Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 553/10 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы N 1439/24 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 26 қарашада N 98 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 424/10 қаулысымен.

      Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 424/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджеттiк кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 шілдедегі Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы "Жергілікті деңгейде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы"» N 115/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы№N 263/7 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 20 сәуірдегі«"Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"»N 553/10 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      3-тараудағы 18-тармақта«"Біржолғы әлеуметтік көмек":
      17-тармақшадағы«"80 жастан асқан зейнеткерлер" сөздері«"ағымдағы жылда 80 жасқа толған және одан асқан зейнеткерлер" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      26 - тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын: ыстық және суық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр энергиясын төлеу бойынша тұрғын үй - коммуналдық қызмет көрсетулер шығындарының орнын толтыру үшін жеке санаттағы азаматтарға көмек көрсету:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Ауғанстанда соғыс қимылдарына қатысқан әскери қызметкерлерге;
      Чернобыл АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің қайта неке құрмаған жесірлеріне;
      "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және«"Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған бұрынғы гетто, концлагерлер және басқа да мәжбүрсіз ұстау орындарының кәмелет жасында болмаған тұтқындарына.
      Жоғарыдағы көрсетілген тұлғаларға ай сайын көмек мөлшері 1364 теңгені құрайды.
      Жалғызбасты және жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт азаматтарға;
      төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
      Осы санаттағы тұлғаларға тоқсан сайын екі төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек төленеді. Төлемдер Павлодар қаласы жалғызбасты, қартайған және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Аумақтық орталық және зейнетақы төлеу бойынша Павлодар қалалық бөлімнің Мемлекеттік орталық тізіміне сәйкес жүргізіледі.
      27 - тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын: негізгі азық-түлік тағамдары бағаларының өсуіне байланысты әлеуметтік-әлжуаз санаттағы азаматтарға көмек көрсету:
      жасына және қызмет өткерген жылдарға байланысты зейнеткерлерге;
      көмек алатын отбасы мүшелерін есепке ала отырып мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға;
      18 жасқа толмаған балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушы өтініш берушілерге;
      18 жасқа дейінгі төрт және одан көп балалары бар көп балалы аналарға (мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға);
      "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған, бұрын«"Батыр ана" атағын алған, 1 және 2 дәрежедегі«"Ана даңқы" орденімен марапатталған көп балалы аналарға;
      барлық топтағы жарымжан мүгедектерге;
      16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі балалардан басқа);
      2007 жылы амбулаторлық емделуден өткен туберкулезбен ауыратын азаматтарға;
      Ауғанстандағы соғыс әрекеттерін жүргізу кезеңінде қатысқан әскери қызметкерлерге;
      Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан тұлғаларға;
      Павлодар қаласында тіркеуде тұрған, 2007 жылы бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған тұлғаларға;
      балалардың сал ауруымен ауратын және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалары бар жалғыз басты аналарға;
      Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға: соның ішінде қоғамдық жұмысқа қатысушыларға, курстарда оқып жүргендерге, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жіберілгендерге;
      Түрлі себептермен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алмайтын,   орта   есеппен жан басына шаққандағы табысы 2007 жылы 4 тоқсандағы азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын өтініш берушілерге;
      асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушыларға;
      бейбіт уақытта қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына;
      саяси репрессия құрбандарына.
      Көмек мөлшері 2007 жылға белгіленген бір айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      Төлемдер зейнетақы төлеу жөніндегі Павлодар қалалық бөлімінің Мемлекеттік орталықтың электрондық базасына сәйкес, осы тармақшаның басқа санаттары бойынша енген тұлғалардан басқа әрбір санаттағы азаматтар бойынша бір рет қана жүргізіледі.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. А. Берковскийге жүктелсін.

      Павлодар қаласының әкiмi                         Б. Демеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады