"Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 41/409-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 шілдеде N 2051 тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/27-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.04.2023 № 2/27-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-III (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1952-нөмірімен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 41-нөмірінде 2007 жылғы 15 наурызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:";

      2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы бойынша елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін жіберілетін науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын облыстық бюджет қаражаты есебінен төлеу, Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде азаматтардың республикалық медициналық ұйымдарда стационарлық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек және консультативтік-диагностикалық көмек нысанындағы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуы жағдайында жүргізілсін.";

      3 тармақтағы "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5 тармақтағы "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Ержан
      Облыстық мәслихат хатшысы Ә.Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады