Петропавл қаласы бойынша құбыр суын жылыту және жылу қуатын тұтыну нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы N 656 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 10 шілдедегі N 13-1-72 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 6 қарашадағы N 2095 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 06.11.2013 N 2095 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 10 бұйрығымен бекітілген "Жылу  энергиясын пайдалану ережесі" 67-тармағына сәйкес және жылу қуатының нормаларын анықтау үшін ұсынылған есептер негізінде, қала әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласы бойынша 1 және одан да көп қабатымен көп қабатты тұрғын үйдің 1 ш.м. алаңына жылу қуатын тұтыну және 1 адамға құбыр суын жылытуға норманы айына 0,03 Гкал/м2 және тиісінше 0,16 Гкал/адам мөлшерінде бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қалалық әкімдігінің 2009.12.11 N 1522 Қаулысымен
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қала әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады