Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елдi мекен шегiнен тыс жерлерге емделу үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн жол жүруі туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 30/350-III шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылы 12 наурызда N 1952 тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/27-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.04.2023 № 2/27-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/409-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен емделу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына Қазақстан Республикасы бойынша елді мекен шегінен тыс жерлерге тегін жол жүру берілсін.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде азаматтардың республикалық деңгейде қымбат бағалы медициналық қызметтер және жоғары технологиялы медициналық қызметтер алуы жағдайында жүргізілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 23.10.2017 № 15/193-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуға тиісті келесі құжаттар негізінде жол жүру ақысын төлеу емделу орнынан келген күннен екі ай мерзімінен кешіктірілмей жүзеге асырылсын:

      1) СТТН, пошталық мекен-жайы немесе ақша қаражаты аударылатын банкінің реквизиттері көрсетілген өтініші;

      2) жеке куәліктің және/немесе туу туралы куәлiгiнің көшірмесі;

      3) белгіленген үлгідегі емделуге жолдаманың көшірмесі;

      4) медицина ұйымының дәрігерлік-бақылау комиссиясының науқасты алып жүру қажеттілігі туралы қорытындысы;

      5) емді қабылдағаны туралы науқас тарихынан көшірме;

      6) бару фактісін растайтын, науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның атына рәсімделген жол билеттері, ал олар жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері қайта жол жүргенін растайтын анықтама.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/409-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      4. Науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын екі жаққа жүруіне әуе, темір жол көлігінде жүрдек поездың купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, ал қалааралық автомобиль көлігінде - нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізілсін.

      Ескерту: 4 тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 31 мамырдағы N 33-368-III шешімімен.

      5. Емделуге жол жүру ақысын төлеу алушының таңдауы бойынша ақшаны поштамен аудару арқылы немесе салымдар бойынша науқастардың және оларды ертіп баратын тұлғалардың банктегі жеке немесе карточкалық шоттарына кіргізу арқылы Оңтүстік қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/409-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      6. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихат сессиясының хатшысы

О предоставлении жителям Южно-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Решение Маслихата Южно-Казахстанской области от 28 февраля 2007 года N 30/350-III. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 12 марта 2007 года за N 1952. Утратило силу решением Туркестанского областного маслихата от 28 апреля 2023 года № 2/27-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Туркестанского областного маслихата от 28.04.2023 № 2/27-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", Южно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения областного маслихата Южно-Казахстанской области от 29.06.2011 № 41/409-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      1. Предоставить жителям Южно-Казахстанской области бесплатный проезд за пределы населенного пункта по Республике Казахстан на лечение за счет бюджетных средств, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      2. На основании решения комиссии управления здравоохранения Южно-Казахстанской области по высокоспециализированной медицинской помощи произвести в условиях получения дорогостоящих медицинских услуг на республиканском уровне и высокотехнологичных медицинских услуг.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Южно-Казахстанского областного маслихата от 23.10.2017 № 15/193-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Оплату стоимости проезда осуществлять на основании следующих документов, которые должны быть представлены в управление здравоохранения Южно-Казахстанской области не позднее двухмесячного срока со дня приезда с места лечения:

      1) заявления, с указанием РНН, почтового адреса или реквизитов банка для перечисления денежных средств;

      2) копии удостоверения личности и (или) свидетельства о рождении;

      3) копии направления на лечение установленного образца;

      4) заключения врачебно-контрольной комиссии медицинской организации о необходимости сопровождения больного;

      5) копии выписки из истории болезни о получении лечения;

      6) проездных билетов, подтверждающих факт поездки, оформленных на имя больного и сопровождающего его лица, а в случае их утери, справки, подтверждающей стоимость проезда до места лечения и обратно.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными решением областного маслихата Южно-Казахстанской области от 29.06.2011 № 41/409-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      4. Оплату стоимости проезда больного и лица его сопровождающего производить в оба конца за проезд на воздушном и железнодорожном транспорте в размере не более стоимости билета купейного вагона скорого поезда, а на междугородном автомобильном транспорте - в размере фактической стоимости.

      Сноска. Пункт 4 в новой редакции - решением областного маслихата от 31 мая 2007 г. N 33/368-III.

      5. Оплата стоимости проезда на лечение осуществляется управлением здравоохранения Южно-Казахстанской области путем пересылки денежных средств почтовым переводом или зачисления их на банковские лицевые счета по вкладам или карт-счета больных и лиц, сопровождающих их, по выбору получателей.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными решением областного маслихата Южно-Казахстанской области от 29.06.2011 № 41/409-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      6. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      областного маслихата
      Секретарь областного маслихата