"Петропавл қаласы бойынша құбыр суын жылыту және жылу қуатын тұтыну нормаларын бекіту туралы" қала әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы N 656 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 1522 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 қаңтарда N 13-1-166 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 6 қарашадағы N 2095 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 06.11.2013 N 2095 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» 67-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 656 «Петропавл қаласы бойынша құбыр суын жылыту және жылу қуатын тұтыну нормаларын бекіту туралы» (2007 жылғы 10 шілдедегі № 13-1-72 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Проспект СК» газетінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 30 және «Қызылжар нұры» газетінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 31 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 тармағындағы «қабаттық» сөзінен кейінгі «3» саны «1» санына өзгертілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Әшімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады