Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 553/10 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар қаласы әкімиятының 2007 жылғы 8 тамыздағы N 1085/18 қаулысы. Павлодар қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 13 қыркүйекте N 93 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 424/10 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 424/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексіне , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, 2007 жылғы арналған Павлодар қаласының бюджетін нақтылауға байланысты Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 553/10 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      3 - бөлімдегі "Біржолғы әлеуметтік көмек" 18 - тармақ:
      23 - тармақшамен мынадай мазмұнда: "Алматы, Щучинск қалаларына санаторлық-курорттық емделуге Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жолақы құнын төлеу түрінде; Көмек мөлшері құнын төлеу бойынша Алматы қаласына бір демалушыға 11000 теңгеден артық емес, Щучинск қаласына бір демалушыға 5400 теңгеден артық емес. Төлем, берілген жол жүру билетіне сәйкес бірақ купе - вагон билетінің құнына артық емес, жылына бір рет жүргізіледі";
      24 - тармақшамен мынадай мазмұнда: "Павлодар облысы 70-жылдығына орай қала және облыс ардагерлерімен және еңбегі сіңген  адамдармен Астана қаласына саяхат түрінде жол жүру; көмек мөлшері бір саяхатшыға 43717 теңгені құрайды";
      25 - тармақшамен мынадай мазмұнда: "студенттік еңбек отрядтары жасақтарының жолақысына әлеуметтік көмек көрсету; бір жасаққа көмек мөлшері 1200 теңгені құрайды" толықтырылсын;
      6 бөлім "Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету қалалық бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі, үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілген әлеуметтік көмек":
      35.1 тармақпен мынадай мазмұнда: "Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Осы қызмет түрі заңнамада белгіленген тәртіппен, психикалық немесе дене бітімінің кемшіліктері бар, өмірдің тыныс тіршілігінен шектеулі, туғаннан жарымжан, тұқым қуалаушылық, жарақат алудан немесе аурудың салдарынан болған 18 жасқа толмаған балалар үшін тағайындалған" толықтырылсын.
      2. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сұранысы бойынша "Жәрдемақы және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Павлодар қалалық филиалы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген (келісім бойынша) азаматтардың тізімін ұсынсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. А. Берковскийге жүктелсін.     

      Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады