Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.04.2023 № 2/27-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 30/350-III шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1952-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 15 наурызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын екі жаққа жүруіне әуе, темір жол көлігінде жүрдек поездың купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, ал қалааралық автомобиль көлігінде - нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізілсін.".
2. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |