Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі N 24/388-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 30 шілдеде N 2452 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 03 шілдедегі № 4/63-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.03 № 4/63-V шешімімен.

     "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтардың мынадай санаттарына коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек тағайындалсын:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне;
      Соғыстың қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
      соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - ШҚО мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 3/41-IV шешімімен.
      2. Ұсынылып отырған Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну Нұсқауы бекітілсін.
      3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 01 шілдеден бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - ШҚО мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 3/41-IV шешімімен.

      Сессия төрағасы

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы

Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2007 жылғы
17 шілдедегі N 24/388-ІІІ
шешімімен бекітілді

Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық
көмек ұсыну нұсқауы

      Осы азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және азаматтардың кейбір санаттарына коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек ұсынудың шартын нақтылайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ШҚО мәслихатының 2010.04.09 N 20/262-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек алу құқығымен:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;
      2) Соғыстың қатысушыларына теңестірілген адамдар:
      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар;
      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің, қайталап некеге отырмаған жесірлері;
      3) Бұрынғы КСР Одағын қорғауда, басқа мерзімдерде әскери қызметтің өзге міндеттерін атқарғанда немесе майданда болуына байланысты ауру салдарынан, сондай-ақ Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген өзге мемлекеттердегі әскери қызметін өтегенде жаралану, контузия алу немесе зақымдану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер иеленеді.
      4) әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      5) 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар;
      6) басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер;
      7) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.         8) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары.
      Ескерту. 1 тармақ 14.12.2007 ШҚО мәслихатының N 3/41-IV шешімдеріне сәйкес тармақшалармен толықтырылды; 19.12.2008 N 10/135-IV 8 тармақшамен толықтырылды.
      2. Коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек төлеу бойынша аудандық, қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып облыстың аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері табылады. Материалдық көмекті төлеуге қаражаттарды қаржыландыру және жұмсау 007 "жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
      3. Нысаналы ағымдағы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті табылады.

2. Материалдық көмекті тағайындау жағдайлары

      Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ШҚО мәслихатының 2010.04.09 N 20/262-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      4. Осы нұсқаулықтың 1 тармақтың 1)-3), 8) тармақшаларында аталған азаматтарға материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде ұсынылады.
      Осы нұсқаулықтың 1 тармақтың 4)-7) тармақшасында аталған азаматтарға материалдық көмек 2000 теңге мөлшерінде ұсынылады.
      Ескерту. 4 тармақ редакцияда - ШҚО мәслихатының 14.12.2007 N 3/41-IV шешімінің; 19.12.2008 N 10/135-IV мәслихатының шешімімен  енгізілген өзгертумен.
      5. Материалдық көмек алу үшін азаматтар, оны жеке шотқа аудару туралы өтінішті қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беріледі. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: жеке куәлік, Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің куәлігі және Ұлы Отан соғысы қатысушысына теңестірілген санатты растайтын өзге құжаттар, осы жерде тұру фактісін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабі немесе тұратын жерінен анықтама), "Қазпошта" АҚ филиалдарындағы немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің келісімі бойынша екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттың нөмірі.
      6. Азаматтарға материалдық көмек беру өтініш беру түрінде және өтініш пен тиісті құжаттарды тапсырған айдан бастап беріледі.
      7. Ай сайын мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы және аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері осы Нұсқаудың 1 тармағында көрсетілген алушылардың санаттарына салыстыру жасайды.

3. Коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге
материалдық көмек төлеу бойынша нысаналы ағымдағы
трансферттерді пайдалану тәртібі

      Ескерту. 3-бөлім алынып тасталды - ШҚО мәслихатының 2010.04.09 N 20/262-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      9. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері екінші деңгейдегі банктер және "Қазпошта" АҚ филиалдары арқылы жасасқан келісім-шарттардың негізінде Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға төлем жүргізеді.

Азаматтардың кейбір санаттарына
материалдық көмек ұсыну туралы
нұсқауына 1 қосымша   

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен
коммуналдық қызметтерді өтеуге облыстық бюджеттен
бөлінген нысаналы трансферттерді игеру

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ШҚО мәслихатының 2010.04.09 N 20/262-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

Азаматтардың кейбір санаттарына
материалдық көмек ұсыну туралы
нұсқауына 2 қосымша  

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен
коммуналдық қызметтерді өтеуге облыстық
бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеру

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ШҚО мәслихатының 2010.04.09 N 20/262-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

О предоставлении материальной помощи некоторым категориям граждан

Решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 17 июля 2007 года N 24/388-III. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 30 июля 2007 года за N 2452. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 03 июля 2012 года № 4/63-V

       Сноска. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 03.07.2012 № 4/63-V.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и статьей 20 Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Восточно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить материальную помощь на компенсацию расходов на коммунальные услуги следующим категориям граждан:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      лицам, приравненным к участникам войны;
      лица, приравненные к инвалидам войны.
      Cноска. Пункт 1 с изменениями, внесеными решением ВКО маслихата от 14.12.2007 N 3/41-IV.
      2. Утвердить прилагаемую Инструкцию предоставления материальной помощи некоторым категориям граждан.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 01 июля 2007 года.
      Cноска. Пункт 3 в редакции решения ВКО маслихата от 14.12.2007 N 3/41-IV.

      Председатель сессии

      Секретарь Восточно-Казахстанского
      областного маслихата

Утверждена       
решением Восточно-Казахстанского
областного маслихата  
от 17 июля 2007 года N 24/388-III

ИНСТРУКЦИЯ
предоставления материальной помощи некоторым категориям граждан

      Настоящая Инструкция предоставления материальной помощи некоторым категориям граждан (далее – Инструкция) разработана в целях реализации статьи 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним» и детализирует условия предоставления материальной помощи для компенсации расходов на коммунальные услуги некоторым категориям граждан.
      Сноска. Преамбула в редакции решения Восточно-Казахстанского  областного маслихата от 09.04.2010 N 20/262-IV (порядок введения в действие см. п. 2).

1. Общие положения

      1. Правом на материальную помощь для компенсации расходов за коммунальные услуги располагают:
      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны (далее - УВОВ и ИВОВ);
      2) лица, приравненные к участникам войны:
      военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившие в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии;
      лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского флота, войск и   органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии;
      лица, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг;
      лица, принимавшие участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований;
       работники спецформирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, Морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, переведенные в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявшие задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств;
      граждане, работавшие в период блокады в г. Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда";
      бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны;
      участники боевых действий на территории других государств, а именно:
      военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского флота, Комитета государственной безопасности, лица рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств;
      военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочие и служащие, обслуживавшие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий;
      лица, принимавшие  участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях;
      вдовы воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в годы Великой Отечественной войны,не вступивших в повторный брак;
      3) военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, при исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия.
      4) лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, где велись боевые действия;
      5) лица из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах;
      6) рабочие и служащие соответствующих категорий, обслуживающие действующие воинские контингенты в других странах и ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий;
      7) лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружияб, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей.
      8) семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия.
      Cноска. Пункт 1 дополнен подпунктами в соответствии с решениями ВКО маслихата от 14.12.2007 N 3/41-IV; дополнен подпунктом 8 от 19.12.2008 N 10/135-IV.
      2. Администраторами районных, городских бюджетных программ по выплате материальной помощи для компенсации расходов за коммунальные услуги являются районные и городские отделы занятости и социальных программ области. Финансирование и расходование средств на выплату материальной помощи производится по программе 007 "Социальная помощь отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов" за счет средств целевых текущих трансфертов из областного бюджета.
      3. Уполномоченным органом по распределению целевых текущих трансфертов является Департамент координации занятости и социальных программ Восточно-Казахстанской области.

2. Условия назначения материальной помощи

      Сноска. Наименование с изменением, внесенным решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 09.04.2010 N 20/262-IV (порядок введения в действие см. п. 2).

      4. Материальная помощь гражданам, указанным в подпунктах 1)-3), 8) пункта 1 настоящей Инструкции, предоставляется в размере 5000 тенге.
      Материальная помощь гражданам, указанным в подпунктах 4)-7) пункта 1 настоящей Инструкции, предоставляется в размере 2000 тенге.
      Cноска. Пункт 4 в редакции решения ВКО маслихата от 14.12.2007 N 3/41-IV; с изменением, внесенным решением ВКО маслихата от 19.12.2008 N 10/135-IV.
       5. Для получения материальной помощи граждане обращаются с заявлением в городской, районный отдел занятости и социальных программ о ее перечислении на свой лицевой счет. К заявлению прилагаются копии следующих документов: удостоверения личности, удостоверения участника, инвалида Великой Отечественной войны и других документов, подтверждающих категорию приравненного к участникам Великой Отечественной войны, документа, подтверждающего факт проживания в данной местности (книга регистрации граждан или справка с места жительства), номер лицевого счета, открытого в филиалах АО "Казпочта" или банках второго уровня по согласованию с отделами занятости и социальных программ.
      6. Материальная помощь гражданам носит заявительный характер и предоставляется с месяца подачи заявления и соответствующих документов.
      7. Ежемесячно отделения Восточно-Казахстанского филиала Государственного Центра по выплате пенсий и районные (городские) отделы занятости и социальных программ проводят сверку базы категории получателей, указанных в пункте 1 настоящей Инструкции.

3. Порядок использования целевых текущих
трансфертов по выплате материальной помощи
для компенсации расходов за коммунальные услуги

      Сноска. Раздел 3 исключен решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 09.04.2010 N 20/262-IV (порядок введения в действие см. п. 2).

      9. Районные, городские отделы занятости и социальных программ производят выплату материальной помощи для компенсации расходов за коммунальные услуги УВОВ и ИВОВ и лицам, приравненным к УВОВ через филиалы АО "Казпочта" и банки второго уровня на основании заключенных договоров. 

Приложение 1          
к Инструкции предоставления компенсационных
выплат на коммунальные услуги участникам
и инвалидам Великой Отечественной Войны
и лицам приравненным к участникам войны

Освоение местными исполнительными органами
Восточно-Казахстанской области целевых трансфертов,
выделенных из областного бюджета
на возмещение коммунальных услуг

      Сноска. Приложение 1 исключено решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 09.04.2010 N 20/262-IV (порядок введения в действие см. п. 2).

Приложение 2          
к Инструкции предоставления компенсационных
выплат на коммунальные услуги участникам
и инвалидам Великой Отечественной Войны
и лицам приравненным к участникам войны

Освоение местными исполнительными органами
Восточно-Казахстанской области
целевых трансфертов, выделенных из областного бюджета
на возмещение коммунальных услуг

      Сноска. Приложение 2 исключено решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 09.04.2010 N 20/262-IV (порядок введения в действие см. п. 2).