):
банктiң нөмiрi және жеке шоты, салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi көрсетiлген осы әлеуметтiк көмекке құқығы бар тұлғаның өтiнiшi, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, отбасының жиынтық табысын және құрамын анықтайтын құжаттар, зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесi, тұратын мекен-жайынан анықтама немесе үй кiтабынан үзiндi көшiрмесі.
18. Отбасы құрамы және табысы ескермей көмекті алуға мына санаттағы азаматтардың құқықтары бар:
1) ата-анасы оларды тәрбиелеуден және асыраудан бас тарту себебi бойынша қамқорлықта жүрген балалардың; асыраушы жоғалтқан жөніндегі жәрдемақы алушылардан басқа; көмек мөлшерi - 4000 (төрт мың) теңге;
2) төтенше жағдайлар кезiнде жазатайым уақиғаға ұшырағандар, зiлзала апаты, өрт салдарынан өмiр сүруге қаражатсыз қалған, тұлғалар (төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма немесе өртке қарсы қызмет қорытындысы бойынша); көмек мөлшерi - 35000 (отыз бес мың) теңге (бұрынғы алған бiр жолғы көмекке қарамастан). үй тұрмысы, пәтер заттарының бөлшектеп зақымданған кезде Комиссия шешiмi бойынша көмек мөлшерi - 15000 (он бес мың) теңге;
3) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсi мен (диспансерлер тiзiмi бойынша), туберкулезге шалдыққан амбулаторлық емделудегі (диспансерлер тiзiмi бойынша, емдеу тәртiбiн бұзбай), онкологиялық аурулармен ауыратын (диспансерлер тізімі бойынша), арнайы белсендi ем алатын тұлғалар;
жаңадан пайда болған ісіктің ауыр түрлері (3 - 4 кезеңдер);
қан өндiру және лимфатикалық жүйенің түрлері (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар);
нәжiс, зәр және тыныс жыланкөздерінің бар болуы;
Көмек мөлшерi - 10000 (он мың) теңге;
амбулаторлық емделуге арналған туберкулез ауыратын тұлғалардың жолақысы (диспансер тізімі бойынша емделуден аяқталғаннан кейін); көмек мөлшері - 5000 (бес мың) теңге;
4) қаланың емдеу - алдын алу мекемелерiнде бiрiншi диспансерлiк топта туберкулез аурулары ретiнде есепте тұрған балалары бар отбасыларына; көмек мөлшерi - 10000 (он мың) теңге;
5) көзi көрмейтiн I топтағы мүгедектердiң; көмек мөлшерi - 4000 (төрт мың) теңге;
6) Павлодар қаласының құрметтi азаматтары; көмек мөлшерi -2000 (екi мың) теңге;
7) арнаулы мемлекеттiк әлеуметтiк көмек алмайтын, "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағы бар зейнеткерлік жасындағы тұлғалар, санаториялық-курорттық емделуге арналған ақшалай өтемақы; көмек мөлшерi - 17000 (он жетi мың) теңге;
8) облыс алдында ерендi еңбегi үшiн зейнетақы алатын, арнаулы мемлекеттiк әлеуметтiк көмек алмайтын тұлғалар; көмек мөлшерi - 1000 (бiр мың) теңге;
9) әлеуметтiк сауықтыру және бейiмделуге ДЦП ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылар; көмек мөлшерi - 15000 (он бес мың) теңге;
10) қарттар күнi қарсаңында, Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан зейнеткерлердiң кейбiр санаттарына; көмек айлық зейнетақы мөлшерiнде;
11) толық емес жұмыс өтiлiмен әлеуметтiк жәрдемақылар алатын жалғызбасты және жалғыз тұратын тұлғалар; көмек мөлшерi - 7000 (жетi мың) теңге, бiрақ жылына бiр реттен көп емес;
12) аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшiн мүгедек-спортшылар; көмек мөлшерi - 10000 (он мың) теңге;
13) 9 Мамыр мерекесiне:
"Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегi және мінсіз әскери қызметі үшiн" медалiмен марапатталған тыл еңбеккерлерi, КСРО-ның "Ленинградты қорғағаны үшiн", "Мәскеудi қорғағаны үшiн", "Одессаны қорғағаны үшiн", "Севастопольды қорғағаны үшiн", "Сталинградты қорғағаны үшiн", "Кавказды қорғағаны үшiн", "Кеңестік Заполярьены қорғағаны үшiн" ордендерiмен, медальдарымен марапатталғандар, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалімен немесе "Құрсаудағы Ленинград тұрғынына" белгiсiмен марапатталған азаматтар, фашистер мен олардың одақтастары құрған бұрынғы гетто, концлагерлер және басқа да мәжбүрсiз ұстау орындарының кәмелет жасында болмаған тұтқындардың, ҰОС жауынгерлерiнiң (қайтыс болғандардың, iз-түзсiз жоғалғандардың) қайтадан неке құрмаған жесiрлерi мен ата-аналары; қайтыс болған соғыс мүгедектерi мен оларға тең келетiн мүгедектердiң қайтадан неке құрмаған әйелдерi (ерлерi) және де қайтыс болған соғысқа қатысушылар, партизандар, астыртын әрекет етушiлер, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен марапатталған азаматтардың әйелдерi (ерлерi); "Жапонияны жеңгенi үшiн", "Германияны жеңгені үшін" медалiмен марапатталған тұлғалар, осы медальдарға куәлiктерi барлар; 1941 жылдың 22 маусым мен 1945 жылдың 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс iстеген азаматтар; жоғарыда көрсетiлген санаттарға есепке кiрмей қалған 1931 жылға дейiн туылған тұлғалар; көмек мөлшерi - 2000 (екi мың) теңге;
ағымдағы жылы бiржолғы көмек алғанына қарамастан, ҰОС мүгедектерi мен қатысушылары; көмек мөлшерi 7000 (жетi мың) теңге;
ҰОС мүгедектерi мен қатысушыларға арналған сыйлықтар жинағына, 3000 (үш мың) теңге бағасынан кем емес;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырына дейiнгi кезiнде 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтiлiн белгiлеу бойынша Арнайы комиссиясының шешiмiмен және Мемлекеттiк зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың деректер қорына сәйкес төлем жүзеге асырылады;
14) Отан қорғаушылар күнiне: Ауған соғысының мүгедектер мен қатысушылар, ЧАЭС апаты қалдықтарын жоюға қатысушылары; көмек мөлшерi бес айлық есеп көрсеткiшi; Мемлекеттiк зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың деректер қорына сәйкес төлемдер жүзеге асырылады;
15) сауықтыру үшін Ауған соғысының мүгедектерi мен қатысушылар, ЧАЭС апатын жоюға қатысқандарға; көмек мөлшерi - тоқсан сайын екi айлық есептік көрсеткiшi; Мемлекеттiк зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың деректер қорына сәйкес төлемдер жүзеге асырылады;
16) дәрi-дәрмек сатып алу үшiн ҰОС мүгедектерi мен қатысушылары; көмек мөлшерi ай сайын бiр айлық есеп көрсеткiшi;
17) Мүгедектерді қорғау күні және қарттар күні қарсаңында:
тегін телефон орнату үшін жалғызбасты жұмысқа қабілеті жоқ қала тұрғындарына үйдегі әлеуметтік көмек орталығының тізімдемесі бойынша жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер; көмек мөлшерi - 13000 (он үш мың) теңге;
ағымдағы жылы бiр жолғы көмек алғанына қарамастан, табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер мен мүгедектер; көмек мөлшерi - 1000 (бiр мың) теңге; қалалық зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөнiндегi орталықтың (бұдан әрi - ҚЗТО) деректер қорына сәйкес іске асырылады;
ағымдағы жылы бiр жолғы көмек алғанына қарамастан, 80 жастан асқан зейнеткерлер; көмек мөлшерi - 1000 (бiр мың) теңге; төлем ҚЗТО деректер қорына сәйкес іске асырылады;
ағымдағы жылы бiр жолғы көмек алғанына қарамастан, 100 және одан да көп жасқа жеткен зейнеткерлер; көмек мөлшерi - 5000 (бес мың) теңге; төлем ҚЗТО деректер қорына сәйкес іске асырылады;
кәмелет жасына толмаған балаларымен мүгедек-әйелдер және де жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларымен толық отбасылар; көмек мөлшерi төрт айлық есептік көрсеткiш;
18) Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң ата-анасына, Ауғанстаннан әскерлердi Шығару күнiне арналған бiржолғы көмек көрсетуге, көмек мөлшерi - 10000 (он мың) теңге.
19) психологиялық-медикалық-педагогикалық қеңестің қорытындысы негiзiнде 18 жасқа дейiн үйде мүгедек балаларды оқытатын және тәрбиелейтін отбасылар; көмек мөлшерi - тоқсан сайын алты айлық есеп көрсеткiшi;
20) радиациялық апат, ядролық қаруды сынау салдарынан 1 топтағы мүгедек болған адамдар, дәрi-дәрмек сатып алуға; көмек мөлшерi - тоқсан сайын бiр айлық есеп көрсеткiшi;
21) ағымдағы жылы зейнеткерлер мен мүгедектердiң мерейтойларына (80, 90, 100 жасқа толғанда) арналған сыйлық жиыны; көмек мөлшерi - 2000 (екi мың) теңге;
22) уәкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыз деп және кәсiби оқуына жiберiлген, қайта оқу және бiлiктiлiгiн жоғарлату жұмыссыз адамдарға материалдық көмек тағайындалады; көмек мөлшерi бiр ай (20 оқу күнi) кәсiби оқуына бiр жұмыссыз қатысушысына бес айлық есеп көрсеткiшi төленедi. Жұмыссыз азаматтарға нақты сабаққа қатысқан оқу мекеменің табельдеріне сәйкес төлемдер±сынылады;
23) Алматы, Щучинск қалаларына санаторлық-курорттық емделуге Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жолақы құнын төлеу түрінде; Көмек мөлшері құнын төлеу бойынша Алматы қаласына бір демалушыға 5400 теңгеден артық емес. Төлем, берілген жол жүру билетіне сәйкес бірақ купе - вагон билетінің құнынан артық емес, жылына бір рет жүргізіледі;
24) Павлодар облысы 70-жылдығына орай қала және облыс ардагерлерімен және еңбегі сіңген адамдармен Астана қаласына саяхат түрінде жол жүру; көмек мөлшері бір саяхатшыға 43717 теңгені құрайды;
25) студенттік еңбек отрядтары жасақтарының жолақысына әлеуметтік көмек көрсету;
26) ыстық және суық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр энергиясын төлеу бойынша тұрғын үй - коммуналдық қызмет көрсетулер шығындарының орнын толтыру үшін жеке санаттағы азаматтарға көмек көрсету:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ауғанстанда соғыс қимылдарына қатысқан әскери қызметкерлерге;
Чернобыл АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің қайта неке құрмаған жесірлеріне;
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және«"Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған бұрынғы гетто, концлагерлер және басқа да мәжбүрсіз ұстау орындарының кәмелет жасында болмаған тұтқындарына.
Жоғарыдағы көрсетілген тұлғаларға ай сайын көмек мөлшері 1364 теңгені құрайды.
Жалғызбасты және жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт азаматтарға;
төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
Осы санаттағы тұлғаларға тоқсан сайын екі төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек төленеді. Төлемдер Павлодар қаласы жалғызбасты, қартайған және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Аумақтық орталық және зейнетақы төлеу бойынша Павлодар қалалық бөлімнің Мемлекеттік орталық тізіміне сәйкес жүргізіледі;
27)негізгі азық-түлік тағамдары бағаларының өсуіне байланысты әлеуметтік-әлжуаз санаттағы азаматтарға көмек көрсету:
жасына және қызмет өткерген жылдарға байланысты зейнеткерлерге;
көмек алатын отбасы мүшелерін есепке ала отырып мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға;
18 жасқа толмаған балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушы өтініш берушілерге;
18 жасқа дейінгі төрт және одан көп балалары бар көп балалы аналарға (мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға);
"Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған, бұрын«"Батыр ана" атағын алған, 1 және 2 дәрежедегі«"Ана даңқы" орденімен марапатталған көп балалы аналарға;
барлық топтағы жарымжан мүгедектерге;
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі балалардан басқа);
2007 жылы амбулаторлық емделуден өткен туберкулезбен ауыратын азаматтарға;
Ауғанстандағы соғыс әрекеттерін жүргізу кезеңінде қатысқан әскери қызметкерлерге;
Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан тұлғаларға;
Павлодар қаласында тіркеуде тұрған, 2007 жылы бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған тұлғаларға;
балалардың сал ауруымен ауратын және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалары бар жалғыз басты аналарға;
Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға: соның ішінде қоғамдық жұмысқа қатысушыларға, курстарда оқып жүргендерге, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жіберілгендерге;
Түрлі себептермен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алмайтын, орта есеппен жан басына шаққандағы табысы 2007 жылы 4 тоқсандағы азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын өтініш берушілерге;
асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушыларға;
бейбіт уақытта қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына;
саяси репрессия құрбандарына.
Көмек мөлшері 2007 жылға белгіленген бір айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Төлемдер зейнетақы төлеу жөніндегі Павлодар қалалық бөлімінің Мемлекеттік орталықтың электрондық базасына сәйкес, осы тармақшаның басқа санаттары бойынша енген тұлғалардан басқа әрбір санаттағы азаматтар бойынша бір рет қана жүргізіледі.<*>
Ескерту: 18-тармақ 23), 24), 25) тармақшаларымен толықтырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 1085/18 қаулысы; 26), 27), тармақшаларымен толықтырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы N 1439/24 қаулысы.
19. Өтiнiш берушi беретiн құжаттар тiзбесіне мыналар енедi (18-тармақ үшiн):
осы әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар тұлғадан банктiң аты және жеке шоты, салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi, әлеуметтiк жеке коды көрсетiлген өтiнiш, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, зейнетақылық куәлiгiнiң көшiрмесi (7), 8), 9), 11) тармақшалар үшiн), санаториялық-курорттық емделудiң қажеттiлiгiн айқындайтын медициналық мекеме анықтамасының көшiрмесi (8 тармақша үшiн), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Құрметті азамат" мәртебесі атағын алу нысанын айқындайтын құжаттың көшiрмесi, тұрақты мекенжайынан анықтама немесе үй кiтабының үзiндi көшiрмесi.
4. Жеке меншiк секторда тұратындарға
қатты отын сатып алуға арналған қаражат беру
20. Көрсетілген төлемге мынадай санаттағы азаматтардың құқықтары бар:
1) жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер;
2)жалғызбасты, жалғыз тұратын зейнетақы жасы алдындағы жұмыссыздар: жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі еңбек ақы мөлшерінен аспайтын ерлер 58 жас, әйелдер 53 жас;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі кедейшілік шегі деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар;
4) жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер және (немесе) мүгедектерден тұратын отбасылар;
5) жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер, мүгедектер мен жұмыссыздар, оның ішінде зейнетақы жасы алдындағы тұлғалардан тұратын отбасылар;
21. Өтiнiш берушi беретiн құжаттар тiзбесіне:
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке шоты және банктiң атауы көрсетілген өтініш, үйге арналған (қолдануға) меншік құқығы және отбасының құрамы мен табысын анықтайтын құжаттар енеді.
22. Төлем мөлшері бір отбасына 5000 (бес мың) теңгені құрайды.
23. Қаражат жылына 1 рет екінші жартыжылдықта беріледі.
5. Ата анасының қамқорынсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстық жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек
24. Жан басына шаққандағы орташа табыстары өмір сүру минимумы шамасынан аспайтын (ағымдағы жылдың 2 тоқсаны) аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне және ата-анасының қамқорынсыз қалған түлектерге облыстық жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек табысы есебінсіз конкурстық негізінде облыстық жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу жүргізу жөніндегі қалалық комиссияның (бұдан әрі - іріктеу жүргізу жөніндегі Комиссия) шешімі бойынша тағайындалады. Олардың тұрғылықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілері және жиындық табысы туралы ақпарат оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау кезінде бір рет беріледі.
Облыстың жоғарғы оқу орнында ата-анасының қамқорлықсыз қалған және аз қамтамасыз етiлген отбасылардың студенттерiне өмiр сүруге, тамақтануға және тұрғылықты жерiне жол жүруге оқу кезiнде әлеуметтiк көмек көрсетiледi.
Облыстың жоғарғы оқу орнында оқуға төлеу үшiн материалдық көмек алушыларға, ата - анасының қамқорлықсыз қалған және аз қамтамасыз етiлген отбасылардың студенттерiне өмiр сүруге, тамақтануға және тұрғылықты жерiне жол жүруге әлеуметтiк көмек тағайындалады.
25. Жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу алған балдарының максималды саны бойынша жүргізіледі. Егер балдары тең болған жағдайда жалпы білім беретін мектепті өте жақсы бағамен бітіргені туралы аттестат иегерлерінің құқықтары басым болады.
26. Оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек студенттің оқу курсына үлгерімі мен қатысуын оқу орнының анықтауынан кейін, нақты оқуының бағасымен өтініш берушінің жеке есеп шотына сәйкес оқу жылында аударылады.
Студенттің оқу орнынан шығарылған жағдайында, оқу орнының "Оқудан шығару" бұйрығының негізінде нақты шығарылған күніне дейін оқуға төлеу жүргізіледі.
Ай сайын өмiр сүруге, тамақтануға және тұрғылықты жерiне жол жүруге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде ай сайын әлеуметтiк көмек көрсетеді.
27. Оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1 қосымшаға сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы N 169/5 қаулысымен бекітілген аз қамтамасыз етілген және ата-анасының қамқорынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау Ережелерінің (бұдан әрі - Ереже) нысаны бойынша өтініш;
2) 2 қосымшаға сәйкес Ереженің нысаны бойынша, аз қамтамасыз етiлген және ата - анасының қамқорынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп тұрғылықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын актiсi.
3) тiркеу фактісін айқындайтын құжат (үй кітапшасы, жоқ болған жағдайда мекенжай орнынан анықтама);
4) отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтамалар жұмыссыз азаматтар үшін жұмыспен қамту қызметіндегі тіркеуі туралы анықтама (аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);
5) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік (ата-анасының қамқорынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);
6) қамқоршы тағайындау туралы шешім (ата-анасының қамқорынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);
7) Ереженің 3 қосымшасына сәйкес бiлiм беру қызметiн көрсетуге арналған үш жақты шарт;
8) Ереженің 4 қосымшасына сәйкес, еңбек нарығына сәйкес кадрлар қажеттілігі туралы Комиссия төрағасына анықтама;
9) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
28. Оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекке үміткерлердің тұрақты әлеуметтік -тұрмыстық жағдайларын тексеру актілерін Бөлім жасайды.
Iрiктiрудi өткiзу бойынша Комиссиясының шешiмi негiзiнде оқуға төлеу үшiн әлеуметтiк көмекті алған тұлға, Бөлiмге қосымша төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тұрақты мекенжайы бойынша Халықтық банк филиалында ашылған жеке есеп шотының нөмірін;
жеке куәлiгiн;
бiрыңғай ұлттық тестiлеу кезінде жинаған балдар санының қорытындысы туралы сертификат береді.
6. Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету қалалық бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілетін әлеуметтік көмек
29. 3, 4 қезеңдегі онкологиялық ауруымен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсету.
3, 4 кезеңдегі онкологиялық аурумен ауыратындар, басқа адамдардың көмегiмен мұқтажданатындарға; патронаж хабарлау негiзiнде 12 к‰н емдеу курсын өткенде осы көмек түрі 15 койко-орынға есептелді; көмек мөлшері бір онкологиялық аурумен ауыратынға бір күніне 888,8 (сегіз жүз сексен сегіз бүтін оннан сегіз) теңге. Қайталау емдеу курсының саны ағымдағы жылы емдеу дәрiгерiмен анықталады.
30. Патранатты және қамқоршы және қамқорлықтағы органдар арасында келісім шарт қорытындысы негізінде ата-анасының қарауынсыз қалған, кәмелетке толмаған балаларға патронаттық түрде көмек көрсету.
Кәмелетке жетпеген балаларға айына көмек мөлшері 4291 (төрт мың екі жүз тоқсан бір) теңге.
31. Өзгенің көмегін және әлеуметтік қызмет көрсетуді қажет ететін және әлеуметтік көмектің қызмет алуға құқығы жоқ тұлғаларға, әлеуметтік-волонтерлік көмек көрсету.
Туберкулездің белсенді түрімен, психикалық аурумен (неврозды, соматикалық аурулар кезеңдегі невроз жағдайын, жындылықтың жеңіл түрлерін, түрлі этиологиядағы селкілдік белгілерін (2-3 айда кем дегенде бір рет анда-санда талмаларды, жарыместікті және жеке тұлғадағы өзгерістерді қоспағанда) карантиндық инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, жыныстық аурулар, ЖҚТБ, арнайы мамандандырылған медициналық мекемелерде емдеуді қажет ететін аурулар үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы көрсетімдер болып табылады.
Бір адамға қызмет көрсету бағасы 1750 (бір мың жеті жүз елу) теңге.
32. Тексеру актілеріне сәйкес қажет ететін азаматтарды ыстық аспен қамтамасыз ету;
Төмендегi мұқтажданатын азаматтар санаты ыстық тамаққа құқығы бар: аз қамтамасыз етiлген, жұмыссыз, жалғыз басты және көп балалы аналар, тұлғалары; ДКК анықтамасы бойынша еңбекке шектеуi бар тұлғалар; бас бостандықтан айырылған жерден босатылған тұлғалар; зейнеткер жас алдындағы тұлғалар; өмiрдiң қиын жағдайына түскен тұлғалар.
Бiр адамға күнiне 122,3 (жүз жиырма екi бүтiн оннан үш) теңге мөлшерiнде алады.
33. Амбулаторлық емдеуде жатқан туберкулез ауруымен ауыратындарды ыстық түскі тамақпен қамтамасыз ету.
Көмек мөлшері бір адамға айына - 6605 (алты мың алты жүз бес) теңге.
34. Оқыту және қайта оқытуына жәрдемдесу және қарым-қатынас арасын кеңейту есебінен есту бойынша мүгедектердің әлеуметтік бейімделу табысты болуына жағдай жасау нысанында естімейтін және нашар еститін азаматтарға көмек көрсету.
Бір адамға ай сайын көмек мөлшері 8750 (сегіз мың жеті жүз елу) теңге.
35. Жетім - жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі. Интернат түрі мекемесінде тұратын жетім - жасөспірімнің өмірлік белсенділікті ұстамының қалыптастыру жаңа әлеуметтік жағдайына бейімделуіне берілген көмек түрі жіберілді.
Бір адамға ай сайын көмек мөлшері 4375 (төрт мың үш жүз жетпіс бес) теңге.
7. Тасымалдау көлiк саласында әлеуметтiк көмек
36. Отбасының құрамын және табысын есептемегенде Көмекке төмендегі санаттағы азаматтардың құқықтары бар:
1) қол арбамен жүретін мүгедектер, тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған 1 топтағы мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар, көлік тасымалдауын, мүгедектерге арналған кресло-арбаларды жөндеу сияқты қызметтер көрсету;
2) ЧАЭС апатының салдарынан мүгедек болған адамдар, Кеңес әскерінің мүгедектері, Ауған соғысы әскерінің мүгедектері, Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің ата-анасы, 1 топтағы мүгедектер, Павлодар қаласының құрметті азаматтары, республикалық және облыстық маңыздағы зейнеткерлер, ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқан адамдар, Ауғанстан аумағында соғыс қимылдарына қатысқан адамдар бірге жүретін уақытқа бірге жүретін адамымен 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, жетім балалар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру ретінде қызмет көрсету;
Басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер, 2 топтағы мүгедектер, бейбіт уақытта әскери міндетін атқарып жүріп қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы аналар, қалалық қоғамдық көлікте бір жолғы жүруге 15 теңге төлеу жеңілдік берушінің есебінен қызмет көрсету.
Қалалық қоғамдық көліктердің барлық түрлерінде (жеңіл таксиден басқа) тегін жүру және жеңілдік пайдаланушы азаматтарға негіз болып саналатын жеке меншік куәлігінің тұпнұсқасы;
8. Отбасының жиынтық табысын есептеп шығару
37. Отбасының жиынтық табысына отбасы құрамында жазылған барлық адамдардың табыстары қосылады.
38. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде, өткен тоқсанда берген өтiнiшiне қарай, өтiнiш жасаған тоқсан алдындағы ақшалай және заттай түрде нақты алынған, тұрғын-үй және мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектен басқа табыстардың барлығы ескерiледi.
39. Жиынтық табысты есептеу алған табыстары туралы өтiнiш берушi берген мәлiметтер негiзiнде жүргiзiледi.
40. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк төлемақыға өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысы отбасы мүшелерiнiң санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
9. Есеп беру және есеп - қисап
41. Әлеуметтiк төлемақы беруге арналған қаражат шығынын есептеудi және есеп - қисапты Бөлiм жүзеге асырады. Бөлiм есептi қала қаржы бөлiмiне тапсырады.
42. Әлеуметтiк төлем негiзiн көрсететiн бастапқы құжаттар (белгiленген тiзбеге сәйкес өтiнiш берушiнiң ұсынған өтiнiшi, құжаттары) Бөлiмде белгiленген заңнама мерзiмiнде сақталады.