Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 06.11.2013 N 2095 қаулысымен
Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 10 бұйрығымен бекітілген "Жылу энергиясын пайдалану ережесі" 67-тармағына сәйкес және жылу қуатының нормаларын анықтау үшін ұсынылған есептер негізінде, қала әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы бойынша 1 және одан да көп қабатымен көп қабатты тұрғын үйдің 1 ш.м. алаңына жылу қуатын тұтыну және 1 адамға құбыр суын жылытуға норманы айына 0,03 Гкал/м2 және тиісінше 0,16 Гкал/адам мөлшерінде бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қалалық әкімдігінің 2009.12.11 N 1522 Қаулысымен
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі